Теректегі болған текетірес
31.05.2024 1697

1395 жылғы 15 сәуірде  Самарқанд билеушісі Әмір Темір және Алтын Орда билеушісі Тоқтамыс ханның әскерлері майдан даласында бір біріне қарсы соғысқа дайындалды. 


Тоқтамыс үшін бұл күн сәтсіз басталған еді. Алтын Орданың билеушісі Тоқтамыстың дөкейлері бір-бірімен түсініспей, шайқастың басталуына дейін әскердің рухын түсіріп тастады. Әсіресе әскердің сол қанаты осы түсініспеушіліктің зардабын шекті. Әмір Темір әскері мұны білгеннен кейін сол қанатқа көп шабуыл жасап, Тоқтамыс әскерін талқандаған еді. Дегенмен майдан даласының оң қанатында Тоқтамыстың жауынгерлері жеңіп жатты. Әйтсе де, бұл Тоқтамыстың әскери тактикасы болуы мүмкін. Себебі Әмір Темір дәл осы оң қанаттағы әскермен болған еді. Осы сәтті пайдаланып Тоқтамыс жауынгерлері Әмір Темірді өлтіргісі келді. 

Майдан даласындағы шайқас бір күнге созылды. Кешке қарай екі жақтың да әскері қайта шегінді.  

Бұл шайқаста Әмір Темір жауды садақпен ату соғыс айласын көп қолданды. Сонымен бірге Самарқан билеушісінің жаяу садақшылары Алтын Орда атты әскеріне бірнеше рет шабуыл жасады. Олар адам бойымен бірдей қалқандармен қорғанды. 

Шайқастың екінші күні алғашқы күндегідей ізділікпен өтті. Соғыс алаңының сол жақ қапталында Тоқтамыс әскері жеңіліп жатса, оң жақта Самарқаннан келгендер оқ бойы озық болды. Күн батысымен екі жақтың әскері екі жаққа  бұрыла кетті.  

Түнде Тоқтамыстың әскери кеңесінде сол қанаттың жауынгерлері азайып, олардың жауынгерлік рухы түскені туралы талқы болды. Сондықтан хан Алтын Орда әскер бөлімдерінің командирі, оң қапталдан солға өтіп, Әмір Темір әскерлеріне тосқауыл болуын тапсырады. 

17 сәуірде таңертең Әмір Темір өз әскерін жеті бөлікке бөлді. Орталықта бөлімді ұлы Сұлтан Мұхаммед басқарды.

Әмір Темір әскерлерінің оң қапталын Әмір Осман басқарды. Әмір Темір әскерлерінің сол қанатының қолбасшысы туралық ақпарат жоқ. 

Ат жасағының алдында жаяу әскер – садақшылар тұрды, олар – адам бойындай ағаш қалқандар ұстап тұрды. Әмір Темір қосымша 27 атты әскерді жеке өзі басқарды.

Тоқтамасқа келетін болсақ сол қапталын Баһадүр батыр, оң қапталын Күнше Оғлан басқарды. 

Соғыс басталмай жатып, Әмір Темір тыңшылары Тоқтамыс жауынгерлінің біреуін ұстап алады. Ол Әмір Темірге барлық сырын жайып салады. Ол сол қапталдағы жоспардың ауысқаны, Күнше Оғлан шабуылды бастап келе жатқанын жеткізеді. Бұл жоспарды естіген Самарқан басшысы 27 атты әскерімен көмекке дереу арада аттанады. 

Әмір Темірдің келе жатқанын көрген  Тоқтамыстың әскери басшылары: Күнше Оғлан, Бек Ярык Оғлан (Тоқтамыстың күйеу баласы), Ақтау, Давуд Суфи, Отар Қопа, Юургулар әскерін артқа шегіндіреді. Әмір Темір бұл жағдайды тиімді пайдалануға тырысып, арттарын қудалайды. Елуге жуық жауынгер жау әскерінің ортасына өтіп, шайқасады. 

Тәжірибелі Күнше Оғлан және басқа да қолбасшылар дереу арада жоспарды өзгертеді. Олар артқа шегіне қайтадан сол қапталға шабуыл жасайды. Бұл жоспар іске асады. Олар сол қапталдың әскерін талқандап, көмекке келген 27 атты әскерді де талқандайды. Әмір Темірдің жағдайы мүшкіл болады. 

Осы сәтте Әмір Нұр ад-Дин батылдылығын көрсетті. Ол өз әскерін барынша асықтырып, шабуылдап келе жатқан жауға тосқауыл болды. Жаяу жүрген садақшылардың қалқандарды алып, оларды жауынгерлерінің алдына шығарды, содан кейін ол жебелермен үздіксіз ата бастады. Сонымен қатар Мұхаммад Азад, Әли шах және Тоқал Бавурчиде өз әскерлерімен Әмір Темірді қорғауға келеді. 

Самарқан билеушісінің жауынгерлері ұйымдастырған жоспар Тоқтамыс әскерінің Әмір Темірге дейінгі жолды бөгеп үлгереді. 

Әміре Худайдад Хусейни өз әскерімен бірге жауды қапталдан айналып өтіп, Алтын ордалықтармен шайқасып,  Күнше Оғланның өзіне шабуыл жасайды. Жағдайды әкесіне көмекке келген Мұхаммед Сұлтанның шабуылы шешті. Осылайша Әмір Темірді құтқарып алды. Екінші қапталда шайқас керісінше Әмір Темір әскері жеңіліп жатты. 

Басында Алтын ордалықтар жүзеге асқан жоспарының арқасында басымдық көрсетіп жатқан еді. Тоқтамыстың жауынгерлері – Исабай мен Ходжа оң жақ қапталдағы қарсыластың әскерін жеңіп, оның қолбасшысы Сайф ад-Динді қоршауға алған болатын. Дегенмен ол соңына дейін берілмеді. Дереу арада қалқандарын алып, садақшылармен қорғанды. Оған өз әскерімен көмекке Баһадүр түменбасы келді. Алтын ордалықтар алға жылжуды жалғастырды. Содан кейін осы қапталда Әмір Темір әскерлері қарсы шабуылға шықты.

Әмір Темір Қожа Агбуга мен Умаршайхтың ұлы және әмірдің немересі 14 жасар Рүстамның Тоқтамыс әскерін қыспаққа алады. Әскерінің біраз бөлігі қашып кетеді. Көбісі әскерінің қашуы себебі – олар екі күн бойы соғыста рухтарының түскендігі туралы да айтады. Кей ақпаратта әскері жеңіліп жатқанын біліп қашып кеттті делінген. Кейін тәжірибелі қолбасшы Күнше Оғлан мен Сұлтан Мұхаммад жекпе-жекке шығады. Ат үстінде болған екеуі ұзақ бір-біріне ұзақ берілмейді. Бірақ соңында Сұлтан Мұхаммад жеңіске жетеді. Осы уақытта Тоқтамыстың түгел дерлік әскері жан-жаққа бас ала қашады. Жеңімпаздарды және шайқаста ерекше көзге түскендерді марапаттап, Әмір Темір Тоқтамыстың басқа да жоспарлары іске аспауын қадағалау және  тағы да әскер жинап үлгермесін деген оймен оның артынан атттанады. 

Содан Әмір Темір осы жолы оны өкшелеп қуып, жолындағы Сарай, Сарайшық қалаларын, Алтын ордаға бағынышты басқа да қалаларды талқандаған. Әмір Темір сонда да Тоқтамысты қолына түсіре алмай, үлкен өкінішпен Самарқанға қайтады.

Алтын Ордаға Тоқтамыстан кейін, Едіге, Шәдібек билік құрған. Шәдібек пен Едіге Тоқтамысты біржола құртпай тыныштық болмайтынын біліп, оны  Түменге дейін қуып барады.  Тоқтамыс хан сол шайқаста 1406-жылы қаза табады.

Теректегі шайқастың Алтын Орда үшін шығыны орасан зор болды. Терек шайқасында Орданың негізгі әскери күшін жойып, Алтын Орданың Батыс ұлыстарына басып кірді.  Ондағы ауыл аймақтаға барлық үйлерді қиратып, бағалы заттарды өзімен алып кетті. Осыдан кейін жиған тергенімен әскерінің жарты бөлігін Самарқанға қайтарып жібереді. Өзі ары қарай Ресей жеріне дейін аттанады. Елецті бағындырғаннан кейін кері қайтады.