Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Армандарымыз орындалған сәтте

1813
Армандарымыз орындалған сәтте - e-history.kz
Қазақстандықтар 2050 жылы үш тілде сөйлейтін, білімді, азат адамдар қоғамы болады деген Президентіміздің сенімін біз толыққанды бөлісеміз.

Президент Жолдауынан алған толғану 

Болашақ жастардың қолында. Өз келешегін ойлайтын әрбір ел, ең бірінші білімді дамытады. Себебі біздің зымырап бара жатқан дәуіріміз – ғылыми-технологиялық жетістіктер кезі. Сол себептен біздің жастарымыз оқып, жаңа білім меңгеріп, күнделікті өмірдегі жаңа білім мен технологияларды тиімді де іскерлікпен пайдалану тиіс. Мемлекет басшысы сол үшін барлық жағдай жасауға, қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуге шақырады.   

Білім беру саласында жұмыс басымдылықтарын қойған кезде, Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстанға бүкіл әлемдегідей мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу қажеттілігін баса айтқан. Ал Назарбаев Университетінде өткен интерактивті лекция барысында Үкіметке мектепке дейінгі деңгейде үш тілді меңгеруді енгізу тапсырды: «Бірінші – озық халықаралық тәжірибе негізінде мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінде оқытудың заманауи тәсілдерін енгізу, ол инновациялық, технология білімімен  және креативті болуы тиіс. Екінші – балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту бойынша жүйелік ұсынысты жете әзірлеу. Үшінші - мектепке дейінгі білім деңгейінде үш тілді меңгерудің жаппай енгізілуін қамтамасыз ету. Осылайша біз тілдермен меңгерудің сындарлы жүйесін құра аламыз. Ежелерді бала бақша деңгейінде меңгеретін болады, мектепте – базалық деңгей, университет немесе колледжде – мамандықтар бойынша кәсіби тілді оқиды». 

Н.Назарбаевтың үш тілдік жайындағы идеясы біздің еліміздің дүниежүзілік қауымдастыққа интеграциялаумен және кеңес дәуірінен қалған тілдік кедергіні өту тілегімен айтылған. Президент Қазақстан халқына Жолдауында дамыған, бәсекелесуге қабілетті мемлекет болу үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек деп бекер айтпаған. Заманауи әлемде қарапайым ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз екені хақ. Біздің азаматтар ең үздік жабдықта және қазіргі заманға сай өндірісте жұмыс істеу үшін ұдайы дағдыларды меңгеруге дайын болу керек. Сонымен қатар біздің балаларымыздың, жалпы барша өсіп келе жатқан ұрпақтың функционалды сауаттылығына аса көңіл аудару керек. Бұл біздің балаларымыз қазіргі өмірге дағдылануы үшін өте маңызды. 

Ұлы Абай қазақ мәдениеті мен әдебиетін орыс және еуропалық деңгейге көтеруді армандаған. Осы жетістік ұлт дамуында үлкен рөл атқарып, прогресс шеңберін жылжытуға мүмкіндік берді. Алайда, Елбасы заманауи әлемнің шынайылығын есепке алып, біздің алдымызда үш тілді меңгеру сияқты жаңа, күрделенген міндетті қойды. Өз оңтайлы рөлін атқарған орыс тіліне ағылшын тілі қосылады, осы тіл қазіргі заманғы білім шеңберін жылжытуға, жаңа технологияларды сәтті меңгеруге, бизнес шекарасын ажыратуға қолғабыс етеді.

Бұл ешбір жағдайда дәстүрлі орыс тілін қолдануды шектемейді, осы жайлы Елбасы 2012 жылғы 2 желтоқсанда өткен Қарағанды облысының жұртшылығымен кездескенде айтқан:

«Бірте-бірте қазақ мемлекеттік тіл еліміздің бас тілі болады. Осы тіл барлығымызды біріктіріп, әр алуан етеді. Ал орыс тілін баршамыз білуіміз керек. Балалар осыны есте сақтау керек, себебі қазақтар орыс тілі арқылы әлемдік мәдениетке шыққан. Сонымен қоса, біздің өміріміз көп ғасырлы, ортақ».  

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті орыс тілінің бірнеше құндылығын белгіледі: «Орыс тілі болмаса, БҰҮ трибунасынан қай тілде сөйлеуші едім? Қолда бар байлықтан айрылуға болмайды. Адам көп тілді меңгерген сайын, оның мәдениеті де көтеріледі. Сонымен қоса, орыс тілі – бұл ұлы тіл, ұлы жазушылардың тілі».

Ал үш тілдің пайдасына келетін болсақ, Н.Назарбаев: «Бұл бос әңгіме емес. Біз, біздің балаларымыз ағылшын тілін білу керек. Қазір кез келген мектепке келсем де, балалардың барлығы үш тілде сөйлейді. Бұл өте дұрыс».

Ағылшын тілі әсіресе, техникалық жоғары оқу орындарда қажет. Көптеген онжылдықтар бойына осы салада тек орыс тілімен ғана шектелсек, айтарлықтай тиімді деп атап өту қажет, бүгінгі таңда жаңа заманауи технологиялар, үздік ғылыми әдебиет ағылшын тілінде. Сол себептен осы тілді меңгермеу жетекші білімдерді меңгеруде тежеу ретінде болады, ал біздің мамандар еңбек нарығында қажетсіз болып қалуы ықтимал.  

Сөйтіп, үш тілді меңгеру қазақстандық мамандырдың біліктілік деңгейлерін көтеру үшін талап етіледі. Себебі орыс және ағылшын тілдерінде техникалық терминологияны білмесең, қазіргі өндірісте жұмыс істеу мүмкін емес.  

Сонымен қатар үш тілді меңгеруді оқып жатқан пәндерге қарап енгізу керек. Мысалға, тарих пен әдебиет және өзге де гуманитарлық ғалымдары барша оқу топтарында қазақ тілінде оқытқан дұрыс.

Осы мәселеде белгілі жылжу да бар. Іс орнынан қозғалды деп айтуға болады. Білім берудің инновациялық көптілдік моделін құру мақсатында үш тілде білім беретін мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. Орта білім беру жүйесінде шетел тілін 2013-2014 жылдары бірінші сыныптан бастап оқу қарастырылған.   

Сонымен қоса, оқу үш тілде ұсынылатын, әлемдік кластағы колледждерді құру жоспарлануда. Сол кезде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде қазақ, орыс және шетел тілдерінде оқу бірте-бірте енгізілетін болады. 

Мемлекет басшысы өзі өсіп келе жатқан ұрпаққа жақсы білім алу үшін үлкен мүмкіндіктерді ұсынуда: «Балапан» бағдарламасы іске асырылып жатыр, Зияткерлік мектептер, Назарбаев Университеті қызмет етуде, «Болашақ» бағдарламасы бар. Жалпы қазіргі уақытта орта білім беру жүйесінде алты «Назарбаев зияткерлік мектебі» жұмыс істейді, онда 4 мың оқушы білім алуда.

Сонымен қатар, үш тілде оқытатын «Мұрагер» атты 33 мамандандырылған  мектептер бар, олардың саны бес мың оқушы. 2004 жылдан 32 мектепте басталған ағылшын тілін аптасына екі сағат екінші сыныптан бастап оқыту эксперименті 2011 жылы екінші сыныптан 115 мектепке артты. Бұл дарынды балаларға арналған мектептер мен мектеп-интернаттар. Онда 51 мыңнан астам  адам оқиды, оның 114 қала мектептері және 11 ауыл мектептері. 15 мыңнан астам оқушы қазақ-түрік лицейінде білім алады, онда оқу төрт тілде жүргізіледі.

Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруды ұсынған Президент, Жолдауында 2025 жылдан бастап әліпбиімізді кириллицадан латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керекпіз деп айтқан, бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.

9 қаңтарда Мемлекет Басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әдебиет және өнер қайраткерлеріне жыл сайынғы Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды табыс еткен кезде, отандастық мәдениеттің дамуына қазақ тілін латын қарпіне көшіру үлкен ықпал ететіні туралы айтты.   

Мемлекет Басшысы отандастық мәдениеттің дамуына қазақ тілін латын қарпіне көшіру үлкен ықпал ететіні туралы айтты. Сонымен қатар, осы үрдіске мұқият дайындалып, ойланып орындау қажеттілігі туралы ескертті. ХХ ғасырда кириллица кестесінің негізінде қазақ тіліндегі әдеби және ғылыми мұраның қомақты қабаты қалыптасқанын есте сақтау маңызды. Осы халық жетістігі қазақстандықтардың келесі ұрпақтарына шығындалмауы туралы білу маңызды.

Қазақстан Президенті осы өзгеріс біздің шетелдегі әріптестеріміз арасында резонанс туғызғанын айтты. «Кейбіреулер негізсіз осы істе Қазақстанның геосаяси өзгеше ілтипатының өзгеру «куәсін» көрді. Олай емес. Бұл тұралы бір мәнде ғана айтамын. Латын қарпіне көшу – қазақ тілінің дамуы мен жаңғыруындағы ішкі қажеттілік. Тастай қараңғыда мысықты іздеп әуре болмаңыз. 20-40-жылдары қазақ тілі латын әліпбиін пайдаланғанын еске салайын».  

Қазақ тілін латын қарпіне көшірудің айқын басымдылығы ретінде оны пайдалану шекарасын кеңейтуге мүмкіндік беретінін және бүкіл түркі тілдес елдермен қарым-қатынасты қолдауға, ғылыми және мәдени жетістіктермен, әдебиетпен алмасуға көмектесетінін көреміз. Материалдарды латын әліпбиіне  көшіру ақпараттық аудиторияны кеңейтуге мүмкіндік береді, жаңа жобаларға Қытай, Түркия, Өзбекстан, Түркмен және бірқатар еуропалық елдердегі қазақ диаспорасының жастарын тартуға мүмкіндік береді.

Әрине, бұл көп жылға созылатын жұмыс және қазақ тілінің реформасын жүргізу үшін жаңартылған қазақ әліпбиін қазіргі негізде құрастыру үшін ғалым лингвисттердің, сарапшылардың көп бөлігін тарту қажет болады. Осымен қатар латын қарпіне көшу үшін қажетті оқу және әдістемелік құралдарды дайындаумен айналысу қажет. Сол себептен біз бүгін бірінші кезекте жүзеге асыратын баспалар туралы ойластырып жатырмыз. Әрине, олар халықтың эпикалық мұрасының үлгілері, классиктердің ең жақсы шығармалары, балалар мен жеткіншектерге арналған хрестоматиялық әңгімелер.  

Өздерін орыс тілінде жазатын жазушылар ретінде көрсете алған, Мұрат Әуезов және Олжас Сүлейменов сияқты қазақ әдебиетінің кемеңгерлері қазақ тілінің даму жағында болды. Солай, Олжас «Айқын» газетіне берген өзінің соңғы сұхбатында қазақ халқының болашағы – қазақ тілінде деп баса айтқан. Ал республикамыздағы қазақ халқыны саны алғаш рет 65 пайызға жеткенін ол тәуелсіздік жеңісімен ұштастырып, алдағы онжылдықта Қазақстанда мекен еткен барша халық қазақ халқы және қазақ тілі аясында бірігеді деп ойлайды. 

Мұрат Әуезов болса, қазақ тілін латын қарпіне көшірудің бірқатар оң жақтарын көре алды. Оның ойлауынша: «біз барлығымыз ағылшын, неміс тіліне үйренеміз, мұнда еш қиындық та жоқ, латын қарпін меңгеру – бұл бір аптада тындырылатын іс... Және де – бұл компьютер, бұл интернет...».  

Қазақстан егемендік алған бірінші күннен бастап біздің Президент қазақтардың ұлттық мұрасын сақтау және тіл, мәдениет және салт-дәстүрді әрі қарай дамыту жайында үнемі қамын ойлайтыны бізге мәлім. Жоғарыда айтылып кеткендей, Қарағанды облысының жұртшылығымен кездескен кезде, бірте-бірте қазақ мемлекеттік тілі еліміздің негізгі тіліне айналатынын белгіледі. Және де осы тіл барлығымызды біріктіріп, тең етеді.

Сол себептен үштілдікті енгізу үдерісі мемлекеттік қазақ тілін қолдануды жұтандатып, шектеу жасамау керек. Керісінше, Президенттің қолдауымен «Мәдени мұра» атты мемлекеттік бағдарлама сәтті іске асырылуда, ол қазақ халқы көркем мәдениетінің ең үздік үлгілерін сақтау, зерделеу және дәріптеу жөніндегі бірқатар маңызды және де кең ауқымды іс-шараларды қамтиды. Бірегей жоба тұжырымдамасының терең ойы, әдебиетті ұлттың рухани сәйкестілігін бекіту үшін маңызды формалардың бірі болып табылатын әдебиеттің рөлін бекітетін тезисте негізделген.  

Тәуелсіздік кезеңі жаңа көкжиектерді ашып, әдеби үрдістің дамуы және қазіргі ұлттық сана-сезімнің қалыптасуында оның рөлі артуы үшін ең қолайлы жағдай жасады. Тарихи өлшем бойынша осы мерзім үлкен емес, алайда біздің Тәуелсіз Қазақстан тарихында алатын орны ерекше. Осы тарихи кезеңде қазақ әдебиеті мен әдебиеттануына тоталитаризм лаңкестігі жылдарында репрессияға ұшыраған көрнекті ақындар мен жазушылардың, Алаш қайраткерлерінің  шығармашылық мұрасы қайтарылды.

Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары ретінде Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Мыржақып Дулатұлы, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жанша Досмұхамедовтер және тағыда басқа көпшілігі білімді адамдар болған деп баса айтты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев, - олар Петербург, Мәскеу, Варшава, Қазан, Омбы және Орынбордың жоғары оқу орындары мен училищелердің түлектері». 

Осы жерде үштілділік туралы бір ойды ортаға салғым келеді. «Болашақ» бағдарламасы бойынша жаңа және ескі әлемнің беделді жоғары оқу орындарында білім алатын азаматтардың арасынан ұлттың келешек элитасы санын көбейте алады.

Жаңа толқындағы қазақ жазушыларының шығармашылығында тілдік шектеулер де жылжуы ықтимал, алайда олардағы өз халқына деген берілгендік пен адалдық, келешек эстафетасын лайықты ұрпақ қабылдағаны туралы армандаған Елбасы білдіретін, қазіргі жаһандық әлемде дұрыс бағыттар өзгерусіз қалуы тиіс.

Мемлекет Басшысы атап өткендей: «Жауапты тілдік саясат қазақ ұлттылығының басты шоғырландырылатын факторы болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани арқауымыз.

Біздің міндетіміз – оны барша салаларда белсенді қолданып, дамыту. Біздің ұрпағымызға қазіргі тілді мұра етіп қалдыру керекпіз, біздің ата-бабаларымыздың тәжірибесіне біздің де айтарлықтай білінетін мұрамыз үйлесімді қосылғаны дұрыс. Бұл өзін құрметтейтін әрбір адам дербес шешетін міндет. Ал мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің ұстанымын бекіту үшін көптеген іс атқаруда. Қазақ тілін дәріптеу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды жалғастыру қажет».

Осы сан қырлы міндетті іске асырудағы негізгі рөл ұлттық зиялыларға тиесілі. Рухани бағыттағы мәселелердің экономикалық, материалдық сипаттағы мәселелерден маңызы кем болмайтын біздің мемлекеттігіміздің даму кезеңіне келдік, деп Президент бекер айтпаған. Ал рухани дамудағы негізгі рөлді әрқашанда зиялы қауым атқарады.  

Ұлттық рух пен тарихи сана-сезімді қалпына келтіру және көтерудің негізі бар. Алтын мұраға ұлттық салт-дәстүрмен енген, біздің халық дала өсиетінің қасиетті қағидаларына, көптеген аңыздарға және де халықты шексіз беріліп сүю мысалдарына бай халық. Себебі көне заманнан бастап қазақтар үшін қаһарман батырлар, дана аңыз-ертегішілер мен билер, бәрінен де қымбат Отанға деген сүйіспеншілікпен ерекшеленген, дала жыршыларының ұрпағымен жырлап келген, қайсар хандар қазақтар үшін мұрат ретінде болған.

Сол себептен Ә.Нұрпейісова,  Ә.Кекілбаев, Ш.Мұртаза, М.Мағауин, Т.Әбдіков, О.Бөкей, Д.Досжан және өзге де авторлардың тарихи кітаптары оқырман көңілінен шыға алды. Бұған қоса, прозашылар оқырман алдына тарихтың жаңаша оқылуын, өзінің қазіргі заман жаңа ашылуларын және де уақыт туралы ой-толғауларын ортаға салады. Осылайша біздің жастарымыз бағыттала алатын біздің уақытымыздың жаңа Батырларын қалыптастыру туралы Президенттің тапсырмасы орындалып жатыр.

Және де Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі біздің жастарымызға үндеу жасаған кезде, ақ тілек береді: «Сіздер – болашаққа деген үміттеріміздің кәмілісіздер. Бүгінгі біз жасап жатқан іс – сендер үшін. Қазіргі кезде сендер біздің тәуелсіз Қазақстанымыздың құрдастарысыздар. Ал 2050 жылда сендер осы бағдарламаны іске асыруда атсалысқан есейген азаматсыздар. Еліміздің болашаққа деген жолын сіздер белгілейсіздер. Сіздер тәуелсіздік жағдайында тәрбиелендіңіздер, бізде ондай болмаған. Сіздің жаңа, тәуелсіз шешімдеріңіз – бүгінгі таңда біз үшін алыс және де қол жеткізбес болып көрінетін, бұл елдің жаңа мақсаттарға жетелейтін факторы».

Алайда болашақ Қазақстанның перспективалары бүгінгі күнде мәлім. Қазақстандықтар 2050 жылы үш тілде сөйлейтін, білімді, азат адамдар қоғамы болады деген Президентіміздің сенімін біз толыққанды бөлісеміз. Және де бұлар қуатты экономика, жоғары рухани мәдениеті бар әлем азаматтары және өз елінің патриоттары болады. Сол кезде армандарымыз орындалатын болады.

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ,

М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?