Президент Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру мәселесін көтерді
01.09.2023 825

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Гүлнар Бөрібаева Президенттің бүгінгі Жолдауына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Qazaqstan tarihy порталының тілшісі


«Жыл сайын Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын арнайды. Бұл мемлекетіміздің даму бағытындағы жоспарлар мен әртүрлі салаларына қатысты  шаралардың қабылдануына  жаңаша мүмкіндік беретін жұмыстардың алғы шарты десекте болады. 

Бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауы Мемлекет басшысының азаматтарға қамқорлық жасап, әр қадамды ойластыра отырып, стратегияларды ел тұрғындары мен мемлекеттік көмекшілеріне қалай сеніп тапсыратынын атап өтті. Ең бастысы - мемлекет қызметкерлері үшін оның идеясын жеткізу маңызды деп білемін» деді Г. Бөрібаева. 

Тарихшының айтуынша, бұл жолдаудан кейін халық қауіпсіздікті сезінеді. Қазақстандағы әрбір адам өзіне тән іспен, өз кәсібімен, өз ісімен айналысуын тілеймін. Бұл әрбір қазақстандық азаматтың өз елін жақсартуы үшін ықпалын тигізетін болады. 

«Президент Қазақстан IT (айти) елге айналу процесін бастайтын уақыт келгендігін атап өтті. «Біздің маңызды стратегиялық міндетіміз – Қазақстанды ІТ мемлекетке айналдыру. Цифрландыру ісінде нақты жетістіктеріміз де жоқ емес. Біз электронды үкіметті және финтехті дамыту индексі бойынша әлем көшбасшыларының қатарында тұрмыз. Былтырдың өзінде ІТ саласындағы экспортымыз бес есе өсті. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 500 миллион долларға жетуі мүмкін. Әрине, мұнымен шектелмейміз» деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Президент үкіметке 2026 жылға қарай ІТ қызметтерінің экспортын бір миллиард долларға жеткізу міндетін жүктеді. Үкіметте бұл мәселеге өз ұсыныстарын білдіретін болады.  Біз тек техникалық дамыған елдерге қосылып қана қоймай, қандай да бір дамушы жолмен ыңғайлы технологияларды ойлап табуымыз қажет. Бірінші кезекте қазақстандықтарға ыңғайлы болуы тиіс. Президенттің айтуынша, ол креативті жастармен жиі кездесулер өткізеді. Біз, өз кезегімізде оның ойын қолдап, жаңа технологияларды енгізуіміз қажет. Заманауи қауымдастықтар секілді жастардың шығармашылығы мен интеллектуалдық әлеуетін барынша қамтып, қарастыру керек. Еліміздің жас тұрғындарының бірі ретінде оның біздің бағытты қолдауы мені қатты қуантады»-деді жас тарихшы. 

Ш. Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері, сөз соңында,  «біз, жастар ретінде Президентіміздің бастамалары мен Жолдауларын қолдауға және оны одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді саламыз» деді.