Қазақ газеттерінің тарихына шолу
12.05.2022 3171

Қазақ газеттері қазақ тарихында ерекше орын алатыны бесенеден белгілі жайт. Мұны көп зерттеген зерттеуші, аудармашылардың бірі де, бірігейі де - Зияда Ижанов. Зерттеуші жазған мақаланың көбін ұғынықты, қарапайым тілде жазуға тырысқаны анық байқалады. Журналистиканың ішінде публицистикаға, оның ішінде мақала жанрына байланысты көптеген еңбегін бүгін оқырман назарына ұсынып, қазақ газеттеріндегі маңызды мәселелер мен зерттеп үлгерген тарихи жазбаларына тоқталып өткелі отырмыз.


Оны 1996 жылы 30 шілдеде «Маңғыстау» газетінде шыққан «Меценат – Захар Дубский»[1] атты мақаласында айқын көрінеді.«Меценат – Захар Дубский» «Қайырымдылык, қамқорлык, жомарттык жасау ұлтына, дініне, не жинаған дүние-мүлкіне, не қазына-байлығына байланысты емес. Қайырымдылық, қамқорлық көрсету адамгершілік, сүйекке сіңген туа біткен қасиет. Ол қызу қанның, үлкен жүректің әмірі. Міне, осындай адамға деген қамқорлығы, қайырымы мен ізеттілігі мол шапағатшыл жүректі адамның бірі - Захар Кузьмич Дубский. Ол заманында Маңғыстау уезіне ғана емес, берісі Астрахан, Закаспий өңіріне, әрісі бүкіл Ресейге танымал, құрметті азамат атанған. Біздің бұл айтқан ойымызды Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архивте сақталған құжаттар толық дәлелдейді.

Денсаулық орындарының мұқтажы тек бүгінгі күннің ғана еншісіне тимеген. Қай дәуірді, қай заманды, қоғамды алып қарасақ та халықтың денсаулығын сақтау орындары мұқтаждықтан шыға алмаған. 3.К. Дубский қолынан келген көмегін көрсетуді басты мақсат еткен. Сөйтіп, ол 1904 жылы 27 сәуірде өзінің иелігіндегі қабырғасы мен іргетасы тастан қаланған, төбесін қаңылтырмен түнікелеген көлемі 29 шаршы сажын үйін дәріхана және фельдшер отыратын бөлме етіп тегін берді. Бұл үй екі қабатты, оның бірінші қабатында қабылдау бөлме және асхана, аурулар жататын 7 бөлме және коридоры, екінші қабатында 2 бөлмесі, кіреберістегі ауызүй мен баспалдақтан тұрады (ҚРОМА 40 қор). Дәл сол жылы Кендірлідегі өз ватагасынан медициналық пункт аштырып, оған үй берді. 3.К. Дубский тұрған Николаевск станицасында да емдеу орны болмады.

Захар Маңғыстау уезінің, Закаспий облысының бастықтарына Николаевск поселкесі орталығынан 10 төсектік (койка) ayрухана кұрылымын өз қаржысымен салуға рұқсат сұрап, өтініш жазды. Өтінішінде алғаш рет ашылатын ауруханаға қажетті төсек-орын, дәрі-дәрмек, медициналық құрал-жабдықтарды да өз қаржысына алуға міндетті болатынын көрсетті. Әрине, бұл өтініш Закаспий облыстық бастығы тарапынан қолдау тапты. Көп кешікпей Николаевск орталығынан 285 сажын жер бөлініп, 60 сажындык аурухана құрылысы салынды. 3.К. Дубский бұл ауруханаға 4,5 мын сом ақша жұмсады. Сол кездегі Форт-Александровскіде қой-ешкі 3-4 сомнан, жылқы 15-20 сомнан, түйе 20-30 сомнан екенін ескерсек, бұл шамамен 1000-даған қой-ешкі, 250-дей түйе, 300 жылқы деген сөз. 3.К. Дубский салған бұл ғимараттың игілігін бүкіл ел, әсіресе, емделуге, не дәріханадан дәрі алуға қаржысы жоқ, кедей мұқтаждар көрді.

3.К. Дубский салдырған осы 10 төсектік аурухананың 1911-1913 жылдар арасында әркайсысы 216 сом тұратын төрт төсегінде жарлы-жақыбайлар жатып емделетін. Бұл төсектердін біреуі генерал-адъютант Александр Николаевич Куропаткиннің, біреуі Кузьма Гаврилович Дубскийдін, енді біреyi Мария Дубскаяның(әйелі), енді біреуі Германия соғысында қаза тапқан ұлы Александр Захарович Дубский есімдерімен аталатын осы төсектерде жатып, емделушілер ұлтына қарай бөлінбеген.Тек олардың мұқтаждыгы ескерілген. Емделушілердін ішінде еврей де, армян да, қазақ та, грек те, түрікмендер де, орыстар да бар. Оған дәлел 1910 жылдың мамыр айындағы аурухана дәрігерінің есебінде Тәтім Үмітбаев 10 күн, Көнген Қожбанов 22 күн, Қызылғұл Тоқбақов 22 күн, Көлбай Шектібаев 24 күн емделген. Маусым-қараша айлары арасында 32 адам 408 күн емделіп, денсаулығын жақсартқан (Аталған қордың 948 icі). 3.К. Дубскийдін халықтың денсаулығын жақсартуды көтеру ісіне жасаған қомақты да енегелі істері аз емес». «Маңғыстау» газеті 30 шілде 1996 жылы.

Оқысаңыздар, бұл жерде оқырманды қинамай, жеңіл жазған. Біздегі тарихшылардың бірсыпырасы қарапайым оқырманға түсініксіз қылып жазады. Себебі әр саланың өз термині бар. Бірақ Зияда Ижановтың артықшылығы тарихи жағынан желісі қиын болса да, бас артық терминнен көрі жалпыға ортақ жазған. Оны 2001 жылы 31 қазанда «Егемен Қазақстан» газетіне жариялаған «Бандылар»[2] атты мақаласынан байқауға болады. «Бандылар» «Еліміздің тәуелсіздік алғанына он жыл толуға айналды.

Сонан бері тарихымыздың көптеген актаңдақ тұстары елге жария етілді. Бірақ түрен тимей тұрған жерлері де бар. Солардың бірі – 1921-1922 жылдардағы бандылар. Күні кешеге дейін Қазақстан тарихында осы екі жылдағы бандылар туралы мәселе женді әңгіме болмай келді. Қозғала калса үстірт, қалқи айтылды. Оның орнына Ташкент, Бұқара, Самарқан, Ферғана облыстары мен Түркімен, Қырғыз елдеріндегі басмашылар туралы деректер молырақ қамтылды. Қазақстандағы бандылар туралы сөз қозғалса, көбінесе елді ұжымдастыру, жер аударылған байларды тәркілеу кезеңдерімен байланыстырды. Онда да оларды басқарушылар және оған катысушыларды ұлтшыл-шовинистер. байшыл ақсүйектер деді.

Олар пролетариатқа, Кеңес үкіметіне, Коммунистік партияның саясатына қастандық жасаушылардың әрекеті деп теріс түсіндіріп, ұғындырылды. Нақты жағдайды халықтың санасынан шығарды, деректерді бұрмалады. Сондықтан Қазақстан жерінде 1921-1922 жылдары Ресейдегідей бандылар бүлікшілер болды ма?

Болса оны туғызған қандай жағдай? Шындығында бұлардың барлығы да банды болды ма? Сонда олардың арасында халқым, елім дейтін ерлердің болмағаны ма? «Банды» деген сөздің астарында халықтан жасырынған кұпия сырлар жок па? Мiне, осындай сан салалы сауалдарға жауап іздеп, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған құжаттарды ақтардық (КРОММ 66 қор, 1 тізімдеме. Мұнан былай тек іске және оның парағына сілтеме жасалады-3.И.). Нәтижесінде бұл құжаттар көптеген мәселенің бетін ашты.Ең алдымен бұл тарихи деректер 1921-1922 жылғы бандыларды Кеңестік үкімет пен Коммунистік партияның сол жылдардағы солақай саясаты туғызғандығына көз жеткіздік. Себебі азамат соғысы жылдарындағы әскери коммунизм саясаты кыспағының жаңа экономикалык саясатқа ұласуы, бұл саясатты партия ұйымдарының, кеңес, шаруашылық органдарының солақай жүргізуінен бүкіл одақ көлемінде жаппай ашаршылықтың етек алуы, халық тұрмысының күйзелуі жер-жерде «бандылардың» пайда болуын тездетті. Бұл бандылар ең алдымен Ресей құрамасында бой көтерin, оның оты бүкіл одақты шарпыды. Татар, Башқұрт, Коми, Закавказье, Грузия, Дағыстан республикалары мен Алтай өлкесін, 5 округті, 31 губернияны, Петербург, Мәскеу, Тамбов, Воронеж, т.б. көптеген облыстар мен уездерді қамтыды. Бүкіл одақ көлемін шарпыған бандылардың қарулы күшін басу, оларды жою оңайға түспейтін болды.

Ол үлкен күшті, көп қаржыны. шұғыл шараларды қажет етті. Сол үшін одақ көлемінде Петербург, Мәскеу, Батыс, Орлов, Укранна, Кырым, Солтустік Кавказ, Еділ бойы, Орал бойы және Cібір, Түркістан әскери округтері құрылды. Мұндай әскери округтерді құрмасқа Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің шарасы болмады». Оған қоса Публицистикадағы пікір беру яғни белгілі бір оқиғаға байланысты өз пікірін де жазған.

Оның 2002 жылдың 27 ақпанында «Егемен Қазақстан» газетіне жазған «Тартыс»[3] дейтін мақаласынан көруге болады.

Ол жерде: «Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынов ес біліп, ат жалын тартқан күннен бастап өмірінің соңғы сағаты сокқанша тағдырдың тәлкісіне талай ұшырады. Азап тартты, жалған жаламен қуғындалды. Патшалык, кеңестік абақтылардың азабын да аз тартқан жок. Ал, енді оның «Қазақ» газетін шығару тарихының көмескі тұстары әлі де бар. Өзі айтқандай, «Қазақ» газеті халықтың көзі, құлағы, тілі, халықтың уланбауына медет, білім таратушы, халықтың даусы» болды. Кезінде Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатов тәуекелге бел буып ұйымдастырған бұл газетті көздеген мақсатына жеткізбеу үшін патша үкіметі талай мәрте тосқауыл қойды.

Патша үкіметінің бақылаушы органының тіміскілеушілеріне қосылып Әли Алдабергенұлы, Садық Бекенұлы деген жасырын атпен тасада жатып арыз жазушыларды айтпағанда, елімізге танымал Бақытжан Қаратаев, Көлбай Төгісов, Әліби Жангелдин секілді азаматтардың да көзқарасы мен іс-әрекеттері соншалықты бұрғалаң және басқаша болғанын да айтуға тура келеді.

Сондай бір заман болған гой. Бұлай болу себебі, бұл азаматтардың «Қазақ» газеті мен Алашорда басшыларының ұстаған саяси бағытына өшіккені даусыз. Бұлардың ішінде Ә. Жангелдиннің саяси бағытына қосымша «Қазақ» газетінде Жангелдин христиан дініне кіріп, азан шақырып қойған әкесі мен өз есімін Степнов етіп өзгерткендігіне намыстанып жазылған мақала үшін оларды қандай сипатта бағалағанын, әрине, аңғаруга болады.


Tiпті 1914-1915 жылдары жағдай күн санап ауырлады. Соған байланысты «қазақ» газетінің оқырмандары да, қаржысы да азайды.Сырттан қысым көбейді, оның үстіне тәуекелге бел буып 750 рубльмен ұйымдастырған «Қазақ» газетінің баспаханаға төлейтін қарызы көбейіп, жабылып қалу жабылып қалу қаупі төнді. Сондықтан «Қазақ» газеті арқылы өз алдына баспасхана ашуға қаржы тапшылығы мұрша бермегендіктен де, «Ауқатты Алаш азаматтарына» деген айдармен өтініш жазуға мәжбүр болды. Бұл «қазақ» газеті оқушылары тарапынан қолдау тапты. Әркім хал-қадерінше 25-50 тиыннан бастап 429 рубльге дейін қаржы төлеп, көмек көрсетті. Оның нәтижелері «Қазақтың» №151, №152, №153 сандарында жарияланды.

Онын үстіне Ахмет Байтұрсынов жекелеген ауқатты азаматтарға aрнайы хат жазғандығын да мұрағаттағы құжаттар айғақтайды. Мәселен, Ахмет Байтұрсыновтың Кент болысының басшысы Кәрібай Матаевка «газет шығару үшін Ә. Бөкейханов атына ақша аударуды» сұрап жазған хаты ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында әлі де сактаулы (ҚРОММ 64 қор, 1 тізімдеме, 5832 ic, 210 б.). Ақыры «Қазақ» жалпы халықтың қолдауымен көп қиындықпен жеке баспаханаға колы жетті. Қажетті харіптерді де, жабдықтарды да сатып алды.

Енді газет халқының мұң-зарын, әлеуметтік теңсіздігін баса жазуға кірісті. 1916 жылғы алапатқа, Қазан төңкерісі мен Азамат соғысының топалаңына ұшыраған елдің көзі мен құлағына, тіліне айналды. Бірақ, Орынборды ақтардан тазарткан күні аумалы-төкпелі аласапыран кезенде «халықтың көзін һәм құлағын шығарып тұрған» Азамат серіктестігінің баспаханасына Ә. Жангелдин өз отрядымен келіп баспахананы талқандады. «А. Байтұрсыновты, Ә.Бөкейхановты, М.Дулатовты тауып беріңдер», - деп, қызметкерлеріне қысым жасады. Мұны алдын ала сезіп, қатыгездіктен бой тасалап кеткендіктерін білгеннен кейін «Алаш басшыларын тұтқынға алыңдар» деп жер-жерге жеделхат жіберді.

«Қазақ» газетіне кеткен бұрынғы кегін қайтарудың сәті бұл жолы түспеді, қайтара алмады. Есесін кейін еселеп алды» деп келіп, мақала соңын өз сөзімен «Сөйтіп, есіл ердің жинаған мүлкі талан-таражға түсті. Кезінде жылу жасап көмектескен халық баспаның игілігін көре алмады. Осы сөздермен бұл материалға нүкте коя салуға болар еді. Бірақ «Қазақ» газетін және оның баспаханасын ұйымдастырушы арыстардың бұл мәселе жөніндегі еңбегі бір жақты өтелетін сияқты. Олай дейтініміз, қазір ол баспахана мүліктерінің бірқатарынын нақты аты белгілі болып тұр. ізі шықты.

Сондықтан баспахана харіптерімен ұсақ-түйек заттары құрып кеткенімен, баспалық машиналар мен станоктардың (егер олар тозығы жетіп металл сынықтары ретінде өткізіліп кетпесе) көзі жойылуы мүмкін емес. Себебі күні кешеге дейін ондай машиналар мен станоктарды баспаханалар пайдаланып келді.

Оның үстіне Әскери төңкеріс комитеті Қаз АКСР-інің кұрылуына байланысты өз билігін тиісті мекемелерге тапсырды. Республиканың құрылуына байланысты құрылған комиссариаттарға, Торғай облысы аткомына, Орынбор әскери комиссариатына, Республикалық әскери комиссариатқа берілу мүмкін. Немесe астана Орынбордан Қызылордаға көшкенде (Ақтөбені де естен шығаруға болмайды, себебі К. Акулов бірсыпыра станоктар Ақтөбеге жіберуге буып, түйілді деп көрсетеді өз баяндамасында) қоса жіберілуі де ғажап емес. Сондықтан А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатовтар енбек eтіп, қолдары тиген, оның үстіне халық каржысына сатып алынған машиналарды іздестіріп тауып, мұражайлардың біріне қойса, аталған арыстардың әруағы риза болар еді дейміз.

Ол машиналардың баспахана тарихы үшін де қасиетті мұра екені сөзсіз»-деп аяқтайды. Жазу ісінде Зияда Ижанов ұлт зиялыларын басты назарға алған. Әсіресе, журналистикада шындық пен халыққа пайдалы болатын ақпарат жазудан таймаған. Онысын 1925 жылы 12 ақпанда шыққан Смағұл Сәдуақасұлының «Тілшілердің есіне»[4] атты үндеу-мақаласын 2004 жылы «Таң-Шолпан» журналының №1 санына жариялағанынан көруге болады.

«1. Газет-тұрмыстың айнасы.

Газетте елдің тұрмысын айнадағыдай көрсетіп тұратын жазушы-тілшілер.

2. Tілшінің жазған сөзі басынан аяғына дейін рас болу керек. Газет өсек жинайтын орын емес. Өтірікші кісі газетке тілші бола алмайды.

3. Tілшінің міндеті зор. Оның жазатын нәрселері: маңайындағы шаруашылық жайы, халық ағарту жұмыстары, кеңес

мекемелерінің кұрылысы, халык соттары, милиция, салық жұмыстары, партия, жастар ұйымдары, әйелдер тұрмысы және басқа осы сықылды қара шаруа елдің тұрмыстары жайынан.

4. Tілшіге басқа сөздер жазуға да болады. Ел тұрмысынан алған түрлі әңгімелер, үлкен мақалалар, өлендер, ескі сөздер, мақал-тақпақтар. Осының бәріне газеттің бетінен орын беріледі.

5. Тілші әдемі жазуға тырысуы керек. Сөздері кестелі, ашық, анык болып, ұсақ пікірлерге көп орын бермей, айтамын деген сөзін қысқа ұғындыра білсін. Бірақ «сөзім жаман» деп жазудан тоқталу жарамайды. «Сөйлей-сөйлей шешен боларсың, көре-көре көсем боларсың» деген сықылды бірте-бірте түзелуге әбден мүмкін.6. Тілші жалғыз жазушы ғана болмай, іс жүзінде де маңайындағы елге үлгі болсын. Еңбекші халықтың ақылшысы, жоқшысы болсын! Тілші өзі оқыған газетті жұртқа да жаюға тырыссын. Газеттің алдырушыларын көбейту жолында қызмет етуді— өзінің адамшылық борышының бірі деп санасын. Жолдастық сәлеммен «Еңбекші қазақ» газетінің шығарушысы Сәдуақасұлы Смағұл, хатшысы Сәбит Мұқанұлы Сәбит Орынбор 12 ақпан 1925 жыл»

Ғалым Зияда Ижанов жазушы Ғабит Мүсіреповтің 1930 жылы 14 шілдеде округтық «Сыр бойы» газетіне шыққан «Аламесек не күтеді?»[15] мақаласын талдаған еді. Ол мақалада «Еліміздің маңдайына біткен ерен тұлға Fабит Мүсіреповтің Бейімбетті жау санап өзеурегендерге: «Бейімбет халық жауы болса, мен де жаумын», -деп қызыл саясаттың өкпесіне тепкенін, халық басына түскен қасіретке кабырғасы қайысып, «Бесеудің хаты» мен «Екеудің хатын» жазғанын бұрыннан білетін едік. Ол кезде қарымды қаламгердің мұндай жанкешті жағдайға қалам тербеп, хат жазбауы мүмкін емес еді.


Дәл осы хаттардағы F.Мүсірепов ойының жалғасын оның 1930 жылғы 14 шілдедегі округтік «Сыр бойы» (No86) газетінде жарияланған «Аламесек не күтеді?» деген мақаласынан кездестірдік. Онда көрсетілген Аламесек жалпы жұртқа бұрыннан белгілі мекен емес. Патша заманында да, кенестік кезенде де халық көп шоғырланбаған. Көшпелі елдің 30 үйі орналаскан шағын ел ортасы. Олай болса F.Мүсірепов сонау Алматыдағы Қазақ баспасы меке- месіндегі басшылық қызметінен ат арытып Қызылқұммен шектесіп жатқан елеусіз жерге неге келді, оны не итермеледі? Мақсаты не? Оның басты себебі мынау: күні кешегі кемелденген социализм ұранын көтерген Н.С.Хрущевтің патшалық саясатты қайта қалпына келтіру мақсатымен қазақ даласын өлкелерге бөліп, көршілес республикаларға таратуға жасаған әрекетін айтпағанда, Коммунистік партия мен Кеңес үкіметі әу бастан-ақ қазақ жерін бөлшектеуді көздеген еді.

Мұны зерделі Fабит жақсы білді. Өйткені, РСФСР Халык комиссариаты «ҚазаҚ өлкесін басқару жөніндегі төңкеріс комитеті туралы ереже» бойынша (1919 ж. 10 шілдеде бекітілген) кең байтақ қазақ жерін екіге бөлді. Құрамында Орал, Орынбор, Қостанай, Ақтөбе, Акмола, Семей облыстары мен Адай уезі бар Қазақ Республикасын кұрды. Бірақ «бөлшекте де билей бер» дейтін партиялық саясатты колданды. Орал облысын Астрахан төңкеріc комитетінін, Ақмола мен Семей облыстарын Cібір төңкеріс комитетінің билігіне берді. Кейін Қостанай уезін Ресейдің Челябі уезіне қосып жіберді.

Қазақстанның екінші ажырамас бөлігі - Жетісу, Сырдария облыстарын Түркістан республикасына қосты. Осы бөлісте біз әңгіме еткелі отырған бұрынғы Перовск уезі және оған қараған Аламесек елді мекені Түркістан республикасына берілді. Шаруашылықка жері шұрайлы, суы мол, ауа-райы қолайлы Жетісу мен Сырдарияоблыстарындағы 7 уез карауындағы 148 болыстың негізі байырғы ұлт екендігін есепке алмады. Дұрысы бұл бөліс ел берекесін кетірді. Мұндай солақай шешімге зерделі азаматтар қарсы болды. Сондыктан солақай саясат иелері Орта Азия республикаларын ұлт кұрамы жағынан қайта бөлу дегенді ойлап тапты. Оның жобасын жасап, бекітті. Сөйтіп, Әулиеата (25 больс), Ташкент (10 болыс), Мырзашөл (2 болыс), Самарқан (6 болыс) және Ақмешіт, Қазалы, Түркістан, Шымкент (125 болыс) уездері есебінен Сырдария облысын қайта кұрды. Оны Қазақ Республикасына қосты.

Бірақ 25 болыс елді Өзбекстан мен Қырғыз Республикаларында қалдырды. Осылайша РК(б)П Орталық комитеті мен БОАК тұтас қазақ өлкесін api итеріп, бері жығып, бірнеше рет белшектеп, халық тағдырын ойыншықка айналдырды. Перовск (Қызылорда) уезінің іргесі бірнеше рет сегілді. Ажыратты, таратты, кайта ұйымдастырды. Осы аласапыран кезде «Жоқтан бар жасаймыз!», «Құдайдың бермесін тартып аламыз!», «Әр отбасындағы аспазшы әйел мемлекет басқарады!» деген өзеyреген ұранды басшылыққа алып, «Көшпелі, жартылай көшпелі елді жаппай отырықшыландырамыз!» деген бастамамен 30 үйлі көшпелі ел ортасында Аламесек ауданын ұйымдастырды.

Аламесек ауданын құрғанда аудандық мекемелерге қажетті орын, басшы кадрлар 30 үйден шықпайтыны ешкімнің қаперіне кірмеді. Бір ғажабы, ауданды ұйымдастыруға ықылас білдірген Қазак Өлкелік партия комитеті де, Өлкелік атқару комитеті де, алынған ұсыныстың дұрыс, терісін қадағалап, басшылық жасайтын РК(б)П Орталық комитеті де, Бүкілодактық Атқару комитеті де Аламесек ауданы құрылғаннан кейін екі жыл бойы оның тағдырына назар салмады. Ондай ауданның өмірде бар екендігін естен шығарды. Өйткені, ауданды Бүкілодақтық Орталық аткару комитеті 1928 жылдың 3 қыркүйектегі қаулысымен бекітті. Содан 1930 жылдың екінші жартысына дейін ауданды тек бір хатшы басқарды.

Аудандық партия комитетінің бюро, пленум мүшелері, бөлім басшылары сайланбаған. Бұған қарағанда, асыра сілтеу кезінде аудандық партия комитетінің хатшысы тек иек қағумен сайланған, аудандық партия комитетінің ұйымдастыру пленумы өткізілмеген-ау деген ой келеді. Ұйымдастыру пленумы болса аудандық партия комитетінің пленумы мен бюро мүшелері, бөлім басшылары сайланып, бекітілуі тиісті. Дарынды Ғабит ел апшысын куырған қызыл саясаттың, өктем биліктің тамыры соғып тұрған жері Аламесек ауданы екенін жақсы білді.

Сондықтан әлімсактан іргесі қаланған, кенестік биліктің қос тізгінін еркін ұстауға қалыптасқан, өнеркәсібі өркендеген, немесе, шаруашылығы ілгері басып, арқа-басы кеңіген ауданға бармады. Ащы өмірден зарыққан, судыр саясаттан тарыққан, жалған сөзге еліктеп, арқа еті басқарған ауданның халін өз көзімен көруді мақсат етті. Сөйтіп, ол өңкей қызылсирақ кедей басқарған Аламесек ауданына келді. Аудан басшыларының ақыл-ойы, қабілеті, жетпеген тұстарына кеңесіп, көмегін берді.

Мұнда орын алған кемшіліктерге аудандық басшылар кінәлі емес, оған кінәлі Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің басшылары деп түйіндеді. Осының негізінде халық тағдырын ойыншық еткен Коммунистік партия мен Кеңес үкіметінің асыра сілтеу, кесірлі де кесапатты, алақұйын саясатын «Аламесек не күтеді?» деген шағын мақаламен арса, борбай еті — борша кедей батырақтар тас-талқан етті. Қазақтың байырғы қарапайым сөздерімен өз ойын діттеген нысанаға дөп тигізді. Бір таңғаларлығы «Аламесек не күтеді?» кезінде Fабиттің соңына түсіп, тырнақ астынан кір іздеушілердің де, Ғабит творчествосын зерттеушілердің де назарына ілікпеген. Оның сыры округтік баспасөзде жариялануы.

Әйтпесе бұл мақаладағы басқару, ұйымдастыру саласындағы кеңестік алақұйын саясатты Fабиттің өзіне тән тәсілмен әр сөздің тігісін жатқызып, сынап-мінеуі, кекетуi Қызыл белсенділер мен желөкпе назарынан тыс қалуы ол кезде мүмкін емес еді. Бір өкінішті мәселе басшылары Ғабит көрсеткен кемшілікті түзеп, ауданды аяғынан тік тұрғызып, калпына келтірудің орнына мақала жарық көргеннен кейін екі жетіде, яғни 1930 жылғы 23 шілдеде Бүкілодақтық Орталық атқару комитеті Аламесек ауданының шаңырағын ортасына түсірді. Ол қараған Қызылорда округінің iргесіне іpіткі салды. Аламесек ауданын жойды. Қызылорда округін аудан етіп кұрды. Аламесек ауданын таратып, оны жаңа ұйымдастырылған ауданға қосты.

Бұрын Қызылорда округіне қараған Тереңезек ауданын екіге бөлді, бір жартысын Қызылорда ауданына, екінші бөлігін Қармакшы aуданына берді. Шиелі ауданын Жаңақорған ауданына біріктірді. Сөйтіп, ел тіршілігін быт-шыт етті. Аламесек не күтеді?» мақаласын жұртшылыққа ұсынып отырмыз». Журналист ағамыздың Алаштан бөлек, жалпыға ортақ қазақ тарихынан да сырт шерткен екен. Әсіресе, «Еділді тартып алғаны...»[16] атты 1994 жылдың 6 қазанында «Маңғыстау» газетіне шыққан мақаласында еліміздің батыс өңіріндегі қазақтардың жай-күйін жазып, патшалық Ресейдің Қазақстанның батыс өңірін қалай жаулап алғандығы туралы жазған. «Тарихқа көз жіберсек орыс отарлаушыларының қазақ даласына көз тігуінің түп тамыры тереңде жатыр. 1552 жылы орыс әскерлерінің Қазанды алуы, Алтын Орданын құлап, 1556 жылы Астраханның орыстарға соғыссыз берілуі Ресей шекарасының қазақ даласына шектесіп, тірелуіне әкеп соқты.

Орыс мемлекеті Каспий теңізіне дейін Еділ өзенін қатынас жолына айналдыруы Еділдің екі жағындағы маң даланы өз билігіне алуына және оны емін-еркін билеп-тестеуіне мүмкіндік жасады. «Россия, теңізіне өз билігін жүргізумен бірге өзіне байлық пен күштің жаңа көзін ашты» («Орыс мемлекетінің тарихы». 1851-1853 ж., YII т., - деп жазды орыс тарихшысы Н.М. Карамзин. Белгілі саясаткер, орыс мемлекетін қалыптастыруда ерекше тұлға ПетрI Осы мақсатын жүзеге асыруға Каспий теңізі оның терістік, шығыс жағалауларын, әсіресе, қазақ даласын игеруді XҮШ ғасырдың алғашкы 20-жылдығында-ак кірісті. Мұны 1722 жылы Парсы жорығында Петр 1 тілмашы болған Тевкеелевтің (А.И. Тевкелев) мына сөзі дәлелдейді: «Киргиз-кайсацкие степи..являются ключем и вратами всем азиатским странам и землям, и той ради причины оная Российской протекцией быть, чтобы только через. -де Орда потребна под рез их во всех азиатских странах команикацию иметь и к российской стороне полезные, и способные меры взять», деп ұлы Петрдің берген анықтамасын Тевкелев тілге тиек еткен. («Разные бумаги генерал-майора А.Тевкеле- ва об Оренбургском крае и киргиз-кайсацких ордах», 1762 г., кн. 13, отдел III, стр. 15) Жоғарыда келтірген «Азияға шығатын какпанын кілті» деп айтқан ұлы Петрдің сөзін онан кейінгі орыс патшалары мен орыс отарлаушылары Иса пайғамбарының айтқан сөзінен де, дұғасынан да күшті ұғынды, жандандырып ешбір тыным таппай іс жүзіне асырды.

Каспийдің терістік, шығыс жағалауын игерудің бастамасын ұлы Петрдің өзі бастады. Бірақ тағдыр оның аяқталуына Петрдің өмірін жеткізбеді. Орыс отарлаушылары о бастан жаңа елді, жерді басып алуында негізінен үш түрлі сұрқиялық саясатты қолданды. Оның біріншісі және ең бастысы, жергілікті халықты алдау үшін бейбіт мақсатпен деген желеумен елдің, жердің жағдайын білу, халықтың тұрмыс-күйін, мінез-кұлкын, тыныс-тіршілігін, жаратылысын, ауа райын зерттеу үшін экспедиция ұйымдастыру ісін негіздеп колға алды.

Екіншіден, жергілікті тұрғын халықты ығыстырып, орыстарды қоныстандыру, бекініс салуды берік мақсатка айналдырды. Үшіншіден, жаңадан отарлаған жердің бұрынғы атауларын өзгертіп, толығынан орыс атауларын енгізуді жүзеге асырды. Қазақ жеріне жасалған экспедицияның қай-қайсысы болса да осы үш мақсатты бірден жүзеге асырып отырды. Қазақстанның басқа жерлеріндегі орыс отарлаушыларының осындай экспедицияларына тоқталмай, әңгімемізге арқау болып отырған Каспийдің терістік, шығыс жағалаулары мен Маңғыстау өңіріне отарлаушылардың ұйымдастырған кейбір экспедицияларының іс-әрекетін тарих таразысына салуды жөн көрдік» - делінеді А.И. Тевкелев жазбаларында.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1. З.Ижанов. «Меценат – Захар Дубский»// «Маңғыстау» г. – 1996. – 30 шілде

2. З.Ижанов. «Бандылар». //«Егемен Қазақстан» - 2001. - 31 қазан

3. З.Ижанов.«Тартыс»//«Егемен Қазақстан». – 2002. - 27 ақпан

4. З.Ижанов.«Тілшілердің есіне»//«Таң-Шолпан» .- 2004.- №1 саны