Абыралыдан атылғандар мен сотталғандар
31.05.2024 1237

ХХ ғасыр қазақ халқына оңай болған емес. Әсіресе ұжымдастыру науқанындағы солақай саясатқа қарсы қару алып шыққандардың соңы трагедияға ұласты. Қазақ даласын түгел қамтыған ұжымдастыру саясатына ашық қарсылықтың бір ошағы –  Абыралы өңірі. 


Қазақ даласының әр өлкесінен бұрқ етіп дүмпу туғызған 372 көтерілістің ішінде қатысушылардың саны жағынан, ауқымы мен ерлігі тұрғысынан Абыралы көтерілісі ерекшеленіп тұрады. 80 мыңнан астам адам қатысқан, қару алып совет үкіметінің оспадар, зұлым саясатына қарсы күрескендер тарихы тасада қалмайды. 

Тарихтан баршамызға белгілі, 1928 жылы 27 тамызда Қазақ АССР Орталық Атқару Комитеті мен Совет Халық Комиссариатының «Ірі бай шаруашылықтардың және жартылай феодалдардың мал-мүліктерін тәркілеу және жер аудару туралы» қаулысы қабылданды. Аталған қаулыға сәйкес Семей, Қарқаралы біршама қожалықтар тәркіленіп, иелері ауқатты қазақ байларын қуғындауға ұшырады. Қазақ халқының негізгі күн көрісі – алдындағы малын түгел тұяқ қалдырмай тартып алған соң, бірден іске қосылған ет дайындау науқаны халық наразылығын туғызды. 

Абыралы азаматтарының толқуына да осы ет дайындау, онда да ет дайындау тапсырмасының шектен тыс көбейтілуі әсер етті. Ауданның 1, 2, 6, 7, 9, 10, 11, 14, 12 ауылдарын шарпыған көтерілісшілер құзырлы органның жауапты адамдарын едәуір сескентіп тастады. Тарихшы Е. Ерланұлының жазуына қарағанда, «1931 жылы ақпан айының басында Абыралы ауданының №6 ауылында Кемпірбаев Ысқақ пен Тұрғамбаев Уайда бастаған ауыл азаматтарын совет өкіметінің жүргізіп отырған саясатына ашық наразылық білдіру туралы шешім қабылдауға мәжбүр етті. Көтерілісті басқаратын 11 адамнан тұратын орталық құрылды. 14 ақпанда көтеріліс аудан жеріндегі ауылдарды түгелдей қамтып, көтерілісшілер саны 700 адамға жетті». Көтеріліс басшысы Ысқақтың туған ағайындарының бірнешеуі де осы оқиғаларда қаза тапқанын білдік.

Абыралы өңірі Қайнар ауылының перзенті, тарихшы Болатбек Нәсенов туған өлкенің тарихына қатысты көптеген тың деректер мен архивтік құжаттарды кітап етіп бастырып келеді. Арнайы Абыралы көтерілісіне жеке кітап арналып, «Абыралының қанды жылдары» деген атаумен бұрын-соңды жарық көрмеген құжаттарды жариялады. Мұнда Абыралының әр ауылынан көтеріліске қатысқан адамдардың қаза тапқандары мен сотталғандарының толық тізімі де келтірілген. 

Егер де жолыңыз түсіп, Абыралының Қайнар ауылына бара қалсаңыз, ауылдың орталық тұсында орнатылған «Абыралы көтерілісі» деген үлкен жазуы бар мемориалдық тақта кешенін қарап, тамашалаңыз. Қазақ халқының басына төнген қасіретті жылдары отаршылардың салған лаңынан қаза тауып, қыршынан қиылған ел азаматтарының есімдерін оқисыз. Бір әулеттен шыққан ағайындылардың біріне-бірі суық қару кезеп, баррикаданың екі жағында қалған қысылтаяң өмір соқпақтарын байқайсыз. Ел жадынан өшпейтін, елдігіміздің бірлігі мен өр рухын сездірген қаншама оқиғалардың сорабын пайымдайсыз. Сонымен Абыралы көтерілісінің қатысушылары болған ата-бабаларымыздың есімін тағы бір мәрте жаңғыртып, атап қоялық.

№1, 2 ауылдардан үштіктің 1931 жылғы 3 қарашадағы және 1932 жылғы 19 ақпандағы шешімдеріне сәйкес сотталғандар: 

Айткин Балубай 

Ақбергенов Аққалы

Бектібаев Қасқай 

Кәтенбаев Шолтай 

Өмірбаев Смағұл 

Смағұлов Ғабдолла

Есенбаев Сағи

 

№6 ауылдан 1931 жылғы 22 маусымдағы және 29 маусымдағы үштіктің шешімімен ату жазасына кесілгендер: 

Рымқұлов Мыңғыш

Базылбеков Атымтай 

Қарамырзин Ахмет

Алдабаев Бақтыбай 

Алдабаев Жұмағұл 

Алтаев Қуаныш 

Ақшолақов Төлеубек

Балтақаев Қауқарбек

Байбосынов Тәуекел

Байжұманов Төлеген

Бекбергенов Сүлеймен

Бектұрғанов Жиенгерей 

Бектұрғанов Ниқабай

Бітімов Абике 

Жақыпов Нұғман

Дайырбеков Қасымбек

Дайырбаев Бейсембай

Жандыбаев Түсіпбек 

Жандыбаев Жүнісбек 

Жақсыбергенов Тәуекел

Жақсыбергенов Нарымбек

Жүсіпов Ахмет

Жуанышев Серікбай

Жуандықов Жұмабай

Ибраев Байкен

Исин Үстембек

Қасымбеков Есенғұл 

Қаркетеров Талап

Қаратаев Ибраимхан

Кемпірбаев Ысқақ

Кемпірбаев Ыбырай 

Көбегенов Әшімхан 

Күлбаев Иса

Күлбаев Әбеу 

Құрымов Тауырбай 

Құрманбаев Қабдолла

Мендекеев Денкебай 

Малдыбаев Дүзбек 

Мұсатаев Майшеке

Шоңбаев Мұсағали

Шоңбаев Ғабдіғали

Сағындықов Қошан

Ташеев Досмағамбет

Танашев Ережепбай 

Тұрғанбаев Уайда

Уақасов Өсімбек 

Шамбаев Қардәу

Мақыбаев Абдықадыр

 

№6 ауылдың «Жырық су» қыстағында шайқастан қаза тапқандар:

Ақшолақов Төлеутай 

Ақшолақов Тлеубек

Аманбеков Әбдікерім

Ақышбаев Қойшы

Байшойынов Кәріпбек

Есенғұлов Сейілхан

Жабкенов Тамбай 

Жақсыбергенов Наркен

Қалдыбаев Жолдасбек

Қасқабасов Зәрубай 

Қосанов Сатылған

Қоқымов Асылбек 

Көпірбаев Бейсен

Көсембаев Есенғұл

Құрымов Болжыр

Құрымов Аукен

Қыстаубаев Тоғызбай

Қыстаубаев Рымқұл

Қыйқымбаев Оспанқұл

Оңалбаев Садуақас

Отарбаев Тұрабай 

Рымқұлов Қали 

Рымқұлов Рақымбай 

Сағындықов Сүлеймен

Сартымбаев Құрым 

Сүлейменов Төлеужан

Тәңірбергенов Секербай 

Тәңірбергенов Қожа

Тәңірбергенов Ынқаш

Тілегенов Жақсыберген

Ызкин Дастан

Шалбаев Мұсатай 

Шоңбаев Мұсатай 

Шоңбаев Ретай 

Шоңбаев Құспантай 

 

«Қара биік» қыстағында шайқаста қаза тапқандар: 

Баймағамбетов Шәріп

Бітібаев Найман

Дүзбембетов Изет 

Жантеміров Көшербай

Еңсебаев Тұрғамбай

Есемберлин Аманбек 

Игембеков Ахметжан

Имандин Төлеу 

Имамбеков Бошумбек 

Ыбыраев Ырымбай 

Шукиев Сүлеймен

«Сары шоқы» қыстағындағы шайқаста қаза тапқандар: 

Досмулдин Жұмағали

Ыстыбаев Жұмағали

Көмекбаев Рысбек 

Көбегенов Сыздықан

Қоқымбаев Ахметқали

Шәкеев Кәрім

Шәкеев Әміре

Шәкеев Қасен

Шәкиев Аманжол

 

«Ақсай» қыстағында шайқаста қаза тапқан

Кемпірбаев Бөкен

 

№7 ауылдан үштіктің 1931 жылғы шешімі бойынша ату жазасына кесілген: 

Құрмамбаев Әубәкір

 

№7 ауылдан ОГПУ коллегиясының 1931 жылғы 14 желтоқсандағы шешімі бойынша сотталғандар: 

Ахметов Амарбек 

Байсымақов Көжебай

Байсымақов Байжан

Байғонысов Рысқали 

Дөненов Құлмағамбет

Жакубаев Жақсымбет

Жаманбалин Қастай 

Молдажанов Байкеш

Молдабаев Жүнісқали

Молдабаев Абжакен

Молдабаев Жалекеш

Рахимов Жағпар

Қорженғұлов Жүніс

Темірғалиев Сұлтан

Темірғалиев Асқар

Темірғалиев Рахымберлі

Мыңтаев Әліпбай 

Сағындықов Теңгебай

Кенжетаев Масғұт

Қорғамбаев Байсымақ

Молдабаев Байғали

Молдажанов Хамза

Молдабаев Ақышбай 

Хамзин Жайлаубай

Хамзин Нұрбай 

Аяжанов Нұрғали 

Нұрғалиев Мямялы 

 

№9-14 ауылдардан үштіктің 1931 жылғы 24 маусымдағы үкімімен ату жазасына кесілгендер:

Алкин Маркен

Алкин Ыдырыс 

Батрақов Нығмет

Бейімбетов Қали

Белгібаев Аман

Ержігітов Абдраимов

Есенов Әбдіғали

Жаңғыров Қызыр

Жақыпов Қасен

Жиембаев Жақып 

Көпербаев Нұғман

Қаражігітов Әлке

Мамиев Тілеубек 

Мұқатаев Ақмар

Нысанов Сағын

Нұрпеисов Қоңырбай 

Олжаев Әмірхан

Сағындықов Оразғали

Сқақов Жақып 

Түсіпов Үсембай

Мейірманов Қайрат

 

№9-14 ауылдардан үштіктің 1931 жылғы 24 маусымдағы шешіміне сәйкес сотталғандар: 

Алжанов Айтқали

Батрақов Смаилхан

Дүкембаев Оразбай

Дүкенбаев Рүстем

Исабаев Айтбай

Жақыпов Сқақ

Жүнісов Түскей 

Қоқабаев Боқан 

Оразбеков Аққасым

Оразбеков Арын 

Рахин Қабыкен

Рахин Жаппар

Сқақов Абжөкен

Сүлейменов Ыбырай

Макремов Мұқан

Жаманов Қажи

Жұмағұлв Қасеин

Бимбетов Несібелді

Таубалықов Рақымжан

 

№10 ауылдан үштіктің 1931 жылғы 14 қарашадағы №91/к үкіміне сәйкес сотталғандар: 

Абдрасымов Қалижаппар

Артықбаев Сатыбалды

Балтабаев Мұхамеджан

Жетпісбаев Алимхан

Қоянбаев Бұзаубай

Мұхамеджанов Меирхан

Рыспанов Қалымбек 

Шелекбаев Мұқан

Алсаев Болғанбай 

Балғабаев Серік

Балтабеков Оспан

Балтабеков Тықжан

Бекишев Оспан

Самуратов Нұрмағамбет

Шәукембаев Ахмет

Жақышев Ыбырай

Манабеков Құрмаш

Тілеулин Жұмасия

Тұңғатов Мұқұш

Сылдарбаев Төлеуғазы

Жекебаев Иманғұл

Иманқұлов Сейтқазы

 

№11 ауылдан үштіктің 1931 жылғы 17 маусымдағы №75/к шешімі бойынша ату жазасына кесілгендер:

Әділбаев Бекіш

Ақыбаев Әбдіғали

Ақыбаев Мақаш

Байзақов Дүйсен

Байсұлтанов Әлменбай

Балтақаев Батырхан

Беисов Айтмұрза

Исабеков Сәрсенәлі

Исқалиев Смағұл 

Кәріппаев Мардан

Нұрғожин Әмірхан

Оңғаров Қаймолда

Тұяқов Кенжебек

Ақтайлақов Молдағали

Ақыбаев Аламан

Алимқанов Саржан

Беисов Айтжан

Беисов Байтан 

Исабеков Қыдырбай 

Исаинов Қауысбек

Мұстафин Кенжебай

Тайқоңыров Нұртаза

 

№11 ауылдан үштіктің 1931 жылғы 17 маусымдағы №75/к шешімі бойынша сотталғандар:

Сариманов Рахымберді

Барбосынов Жақия

Мұстафин Құсайын

Омаров Ахмет

Тұяқов Оразбек

Кәріппаев Базар

Қорғамбаев Түсіп

Түсіпов Үкібай 

Омаров Абдолла

Омаров Асқарбай

Салықпаев Сейілқан

Омаров Жәкен

Баскембаев Тике

Дулатов Түсіпбай 

 

№12 ауылдан үштіктің 1931 жылғы 17 маусымдағы үкімімен ату жазасына кесілгендер:

Балықбаев Баймағамбет

Бітімов Салдырбай

Дінкебаев Құрманжан

Имашев Уағали

Жанұзақов Сқақ

Жұмабаев Мұқатай 

Жұмағожин Нұрке

Ордабаев Қали

Тойшыбаев Оқажан

Инкарбаев Таранбай

Сымақов Мейірхан

Әмірханов Міржақып 

Ақмолдин Абылқасым

 

№12 ауылдан үштіктің 1931 жылғы 17 маусымдағы шешіміне сәйкес сотталғандар:

Жаңабаев Шөкен

Омарқұлов Нұрман

Төлегенов Бөкей

Данияров Сыздықпай

Сексембаев Көпежан

Төлегенов Сүлеймен

Шотбасов Ахметжан

Көкшебаев Сыздық

Иманғалиев Ыдырыс