Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

ҚР Президент Жолдауы. В. Шепель — сараптамалық пікір

1838
ҚР Президент Жолдауы. В. Шепель — сараптамалық пікір - e-history.kz
«Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Елбасы Н.Ә. Назарбаев ел халқына кезекті «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты жолдауын жаңа экономикалық саясатты жүзеге асыруға шақырды.

e-history.kz веб-порталының редакциясы Президенттің Қазақстан халқына жасаған жаңа Жолдауы жайлы еліміздің зиялы қауым өкілдерінің пікірін білген болатын. ҚР Президенті мұрағаты директорының кеңесшісі В. Шепель Жолдау жайлы өз пікірін айтта кетті.

21975db8ac84e91487a59352662c7dc6.png

В.Н. Шепель — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері

Президенттің бұл жолғы Жолдауы — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиға.

Осы жолы да Президентіміз бізді өзінің алғырлығымен, батылдылығымен мен парасатты, ақылымен таңқалдырды. 90-шы жылдардың ортасын естерімізге түсірейікші: біз осындай заманда өмір сүріп, КСРО ыдырағаннан кейінгі жылдарында еліміздің мүшкіл жағдайына куәгер болып отырдық: дағдырыс, жұмыссыздық, шексіз инфляция, қарсылық қозғалыстар.

Нұрсұлтан Әбішұлы: «Таңғажайып болашақ болады деп айта алмаймын, бірақ егер біз ерінбей еңбектеніп, нарықтық реформаларды дұрыс өткізе алсақ, онда жеңіске жетеміз» деп айтқан еді.

Осы кезден бері Президентіміз Н. Ә. Назарбаев жаңа реформаларды, ұзақ мерзімді бағдарламаларды көп рет ұсынып, жұрттың бәрін және әрқайсысын экономиканың дамуында үлестерін қосуға шақырды.

Нәтижесінде, кейде тіпті сенуге-де қиын болатын жетістіктерге жеттік, жас тәуелсіз республика келесі жетістіктерге қол жеткізген: өркениеттің игіліктері, молшылық, қоғамдағы ынтымақтастықты айтсақ болады.

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары әлемдегі оқиғалар туралы хабарлайды: көптеген дамыған елдердегі бюджет жетіспеушілігі байқалып жатыр, кейбір мемлекеттер экономикалық құлдырауға ұрынып, жалпы алғанда, әлемдік экономика тоқырауға ұшырады.

Соның бәрін біз сезініп жатырмыз, өйткені қазақстандық экономика жаһандық үдерістерге терең біріктірілді. Қазақстандық экономика көрсеткіштері жақсы деп айтуға болады.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаевқа қазақстандықтардың отансүйгіштігі әрқашан демеу болады және, керісінше халық та оның сенімінен шығуға тырысады.

Елбасымыздың көмегінің арқасында мемлекет қойылған мақсаттардың барлығына қол жеткізіп отыр. Н. Ә. Назарбаев экономикалық, әлеуметтік реформалар және бағдарламаларды қолдауға арналған көп миллиардтық сомаларды бөліп жатыр.

Мені бір қуантатын жайт, Жолдау нақты адамдар үшін арналған. Менің немере қызым бірнеше жыл бұрын тұрмысқа шығып, жұбайымен бірге пәтер жалдап отыр, өйткені жоғары пайыздық мөлшерлеме салдарынан жаңа пәтер сатып алу қиынға соқты.

Президенттің Жолдауын оқығанда, ол қатты қуанытты қуанып кетті, өйткені мұнда жас отбасыларға тұрғын үй, пәтер сатып алу мәселесінде көмек көрсету жөнінде нақты бағдарламалар жазылып, қаржы бөлінетіндігі жазылған.

«Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатының негізгі құндылығы да осы болып табылады, өйткені ол, мәселенің маңыздылығын тағы да басып айтайын, — халық армандарының көрінісі.

Қазіргі кезде Қазақстанды және оның астанасын жаңа азиялық ғажаппен теңестіруге болады. Өкімет пен халық арасындағы өзара түсінушілік жоғары-деңгейде. Президентіміз Н. Ә. Назарбаев көрсеткен болашаққа жолымыз да күйзелістерсіз, табысты болады.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?