Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы

2076
2000 жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1999 жылғы 28 желтоқсан N 316

Қазақстанның көпұлтты мәдениетін жаңғырту, сақтау және өркендету мақсатында ҚАУЛЫ   ЕТЕМІН: 

1. 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жариялансын. 

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 

      1) 2000-жылғы 20 қаңтарға дейінгі мерзімде Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөнінде Мемлекеттік комиссия құрсын; 

      Әдебиет пен өнердің көрнекті қайраткерлеріне, қоғамдық бірлестіктер, ұлттық мәдени орталықтар, шығармашылық одақтар, діни ұйымдардың басшыларына Мемлекеттік комиссияның құрамына ену жөнінде ұсыныс жасасын; 

      орталық атқарушы органдардың басшыларына, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне осы тәрізді комиссиялар құруды тапсырсын; 

      2) 2000-жылғы 20 қаңтарға дейін Мәдениетті қолдау жылын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі, көпұлтты мәдениеттің барлық салаларын жаңғырту және өркендету мәселелерін қамтитын іс-шаралар жоспарын бекітсін; 

      3) Мәдениетті қолдау жылына байланысты іс-шараларды қаржыландыруды заңда белгіленген тәртіппен жүргізсін;

      4) Мәдениетті қолдау жылы аясында белгіленген іс-шараларды бұқаралық

 ақпарат құралдары арқылы кең түрде насихаттауды және жариялап отыруды  қамтамасыз етсін; 

      5) Мәдениетті қолдау жылын өткізу жөніндегі Мемлекеттік комиссияға  Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, Халық  бірлігі мен ұлттық тарих, Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылдары  жүргізілген жұмыстарды жалғастыруды тапсырсын.

3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.  

Қазақстан Республикасының 

Президенті 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?