Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

1999 жылды Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жариялау туралы

2334
1999 жылды Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жариялау туралы  - e-history.kz
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 1998 жылғы 30 желтоқсан N 4187

 Жұртшылықтың ой-пікірлері мен ұсыныстарын ескере отырып, ұрпақтардың өзара байланысын дамыту және Қазақстан халқының бірлігін нығайту мақсатында Қаулы ЕТЕМІН:

  1. 1999 жыл Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жариялансын.

  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

 1) 1999 жылғы 15 қаңтарға дейінгі мерзімде Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөнінде Мемлекеттік комиссия құрсын.

  Саяси партиялар, басқа да қоғамдық бірлестіктер, ұлттық мәдени орталықтар, шығармашылық одақтар, діни бірлестіктер басшыларына Мемлекеттік комиссияның құрамына ену жөнінде ұсыныс жасасын;

  облыстар мен Астана, Алматы қалаларының әкімдеріне, орталық атқарушы органдардың басшыларына осы тәрізді комиссиялар құруды тапсырсын;

  2) 1999 жылғы 20 қаңтарға дейін Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітсін;

  3) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылына байланысты іс-шараларды қаржыландыруды заңда белгіленген тәртіппен жүргізсін;

  4) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы аясында белгіленген іс-шаралардың жүзеге асу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен  және уақтылы жариялауды қамтамасыз етсін; 

  5) Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылын өткізу жөніндегі  Мемлекеттік комиссияға Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін  құрбандарын еске алу және Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылдары  жүргізілген жұмыстарды одан әрі жалғастыруды жүктесін. 

  3. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы Президенті 

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?