Зияда Ижановтың қазақ тарихына қатысты ойлары
07.04.2022 1635
Ұлт тарихы үшін үздіксіз қызмет еткен сом тұлғалардың бірі - Зияда Ижанов. Бүгінгі мақаламызда сол мұрағат ісінің ардагері Зияда Ижановтың қазақ тарихына қатысты тың ойлары мен деректерді қаузаймыз.

Мұрағатпен баспа ісін де сүйретіп жүргесін өзі мақала-материал көп жариялайтын газеттерінің бірі – «Ана тілі» газеті қойған үш сұраққа жауап берген еді. Ол 1998 жылы 12 сәуірде «Ана тілі» газетінде жарияланды. Мақалада өзінің негізгі бағыты – мұрағат саласының артықшылығын жеткізген екен. Айта кетерлігі Зияда Ижановтың ұрпақтары қолжазба және мақалалары негізінде шығарған 8 томдық кітабындағы мақала-материалдың көбі – мұрағаттан алынған. Дәлірек: «Ана тілі» газетінің үш сұрағына жауап» [1]



1.                        «Қазіргі ресми қазақ тарихы ақиқат па?

Қазіргі қазақ тарихын ақиқаттан алшақ деп кесіп айтуға болмайды. Тек ақиқаттың көмескі ізі ғана бар. Оған дәлел: Біріншіден, қазақтың төл тарихын қазақы дәстүрін жүрегіне сактамаған, қазақ халқының мұң-зарын, қайғы-қасіретін сезінбеген өзге ұлттар жазды. Қазақы қаны жок кісі ұлт тарихын тебіреніп жазбайды. Екіншіден, қазақ тарихын күні бүгінге дейін жасап жүрген кейбір қазақ ғалымдары тарихымызды орыс тілінде жазды. Коммунистік идеологияның сызығынан аттай алмады. Қазақ тарихын зeрделеп жазуға «ләппайшыл» ғалымдардын батылдығы мен табандылығы жетпеді. Үшіншіден, коммунистік идеология сүйегіне өтіп кеткен кейбір ғалымдар: «Маркс, Энгельс, Ленин армандаған социализмді қорғаймын, оларды жоққа шығарушылармен келісе алмаймын» дейді.

Мұндай көзқарас тарихты жасаушыларга «әлі де байқандар» деп ескертетін сиякты. Төртіншіден, бізде тарихшы ғалымдар жеткілікті. Бірак, олардың барлығы дерлік кезінде қорғаған тақырыптарының айналасын шиырлаудан әрі аса алмай жүр. Бесіншіден, шетелдердегі және таяу шетелдердегі архивтердің қазак тарихына катысты материалдары жеткіліксіз болса да біржакты, тек Коммунистік партияның көздеген саясатына нұқсан келмейтін жактары ғана іpіктеліп алынған.

Алтыншыдан, тарихтағы әділдікке көз жеткізу үшін ағын да, қарасын да қаз-қалпында көрсетіп жазу жетіңкіремейді. Егер қаз- калпында көрсетіліп жазылса, тарихи шындық сонда ғана ашыла түседі. Жетіншіден, ғалымдардың көпшілігі орыс тілінен басқа шетел тілін жетік біле бермейді. Сондықтан төл тарихымызды жасауда ертеректегі аудармашылардың енбектерімен қанағаттануда. Бұл тұрғыда аудармашының ойы, түйсігі, ұлтка көзқарасы, т.б. ескерілуі тиіс. Сегізіншіден, соңғы кезде ауызекі әңгімеге негізделген, ешбір кұжатпен дәлелденбеген «бәленше батыр, түгенше шешен, хандар өткен еді» деп кітаптар жазу етек алуда. Бұл тарихты шатыстыруы ғажап емес.

2.                        Ақиқат болмаса, сіздің көзқарасыңыз?

Зерделі қазақ тарихы болу ушін Англия, Египет, Арабия, Венгрия, Қытай, Монголия, Америка, Испан, т.б. шетелдермен Санкт-Петербург, Қазан, Мәскеу, Орынбор, Омбы, Том, Астрахан, Тәшкент, т.б. қалаларындағы архив қорларындагы қазақ (түрк) тарихына катысты деректерді шетел тілін білетін мамандар арқылы жинақтаса дұрыс болар еді.

3. Болашақта қазақ тарихын қалай жасаyға болады?

Қазақ тарихын жазудағы кемшіліктерді толыктыру үшн алыс шетелде жүрiп қазақ (түрк) тарихын зерделеп жазып жүрген ғалымдарды шақырып, қатыстырса тың деректермен, белгісіз құжаттармен толығар еді».

Өткен тарихқа құрметі жоғары болған Зияда Ижановтың Алматыдағы «Кеңсайдың» жағдайын да жазған. Жалпы алғанда қатып қалған санаулы тақырып қана емес, руханиятқа қатысты мәселенің көбін жазуға тырысқан.

«Кеңсайдағы келеңсіздіктер»[2] Тарихка көз жіберсек Қожа Ахмет Яссауи зиратына жеткізіл жерлеу үшін ел басқарған хан да, батыр да, би мен шешен де, хазірет те туған-туыстарына, ел-жұртына өсиет жасаған. Жыл мерзімінін, aya pайынын жағдайына қарамай жеткізу, мүмкін болмаған жағдайда аманат етіп сақтап, қалайда о дүниелік жанның тілегін орындау артында тірі калғандардың мойындағы парызы, өтейтін қарызы болған. Бұл біздің қанымызға, атадан балаға, ұрпактан ұрпаққа жалғасқан салттың айнымас, бұлжымас заңының бірі.

Себебі «...біздерді мұсылман күйінде өлтір, жаксыларға қоса көр!», - деп Аллаға басы жұмыр мұсылман пенде жалынады (Қалифа Алтай. «Құран әліппесі және иманның шарттары», 35 б.). Өйткені, «қырыктың бірі - қыдыр», ең болмаса о дүниеде таза орында, жақсы жерде, ел кадірлеген, құрметтеген жандармен қатар жатсам дейтін тірілердің арманы. Өлмейтін пенде жок. «Өзекті жанға бір өлім» бар екені рас. О дүниеде сол «қырықтың бірі - қыдырдың» шарапаты тиер деп үміттенеді, соған сенеді.

Діни сенімнің негізі осы. Сондықтан да әулие-әнбилер жатқан жерге, Қожа Ахмет Яссауи сияқты киелі орынға жерленеді, сонан о дүниелік тұрақты мекенді қалайды, Ал, Алматы тұрғындарынын екісінің бipi «Кеңсай» зиратынан бұйырса екен деп тілейтіні анык, Сол үшін де аталмыш зират қасиетті де киелі орын. Бұл касиетті зиратта еліміздің ардақтылары Д.А.Қонаев, Б.Момышұлы, F.Мүсірепов, тағы баска да қырық жарым мыңдай аяулы азаматтарымыздың жамбасы тиген.

Алайда, осындай қасиетті орынды аяқ асты еткен кейбір қара ниет, мейірімсіз, жаксылыққа, адамгершілікке жаны қас, ұят-арды сезінбейтін, құдайдан гөрі құлқынның құлы болған пенделердің іс-әрекетін де айтпасқа болмайды. Бұл өз көзімізбен көріп, ренжіген шындық. «Кеңсайдың» о жақ, бұ жағына шығып аралап, көз салсаң ойға оралатын бір жай шығыс жағы мен батысында үлкен айырма бар.

Шығыс беттeri жолдар асфальттанған, машина тоқтайтын аялдама, айналып оралып бұрылатын алаң, егілген саялы, сәнді ағаш көз тартады. Ал батыс (бөлігінде) бетінде жауынды-шашынды, ылғалды күндері, мұздақ мезгілінде машинаның жүруіне қиындык келтіретін, балшықты, әрі ені тар қара жол.


Бұл бетте ағаш жоқтын қасында, бұрынғы ағаштар қурап, қирап қалған. Жаңадан егілген ағаш, гүл сирек. Жолдың екі беті лас. Зират айналасындагы қоршау бұзылып, адам, мал өтетін тесіктер пайда болған. Бір таңғаларлығы зираттың батыс түстігінде кейбіреулер қоршаудан зиратқа еніп, көкеніс еге бастаган. Кез келген жерде шашылып жатқан қоқыс, мерзімі өткен гүл дестелер, қаңылтыр, тері-терсек қалдыктары. Бірсыпыра бейіттердің шарбақтарын сындырып, кейбіреулерін төңкеріп тастағандары да кездеседі. Ең сорақысы батыс беттегі бейіттер үсті айналадағы тұрғындар иттерінің ойнағына, малының жайылымына, балаларының ойын алаңына айналған. Бұған нақты дәлел керек пе? Ол мынау: зираттың батысында бейіттің айналасын бетонмен қоршаған Мусин Сауықұлының үлкен кесенесі мен қазақтың белгілі ақыны Әбдіраш Жәмішевтін бейіттерін барып көрініздер.

Мусинның бейіті үстін сиыр толарсақтан кешсе, ал Әбдіраш бейітін eсirіне ілген шынжыры болса да (шамасы шынжырды алып, сиырды соған айдап кіргізген болуы керек, әйтпесе шынжырды сиыр аттап өтерлік емес) сиыр кіріп таптаған. Қай дінде де, қай халыкта да өлікті, бейітті, зиратты қорғау, құрметтеу игілікті салт. Жоғарыдағы келеңсіз көріністі көргенде Орталық мемлекеттік архивтегі 1906 жылғы бр құжат ойға оралады. Манғыстау уезi бастыгы, подполковник Бялоновичтің сол жылдың 8 маусымдағы қаулысы. Онда Форт-Александровскідегі орыс зиратына тұсаулы мініс аттарынын жайылып барғанына мал иелері: Жалмағанбек Шалниязов, Шобдарбай Бекниязов, Жиенбек Телепов, Кұлшар Байгазиев, Есмағанбет Кірбасовтарға әрқайсысына 5 сомнан айып салған (ҚРОМА 40 кор, 1 тізбе, 35 байлам, 738 ic, 83 б.). Осындай тағы бір дерек осы зиратқа барған Шал Өтебаевтын атын жоғарыда айтылған Бялоновичтін шығарған бұйрығы негізінде атып өлтірген, өзін ұрып, соққыға жыққан.

Әрине, орыс офицері, Маңғыстау уезінін бастығы Бялонович жылқыларды иелері зиратқа әдейі апарып жаймағанын біледі. Оған санасы да, ақыл-ойы да жетеді. Бірақ орыс ұлтының моласын бұратаналардың малынан аяқ асты болуына намыстанған, екіншіден, орыс зиратын қадірлеген, құрметтеген, корғағандыгы, сол үшін батыл шара жасап, қатаң бұйрық шығарган. Ал біз айдың күні аманында, егеменді ел болдық деп бөркімізді аспанға лақтырып, алақайлап жүріп асыл азаматтардың жатқан жерін ит ойнаққа айналдырып, үстіне мал жаюға жол бердік».

Зияда Ижанов ағамыз қазақтың ескі ертегілерін де жинап, мерзімді баспасөз беттеріне жариялап тұрған. Соның бірі Н.Ф.Катанин жинаған (1909 ж.) қазақ ертегілерінің бірі «Жалмауыз кемпір мен хан қызы»[3]

«Еске түспес ерте заманда бір хан болыпты. Ол ханнын бір әйелі, бір сұлу қызы бар екен. Қызының еcімі Тойдым екен. Бір күні хан ерігіп отырып «Осы қызымның есімін тапқан адамға жасауымен тегін беремін, ал таба алмағандардың басын аламын», - деп жар салыпты. Хан қызына үйленемін деп батырлар да, жайсан жігіттер де, байдың мырзалары да келіпті. Бірак олардын бір де біреуі хан кызының есімін дәл тауып айта алмай бастарынан айырылыпты. Сонан ай өтіпті, жылжып жыл өтіпті. Акырында хан ол жерден қоныс аударып бір тау етегіне барып қоныпты. Хан ауылы жайғасып болған кезде хан ордасына бір жұпыны киінген қарт келіпті:

-                Хан ием, қызыңыздың есімін дәл тауып айтсам маған бересіз бе? - депті. Хан:

-                Егерде дәл тауып айтсан, уәдем уәде, қызымды жасауымен беремін, ал таба алмасан, өз обалың езіңе, онда басынды аламын, - депті.

Сонда қарт ойланбастан:

-                Хан ием, қызыңыздың есімі Тойдым, -деп жауап беріпті.

-                Хан:

-                Айтқаның дұрыс, қызымды үш күннен кейін жасауымен аласын, - деп уэделі мерзімін белгілейді.

Уәделі күні шал хан қызын алатын күйеу болып келіпті. Хан кызын жасауымен ұзатып салады. Қыз бұрын болашақ күйеуін көрмеген. Жолда келе жатып күйеуім қандай екен, нендей қасиеті бар жан екен деп көз қырын салып караса аузында бір тіcі жок, сақалы беліне түскен мыжырайган кемпір бет, қаусаған шалды көрген қыз:

-                Әкем ерігіп eсімімді тапқан адамға кызымды тегін беремін деп қаншама адамның басын алды, олардың өмірін жойды, жазықсыз жандардың өркенін қиды, уэдемді орындаймын деп ақырында өлмелі шалға берді, бүкіл жастық өмірім қорлықпен өтетін болды, гүлім солды, -деп зарлайды.

Бұл зарлаған дауысты естіген көшпен бірге келе жатқан тұлпар қызға:

-                Сен несіне жылайсын? Жылама, ендігі ic өзіңе байланысты. Ол сен айтқандай қаусаған шал емес, кұбылып келе жаткан жалмауыз кемпір. Сен астындағы атыңның ер-тоқымын маған ауыстырып сал да, әкеңнің қылышын беліңе байла және көште келе жатқан қара бураны жетегіңе алып, қасыңнан қалдырма, қалған істі кезінде көрерсің, - деді.

Тұлпардың айтқанын хан қызы бірден ұғынды да, орындады. Көш ілгері жылжый берді.

Бірнеше күннен кейін алдынан тігулі тұрған бір ақ боз үй, бір қараша үй көрінді. Бұл жалмауыз кемпірдің алдандырып хан қызының көзін жою үшін тіккен үйі еді. Хан қызының әрекетін күні бұрын біліп отырған жалмауыз кемпір ақ боз үйден айдаһар болып шықты да: «Мен сені жұтамын», -деп қызға ұмтылды. Сол кезде қыз жетегіндегі қара бура аузынан көбігін бұрқырата шашып, шабынып айдаһaрды жұтты да жіберді.

Құдай бұл пәледен кұтқарған шығар деп тұрғанда қараша үйден жеті басты алып жылан шығып қызды құйрығымен орап алып жұтуға жеті басынан бірдей от лапылдатып шашып, ысылдап жылжыды. Мұны көріп тұрған қара бура лапылдаган жеті отты көбігімен өшірді. Қыз қылышпен жыланның екі басын бірден турап жерге түсірді. Бір басты қара бура қырқып жұтты. Тағы бір басты тұлпар таптады. Жыланның калған басы шабуылын бұрынғыдан да қатты өршітіп, қызды буындыруға ұмтылды. Тұлпарға жармасқан жыланның бір басын қыз қылышпен қағып түсірген сәтте, қара бура бір басты тағы жұтып үлгерді.

Алып жыланның соңғы басы қалған сәтте тұлпар қызға: «Көзіңді жұм, мен сені кұлақ естімес, көз көрмес жерге алып ұшамын. Енді жалғыз басты жылан болған жалмауыз кемпір ол жақтан сені таба алмайды», - деді де көзді ашып, жұмғанша тұлпар самұрық болып көкке көтерілді. Бірнеше теңіздер мен таулы өлкелердің үстінен, бұлттың ар жағына өтіп, елсіз, кең жазық жерге түсірді. Айдаһар, жеті басты жылан болып мың құбылған жалмауыз кемпірдің зұлымдылығынан құтылған қыз айдалада шөптен күрке соғып, тұлпарымен аң қуып алып күн көріп жүрді. Сондай аң аулап жүрген сәттерінде бір жігітке кездесті. Ол да аңшы екен. Екеуі тіл табысады. Жігіт өз еліне хан қызын әкеліп, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап үйленеді. Хан қызы «ай десе аузы, күн десе көзі бар» ұл туыпты. Сөйтіп, хан қызы еріккенде ермек еткен әкесінің мазағынан, жалмауыз кемпірдің зұлымдығынан құтылып бақытты өмір сүріп, мұратына жетіпті. «Бала би» журналы, 2006 ж.

Зияда Ижанов жазған мақалаларының көбіне қазақ зиялыларын тілге тиек еткен. Әсіресе, олардың көрген қорлығы, шеккені азабы туралы қалың оқырманға жеткізуге тырысты. Мұрағаттағы дерек болғасын еріксіз сенесің.

Әсіресе, ұлт зиялысы болған Сәкен Сейфуллиннің өлімі, оны кім азаптады және қай ісі үшін деген мың түрлі сұраққа «Тамұқ»[4] атты 2002 жылдың 30 қаңтарында «Егемен Қазақстан» газетіне шыққан мақаласы жауап бере алады. Мақалада: «1937 жылы Сәкен Сейфуллинге қазақ жазушысы ретінде троцкийшіл көзқараста болды, 1928 жылдан бастап ұлтшыл-контрреволюцияшыл топпен бірлесіп, Қазақстанда Кеңес үкіметіне қарсы ұлтшыл-буржуазияшыл, терроршыл- төңкерісшіл және ұйымына кірді, ұйымға жаңадан мүшелер тартты, БК(б)П басшылары мен Кеңес үкіметіне қарсы террорлық актілерді дайындауға қатысты деген айыптар тағылды. Онымен қоса Сейфуллин «қылмысын» қоюлату үшін Тоғжанов, Құлымбетов, Садуақасов, Жансүгіров, Кенжиннің тергеу протоколдарының көшірмелерінде Сәкен ісі негізге алынды.

«Сәкен халық жауы болды» дейтін газет-журналдарда жарияланған үкімнен басқаны білмейтін жұртшылық ақынның тұтқынға алынуы, айыпталуы оның «Менің қателерім туралы» деген мақаласына(«Каз.правда» No76, 2.IX.1929 г.) байланысты болды десе, екінші біреулері Сәкен Кеңестердің XI съезіне қатысқаннан кейін И.В. Сталинге, В.М. Молотовка, В.В. Куйбышевке Қазақстандағы келенсіз жағдайларды айтуы болды дейді. Үшіншілері, Қазақстан кадрларын жою жоспары ерте жасалғанын айтады. Ол (Сәкен) И.В. Сталинге өзін Қазақстаннан алдырып, Мәскеудегі Коммунистік академияға қабылдауға өтініш жасағанда, И.В. Сталин: «..Устроить в Комакадемию легко, но Вам именно теперь и нужно работать в Казахстане.

Если положение там таково, то Вам советую оттуда не бежать, а наоборот работать», -деп оны әдейі зұлымдықпен шығарып салып, жалған кеңес берді дейді. Бізше, бұл үш пікірдің де өздерінше дәлелдері жеткілікті. Өйткені жоғарыда аталған мақалада Қазақстанда 1922 жылы құрылған екі топтың барын, оларды кімдердің басқаратынын, олардың өзара дүрдараз пікірін айтуы себеп болуы ғажап емес дейтін пікір айтушылардың мұндай долбар жасауы Қазақстан Республикасында кадрларды жаппай қырып-жою, қуғын-сүргінге ұшырату жоспарларының Орталық партия комитетінің нұсқауымен жасалып жатқандығын білмегендігінің салдары еді. Сондай нұсқау бойынша жазықсыз тұтқындалып, атылғандардың бірі — Сәкен Сейфуллин. Таяуда ақынның тағдырына қатысты жоғарыдағы дүдәмал әнгімелерді жоққа шығаратын, әрі оның жалған, заңсыз жасалған құжаттармен өмірінің қиылғандығына көз жеткізетін дерек қолымызға түсті.

Ол жарты ғасырға жуық сақталған С. Сейфуллинді айыптау жөніндегі тергеу ici бойынша Алматы облыстық прокурорының көмекшісі Лобахтың анықтамасы және осы анықтама негізінде Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы М.Б. Бейсебаевқа 1958 жылғы 16 сәуірде жолдаған облыстық прокурор, мемлекеттік әділет кеңесшіcі P. Мұхамедьяровтың қатынасы (АОMM 408 кор, 2 тізімдеме, 1564-a ic). Бұл анықтама мен қатынас С. Сейфуллинге жүргізілген тергеу сол кездегі қолданыста болған РСФСР Қылмыстық істерді жүргізу нормаларының өрескел бұрмаланғанына және ең бастысы дауылпаз ақынның көзін жою үшін шұғыл түрде заңсыз, жалған құжаттар дайындалғанына, тергеу дөрекі жүргізілгендігіне көз жеткізеді.

Мұндай ойымызды қолдағы құжат былай дәлелдейді. Біріншіден, әу баста 1937 жылдың 24 кыркүйегінде қолдарында тұткындау жөнінде қаулы болмаса да, С. Сейфуллинді Қазақ ССР Iшкі істер халық комиссариаты 3-бөлім бастығының көмекшсі Алматы облыстық мемлекеттік мұрағатында Сергей Александрович Коновалов пен осы бөлімнінң өкілді оператив қызметкерi Владимир Семенович Курусь тұтқындап, үй мүлкіне хаттау жүргізген. Ал тұтқындау жөніндегі қаулыны мұнан бір күн кейін, яғни 1937 жылдың 25 кыркүйегі күні Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссариаты 4-бөлімінің қызметкерлері Садықов пен Катков шығарған. Сол күні бұл қаулыны Қазақ ССР Ішкі істер халық комиссарының орынбасары П. Володзько бекіткен (Аталған істің 3 п.).

Екінші бір жалған кұжат «Сейфуллин өз кінәсін мойындады» деп ақын тұтқындалған күннің ертеңіне, яғни 1937 жылы 25 қыркүйекте жасалған хаттама. Оның жалғандығына дәлел ретінде сол кезде Қазак ССР Iшкі істер халық комиссариаты 4-бөлімнің тергеушісі Баймурзиннің 1937 жылғы 6 казанда Сәкен Сейфуллин туралы жасаған актіcіндегі сөзді қансөлі өзгермеген қалпында ұсынамыз: «...Составлен настояший акт в том, что сего числа в 6 час. 30 минут утра на допросе арестованный Сейфуллин Сакен в течении 10 суток ведет себя перед следствием нетактично. Набросил оскорбление на органы НКВД, распространял антисоветскую клевету, что якобы все жены арестованных арестованы и высланы, и в том числе Сейфуллина.

Пытался избить меня, выхватил стул и пытался ударить меня, но мною стул был отнят» (Аталған істің 4 п.). Аталмыш мекеменің екінші қызметкері Серембаевтың 1937 жылы 7 қазанда жасаған осы мазмұнды актіcі жоғарыдағы ойымызды одан apі былай толықтырады: «..Обвиняемый Сейфуллин на допросе упорно отрицал дачу правдивых показаний, когда я стал настаивать о даче правдивых показаний, Сейфуллин приостановил писание и начал рвать свои показания, где я захватил показания и отобрал, а он стал ругать меня и по адресу НКВД, и пытался ударить головой о стену, я не допускал» (Аталған істің 4 п.). Серембаев С. Сейфуллинге тек акті жасаумен тынбады. 1937 жылғы 8 қазанда Қазақ ССР НКВД-нің 4-бөлімінің бөлімше бастығы Ивановка С. Сейфуллин 15 тәулік бойы өзін қылмыстымын деп санамады, «халық жауысың» деп айтқаным үшін маған ұрысты және «...Вы ничего не знаете, если Вам дают деньги на хлеб и отдых в сутки три часа, больше Вам ничего не надо. Вы не знаете сущности за что мы казахские работники сидим и за что боремся, и т.д.» деген сөздерді айтты деп рапорт тапсырды.

Бұл екі тергеушінің сөзі Сәкен 25 қыркүйекте «қылмысын мойындады» деген құжаттың жалған екендігін нақты дәлелдеп тұр» - деп мақала авторы мұрағаттағы шын деректі бүРКемесіз берген. Мақала соңын Зияда Ижанұлы: «Бірақ ойланайықшы, ағайын, осындай шырылдаған шындықты бүркемелеуден нендей пайда тауып жүрміз? Бүркемелеуден кезінде етек алған заңсыздықтарды ұйымдастырушылардың әрекеті, қылмыстары жарияланбай келеді. 1937-1938 жылдардағы қуғынсүргінге ұшыраған халқымыздың мандайына біткен қаймақтарының тағдыры дәл осы біз айтқан Сәкеннің тағдырындай емес деп кім куәлік ете алады? Ондай опасыздар олардың отбасын талқандады. Өмірінің өркенін қиды. Сол үшін марапатталды. Ешбір қылмыс жасамағандай, алшаңдап өмір сүрді. Сонда қорытындысында кім пайда көрді, кім зиян шекті? Біздің түсінігімізше, қылмыс жасағандарды, опасыздарды бүркемелеу келешек тарихқа зиян. Шырылдаған шындықты айқара ашу, ақты ак, қараны қара деп көрсету жөн.

Неге десеңіз, адам санасына ерте не кеш болсын, мен о дүниелік болсам да артым дау-дамайсыз болмайды екен-ау деген ұғым түсетіні сөзсіз. Осы ұғымды есіне түсірген әрбір жан мұндай пасықтықтан бойын аулақ салады. Өз ұрпағына адалдықты, тазалықты үйретіп өтеді. Олай болса, шырылдаған шындықты ашудан, жариялаудан ұтылмаймыз. Бұл шындықты бүгінгі күні біз ашпағанмен, келешек ұрпақ ашатыны сөзсіз» - деп аяқтайды.


ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


1.   З.Ижанов. «Ана тілі» газетінін үш сұрағына жауап»// «Ана тілі».- 1998.-12 наурыз

2.   З.Ижанов. «Кеңсайдағы келеңсідіктер»//«Алматы ақшамы». – 1996.- 12 тамыз

3.   З.Ижанов. «Жалмауыз кемпір мен хан қызы»// «Бала би» журналы. – 2006.- №5

З.Ижанов. «Тамұқ»//«Егемен Қазақстан». -2002. -30 қаңтарында