Велосипедтің Қазақстан тарихына тигізген әсері
19.04.2023 3021

Бүгін бүкіл әлемде Дүниежүзілік велосипед күні атап өтіледі. Ерекше мереке 2018 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл датаны атап өтуге арналған резолюцияда «екі ғасыр бойы қолданылып келе жатқан велосипедтің бірегейлігі, ұзақ мерзімділігі мен әмбебаптығы және оның қарапайым, қолжетімді, сенімді, және экологиялық таза көлік құралы екендігі» мойындалған. Велосипед – «тұрақты тасымалдаудың символы және климатқа оң әсер етеді.


Жер шарында миллиардтан астам велосипед бар екен. Бұл жайлы, экологиялық таза және салауатты көліксіз бүгінгі күнді елестету қиын. Сонымен қатар, болашақ велосипедке тиесілі. Көптеген мемлекет жолдардағы велосипедшілер санын көбейтуге, сол арқылы автомобильдер санын, олар арқылы шығатын атмосфераға зиянды шығарындыларды азайтуға тырысып жатыр. Велосипед экологиялық шығынсыз және көшедегі шу деңгейін де арттырмайды.

Тұрақты велосипедпен жүрудің денсаулыққа пайдасы айқын: ұйқы мен зат алмасу жақсарады, демек, ас қорыту, төзімділік пен бұлшықет тонусы артады, жүйке жүйесі нығаяды, стресс деңгейі төмендейді. Бұл тұрақты тасымалдау түрін пайдалану жүрек ауруы, инсульт, артрит, депрессия және қант диабеті қаупін азайтуға көмектеседі. Осылайша, қазіргі әлемде велосипедтің маңыздылығы артып жатыр.

Еуропада қай елде ең көп велосипед қолданылады?

Еуропадағы ең «велосипедші» ел – Дания, бұл елдің орташа тұрғыны жылына 893 шақырымды жүріп өтеді. Велосипедтің Еуропадағы жоғары танымалдылығы үкіметтер жүргізетін саясатқа байланысты, өйткені велосипедтің маңыздылығын арттыру қала орталықтарын көліктерден босатуға, қоршаған ортаны жақсартуға, сондай-ақ адамдардың денсаулығын жақсартуға көмектеседі.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) мәліметінше, қала тұрғындарының көпшілігін құрайтын жаяу жүргіншілер мен велосипедшілерге инвестиция салу өмірді сақтап қалуға, қоршаған ортаны қорғауға және кедейлікті азайтуға көмектеседі.

Фото: pngwing

Велосипед атауын кім ойлап тапты?

1864 жылы Лиондық өнеркәсіпшілер ағайынды Оливье Лалман көлігінің әлеуетін жоғары бағалады және вагон инженері Пьер Микомен бірлесіп, педальдары бар көлікті  жаппай өндіре бастады. Мико велосипедтің жақтауын металдан жасауды ойлады. Кейбір мәліметтерге қарағанда, құрылғыға «велосипед» атауын Мико ойлап тапқан.

Тағы бір деректерде велосипед (ескі французша vélocipède, латын тілінен аударғанда vēlōx «жылдам» және pes «аяқ») — аяқ педальдары арқылы немесе қол рычагтары арқылы адам бұлшықет күшімен басқарылатын доңғалақты көлік (немесе спорттық құрал) дегенді білдіреді.

Фото: lifeglobe

Велосипед қашан пайда болды?

Велосипедті ойлап табудың ресми күні - неміс профессоры барон Карл фон Дрез «жүгіретін машинаның» үлгісін жасаған 1817 жыл. Бірақ ғажайып көлікті ойлап табушылар ішінде көптеген басқа адамда бар. Олардың ішіндегі ең танымалы - итальяндық Ренессанс суретшісі Леонардо да Винчи еді. Тек Карл Дрез Laufmaschine атты көлігіне ресми түрде алғаш болып патент алған. Бұл модельде педальдар болмады: қозғалу үшін аяқтарыңызбен итеру керек болды.

Заманауи велосипедтердің алғашқы үлгілері екі доңғалақты ағаш скутерлер. Олардың қашан пайда болғаны белгісіз. Бірақ оларды ескі суреттерден көре аламыз. 1761 жыл атпен жүруге және жерден аяғымен итеруге мүмкіндік беретін көлік құралының өндірісі туралы алғашқы деректер бар. Ағаш скутерді неміс вагон шебері М.Касслер жасаған.

Бірақ кейбір деректер велосипедтің тарихы екі ғасырдан астам уақытты қамтиды деуге негіз жоқ екенін жазады. Мәселен, зерттеушілердің көпшілігі Леонардо да Винчиге немесе оның шәкірті Джакомо Капроттиге жатқызылған рульі мен шынжыр жетегі бар екі доңғалақты велосипедтің сызбасын жалған деп санайды.

Фото: afisha.ru

Велосипедтің Қазақстанға келуі

ХХ ғасырдың басында елімізге велосипедтер келе бастады. Онымен бірге велоспорт түрі де пайда болды. Велосипед халық арасында кеңінен насихатталды. 

Қазақстанда велоспорттың дүниеге келген күнін 1914 жылы 6 шілдеде Ақтөбе қаласында жол велосипедінен жарыс өткен деп санауға болады. 

1918 жылы Петропавл, Орал, Қызылорда және басқа қалаларда үйірмелер құрыла бастады. Сол уақыттан бері велосипед қалың еңбекшілер қауымының меншігіне айналды. Жалпыға бірдей білім беру органдары құрылғаннан кейін велосипед жастардың дене шынықтыруына қолданыла бастады және бірте-бірте халық өміріне енді. Қызылордада аңшылар топтары ұйымдастырылып, велосипедшілер алыс далаға сапар шекті. Қазақстанның барлық қалаларында жасөспірімдер, жұмысшылар мен қызметкерлер мектепке және жұмысқа велосипедпен барды. Велосипедте жұмысшы мен инженерді, колхоз агрономы мен ауылдық пошта тасушыны, мұғалім мен дәрігерді көруге болатын. Велошеру тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болды, оған қатысушылар адамдар арасында ұйымдастыру және үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Фото: vesti.kz

1928 жылы Петропавлда 1-спартакиада өтті. 1928 жылы 17 мамырда Алматы – Шымкент – Алма-Ата велошеруі оған арналды. Қатысушылар М.Гуннер, Г.Белоглазов, Н.Симонов ауылдық жолдарда орташа сағатына 20 км жылдамдықпен жүруді көрсетті. 

1932 жылдың жазында Свердловскіде өткен Орал-Кузбасс олимпиадасына велошабандоздар қатысты. 1934 жылы мектеп оқушыларының бірінші спартакиадасы өтті. 1934 жылдың 11 маусымы мен 11 тамызы аралығында Алматы – Семей, Павлодар – Петропавл, Қостанай – Ақтөбе бағыттары бойынша велошеру өтті, оған 15 адам қатысты. Олар 135 колхоз мен совхозда болып, оларда дене шынықтыру туралы әңгімелесті, колхозшыларға ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуде, дене тәрбиесін ұйымдастыруда практикалық көмек көрсетті.

1936 жылы жазда велошабандоздар Қазақстанның ІІІ Спартакиадасына қатысты. 1938 жылы ұзындығы 1401 км болатын велотур өтті. Бағыт бойынша: Алматы - Ұзынағаш - Отар - Георгиевка - Фрунзе - Луговой - Жамбыл - Шымкент және кері қарай болды. Кезеңдердің қосындысы бойынша дене шынықтыру колледжінің студенті Николай Маслацов жеңімпаз атанды. Ол бұл қашықтықты 60 сағат 56 минут 35 секундта жүріп өтті. 

Ұлы Отан соғысы велоспорттың дамуын біршама тоқтатты. Отанымызды фашистік басқыншылардан қорғауда көптеген көрнекті спортшылар қаза тапты. 1947 жылы республиканың спорт секциялары 4323 адамды қамтыды. Қазақстан велошабандоздары алғашқы жетістіктеріне 1948 және 1950 жылдардағы Орта Азия және Қазақстан республикаларының спартакиадаларында қол жеткізіп, бірінші орынды иеленді. 

1951 жылы қазақстандықтар алғаш рет КСРО чемпионатына қатысты. 

Фото: Тengrinews.kz

Талғат Жұмабеков 50 елді велосипедпен аралаған саяхатшы

Талғат Жұмабаев 50 елді велосипедпен аралаған саяхатшы. Оның алға қойған мақсаты әлемнің 150 елін велосипедпен аралап шығып, Қазақстанның туын дүниежүзіне таныту.

Талғат Жұмабековтің екі доңғалақты көлікпен 8 жылдан бері саяхаттайды. Ол бес рет әлемді аралауға велосипедпен шыққан.

Фото: prosports.kz

Александр Винакуров Қазақстаннан олимпиадада велоспорттан чемпион болған жалғыз спортшы

Александр Винокуров – Қазақстандағы велоспорттың символы. Оның жолы шағын ауылдан басталып, спортшыны Олимпиада шыңына шығарды. Александр Винокуров Олимпиада чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, ең беделді әлемдік жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 

Болашақ чемпион 1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы, Бішкек ауылында дүниеге келген. 

1996 жылдан Қазақстан велоспорт құрамасының құрамына енді. Александр бірден өзін жақсы нәтижеге ұмтылатын спортшы ретінде көрсетті. Бірнеше жылдан кейін велошабандоз Францияға барып, француздық «Казино» командасымен келісім-шартқа отырып, «Дюнкерктің төрт күні» жарысында бірден жүлде жеңіп алды. Осылайша оның үлкен мансабы басталды. 

Спортшы екі рет Олимпиада ойындарының тұғырынан көрінді. Алғаш рет 2000 жылы Аустралияның Сидней қаласында өткен Олимпиаданы бағындыру мүмкін болды. Жолдағы топтық жарыста ол екінші келіп, күміс медаль алды. Винокуров алтынды армандады. Бұл амбициялар он екі жылдан кейін Лондонда жүзеге асты. Спортшы 250 шақырымдық қашықтықты 5 сағат 45 минут 57 секундта жүріп өтіп, Олимпиаданың бас жүлдесін алды.

Велосипед туралы бірқатар деректер

Worldwatch институтының (АҚШ) зерттеушілерінің мәліметтері бойынша, америкалықтар жыл сайын жеке көліктер мен таксилерде 2,4 триллион шақырымнан астам жол жүреді. Егер бұл сапарлардың кем дегенде 5 пайызы велосипедпен жасалса, онда үнемдеу кем дегенде 100 миллиард долларды құрайды.

Аустралияның жетекші университеттері Аустралия денсаулық сақтау департаментінің атынан ел азаматтарының велосипедтерді белсенді пайдалануының нәтижесінде жыл сайын денсаулық сақтау саласына 227,2 миллион доллар үнемделгенін айтты.

Көптеген ғалым жаттығулар мен қатерлі ісік, әсіресе тоқ ішек пен сүт безі қатерлі ісігі арасындағы байланысты зерттеді. Зерттеулер көрсеткендей, егер сіз велосипедпен жүрсеңіз, ішек қатерлі ісігінің ықтималдығы төмендейді. Кейбір дәлелдемелер тұрақты велосипедпен жүру сүт безі қатерлі ісігінің қаупін азайтатынын көрсетеді.

Велосипедпен жүру стрессті, депрессияны немесе алаңдаушылықты жеңілдетеді. Велосипедпен жүру кезінде жолға назар аудару зейінді шоғырландыру мен қазіргі сәттен хабардар болуға көмектеседі. Велосипедпен жүру эндорфиндерді шығарады, бұл өз кезегінде стресс деңгейін төмендету арқылы өзіңізді жақсы сезінуге көмектеседі. Велосипед – көп функциялы көлік түрі. 

Велосипедтер Лондонның, Таллиннің және басқа да көптеген қаланың «жедел жәрдемінде» қолданылады.