Түркі мемлекеттері тарихында әлі зерттелмеген ақтаңдақтар бар - Тоқаев
03.11.2023 1485

Ақордада өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының Х саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түркі мемлекеттерінің ортақ мұрағатын зерттеуді ұсынды, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталы.


 

Бірінші басымдық – салт-дәстүр (Traditions). Шын мәнінде, түркі бірлігін дәріптеудің маңызы өте зор. Біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз – ортақ. Осыған байланысты Түркі мемлекеттері ұйымының, оның құрылымдарының туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтірген жөн. Бүгін өздеріңізге ұсынылған эскиздерді бірге қарап, ортақ шешім қабылдаймыз. Бұл тарихи сәт болмақ. Тарихтан сыр шертетін ортақ мұрағатты зерттеп, ұрпаққа ақиқатты жеткізу – біздің парызымыз. Құзырлы органдарымызға беймәлім деректерді бірлесіп зерделеуді тапсыруды ұсынамыз. Бұл, шын мәнінде, маңызды жұмыс болмақ, себебі ортақ тарихымызда әлі де толық зерттелмеген ақтаңдақтар бар, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдеріміздің телехикаяларын өзара насихаттаудың маңызына тоқталып өтті. Әсіресе балаларға арналған анимациялық фильмдерге басымдық берілуі керектігін алға тартты.

Әсіресе балаларға арналған анимациялық фильмдерді көбірек таратқан жөн. Бұған әлеуметтік желіні пайдалану, танымал медиа тұлғаларды жұмылдыру керек деп есептейміз. Сол арқылы жастарымызды рухани тұрғыдан жақындастыруға мүмкіндік туары сөзсіз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.