Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
7556
#ТАРИХАҒАЙ: Жүсіп Баласағұн - e-history.kz

Жүсіп Баласағұнидің өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. Философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында «Құтадғу білік» («Құтты білік») дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазіргі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды «хандардың ханы» - Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға «хас хажиб» - «бас уәзір» немесе «ұлы кеңесші» деген лауазым берген.