ҚЫРҒЫЗ ХАЛҚЫ – ЕЖЕЛГІ ДИНЛИН ХАЛҚЫНЫҢ ХЭГУ РУЫНАН
01.04.2022 2727

Қырғыз халқы негізі «қырғы» деп аталған тайпадан қалыптасқан, бұл ру ежелгі дилиндік тайпалар тізімінде «хэгу» деп көрсетілгені мәлім. Динлин халқы өз кезегінде ежелгі жунди халқының хунь елі аймағына барып орныққан бөлігі. Сондықтан қырғыз халқы жайлы айтпас бұрын алдымен жунди халқы мен динлин елі жайлы қысқаша айта кеткен жөн. 


Қытай деректеріне сүйенсек, б.д.д. ІІІ мыңжылдықтан бастап, б.д.д. IV ғасырға дейін орталық Қытайдың солтүстігі мен батысын алып жатқан таулы аймақты «жунди» халқы мекендеген. «Жундилердің» солтүстігіндегі құрғақ далада «хунь» (хоңыр) халқы, ал оңтүстігі мен шығысындағы төменгі алқаптарда қытайдың арғы бабалары отырды. Күн сәулесі түсе бермейтін қалың орманда, тұманды, таулы өлкеде мыңдаған жылдар бойы отырғандықтан жундилердің түрі көк көзді, қызыл шашты болып қалыптасқан. Барша «тау халықтары» тәрізді келбеттері жүндес болған. Осы себептен «хоңыр» (хунь) халқы оларды «жүнді» деп атаған. Яғни, тау халқы күн мен дала желі өңін қақтаған дала халқын «хоңыр» (хунь) деп атаса, дала халқы жүндес өңді тау халқын «жүнді» деген.

Таулық жүнділердің төмендегі алқаптарда отырған қытайларды ұзақ ғасырлар билеп, төстегені жайында нақты деректер бар. Қытайдың ата-бабалары Орталық Қытайға алғаш жеткенде ол жер батпақты қалың ну орманды болғанын, онда жүнди халқының әртүрлі тайпалары мекендегенін тарихи жазбалар айғақтайтын франсуз тарихшысы Марсель Гране атап өтеді (қытайдың ата-бабалары оңтүстіктен барғаны түсінікті, яғни қазіргі Ветнам, Лаос елдері аймағынан). Жүнділер таудың алып құсына сыйынған, оны қазақ «тазқара» деп атайды (парсы-тәжікше «симруг», грекше «грифон»). Таудың биік шыңдарын мекендейтін осы құсты жүнділер «тәні ірі» (мағынасы ­– «алып денелі») деп атады, жүнді-юэчжилердің сол құсты құдай тұтқанын грек деректері растайды. Осы «тәні ірі» құсқа табыну дәстүрі кейін «аспан құдайы Тәңірі» сеніміне ұласқан. Жүнділердің ата-мекені болған таудың Тәңір Шыңы деп аталуы сөзімізге дәлел. Ол тауды Тянь Шянь еткен «Р» дыбысы жоқ қытай, оның қытайша мағынасы да ­– «аспан құдайының тауы».       

Қазақта араптық «дін» сөзі мағынасына жақын өзіндік «діл» деген сөз бар. Қытайлармен жақын араласқан жүнділердің кей тайпалары өздерін «діллі» деп те атаған тәрізді (яғни, «біз қытайларға қарағанда қалыптасқан діні бар халықпыз» деген мағынада). Осы себептен болар, қытай жазбалары кей жүнділерді «ди» деп көрсетеді. Жүнділер ықпалымен қытайлар да «тәнірі» сеніміне көшкенін және «тәнірі» атауы «аспан құдайы» деген мағынаға ие болғанын аңғарамыз. Қытайлар «р» дыбысы жоқтығынан «тәнірі» атауын «тянь» деп өзгертіп қабылдаған.

Кейін б.заманымызға дейінгі 4-3 ғ.ғ. көптеген шағын княздіктерден тұратын Қытай бірігіп империяға айналып, олар мен ержүрек жүнді халқы арасында 500 жылға созылған соғыс-текетірестер болғаны, ақыры жүнділер жеңіліске ұшырап жан-жаққа ауып көшіп кеткенін қытай деректері көрсететіні ғалымдарға мәлім. Жеңілген жүнділердің үлкен тобы б.д.д. ІІІ ғасырда батысқа, Орта Азияға кетсе (Парфия патшалығын орнатқандар), екінші тобы солтүстік шығыстағы «ху» тайпасы аймағына кеткен (жапон, маңғол, корей ұлттарының арғы бабалары), үшінші тобы солтүстіктегі қоңыр халқы (хунь) аймағына барған. Жүнділердің өз отанында қалғаны ­– Шыңжандағы юэчжи (ошақ) тайпасы, Тибетте отырған жүнділер және қазіргі Орталық Қытай аумағында қалған жүнділер. Шыңжандағы юэчжи (ошақ) елінде артынша Уйсун княздігі пайда болып, ол кейін Орта Азияны толық бағындырып, алып Үйсүн империясы орнайды (Кушан патшалығы). Тибеттегі жүнділер кейін буддизм діні арқылы тегі қытайлық этностарға араласып, тибет ұлтын қалыптастырды. Қытай империясы аймағында қалған жүнділерде жеті тайпадан құралған Байды одағы бары көрсетілген. Олардың көбі кейін қытайларға сіңіп жойылғанымен, бір бөлігі б.з. I ғ. орта азиядағы Үйсүн империясына барып қосылған тәрізді (ошақты тайпасының байлы руы мен кіші жүздегі байлы тайпалар одағы солардан деу орынды).

Біз сөз етейін деп отырған жүнділер солтүстіктегі хунь халқы жеріне кеткендер. Олар – деректерде «дилин» немесе «динлин» деп көрсетілгендер (олар қытай жазбаларында «Ди» деп кездесетінін айттық). Артынша Хунь империясы құрамына енген дилин (динлин) халқы – сол ди-жүнділер. Қытай деректері де дилиндер Орталық Қытайдағы адамдарша табынатынын баяндайды, яғни олар Тянь (тәнірі) сенімін ұстанатын қытайлар сияқты мінәжат еткен. Осы дерек біздің тұжырым дұрыс екенін байқатады. Хұң (хунь) халқына да Тәнірі сенімін таратқан сол дилин-жүнділер екені түсінікті. Дилиндік тайпалар тізімінде «хэгу» деп көрсетілгенін ғалымдар «қырғы» тайпасы деп таниды. Шамасы қырды (қыратты даланы) мекендегендіктен берілген атау. Осы қырғы тайпасы қырғыз ұлтының тікелей арғы бабалары болып табылады.

Диллиндер V-VІ ғасырлардағы деректерде «деле» («теле») және «телеут» атауларымен кездеседі. Яғни, жүнді халқының солтүстік өңірге кеткендері тарихта диллин және теле-телеут деп көрсетіледі. Олар Сібір мен Алтайдағы кей түркілік ұлттарды қалыптастырған.

Ұйғыр қағанатының негізгі әскери күші Қырғы тайпасы:

Мұсылман халифаты әскерімен 732 жылдан басталған көптеген шайқастар Түркі Ашина династиясы билеген Түргеш қағанатын әлсіреткені рас. Осыны ұтымды пайдаланған жужандық Шивей (шибөраш) династиясы мемлекеттің шығыс аймағындағы билікті өз қолдарына алып, 745 жылы Үйқыр қағанатын орнатқан (қазіргі Маңғолия аймағында). Олардың басты сенімді күші Қырғы тайпасы болды (қырғы – «қыр тайпасы», «қырды мекендейтін тайпа» деген мағынада). Осы себептен мемлекет атауы «Үй-қыр қағанаты» деп тарихқа енді (үйқыр – «қырғы елі» деген мағынада). Ұйқыр қағанатын Тан (Қытай) мемлекеті мойындағаны айтылады. Өйткені, Тан мемлекеті (Қытай) бұл заман ішкі алауыздықтан қатты әлсіздікке ұшырағаны белгілі.

Қытай жазбаларында Үйқыр елі әуелде «хойху, хэгу» деп көрсетіледі, ол «қырғы» атауының қытайша бұрмалануы болып табылады. Ал Суй заманындағы «уху» атауын «ұйқыр» деп бұрмалаған Ресей тарихшылары, алайда ол заманда Үйқыр қағанаты әлі өмірге келмеген болатын (VІ-VІІ ғасырлар). Суй дәуіріндегі қытай деректерінде «уху» деп кездесетін ру қазақтың уақ тайпасы дегеніміз орынды. Себебі, «уху» атауының Үйқыр қағанатына да, кейінгі ұйғыр ұлтына да еш қатысы жоқ. Ал қырғыздар Үйқыр қағанатының негізгі күші болған қырғы тайпасынан қалыптасқан. Үйқыр қағанаты рулары құрамындағы сюеяньто, дубо, толаньгэ, пугу, баегу, аде, баиси дегендер қазіргі қырғыз құрамындағы солто, төбөй, төөлөс, бугу, баргы, адиги, басыз рулары (сюеяньто – солто, дубо – төбөй, толаньгэ – төөлөс, пугу – бугу, баегу – баргы, аде – адиги, баиси – басыз). Ондағы «юаньхэ» дегені «оңқыр», ал «яологэ» – «солқыр» немесе «ұлықыр» болуы мүмкін. Қырғыздардың әлі де «оңқанат», «солқанат» деп бөлінетіні мәлім. Ал «гулигань» дегені курыкан, бұл ру тува ұлтында сақталған. «Дубо» руы кейін Тува ұлтын қалыптастырды, оның аз бөлігі ғана «төбөй» атауымен қырғыз құрамында сақталыпты. Ал «толаньгэ» деген ежелгі деле-дилин елі болып табылады, олар кейін толенги ұлты болды, үлкен тобы «толегетай» атауымен қазақтың найман тайпасы құрамына сіңді және аз тобы «төөлөс» атауымен қырғыздар құрамына сақталған.

Қытай жазбаларында осы рулардан бөлек Үйқыр еліне одақтас болған «басили» мен «гэлолу» тайпаларының атауы кездеседі. «Басили» дұрысында қырғыз құрамындағы «базары» руы, ол – қазақтың найман тайпасындағы базархан руы. Жоғарыда көрсетілген «толаньгэ» – қазіргі найман құрамындағы «толегетай» деген үлкен ру. Алдыңғы мақаламызда Қытаймен шекаралас отырған оңтүстік хұңдарын қытайлар «най» («сүт елі» мағынасында) деп атағанын, сол «най» елінің VІ ғасырда батысқа кеткендері ондағы теленги (дили) тайпасымен одақтас болғанын, қазіргі Найка өзені сол елдің атауынан екенін, олардың маңғы руларымен одақтасқан бөлігі «наймаң» (найман) тайпасы болып қалыптасқанын, ал татар елімен одақтас болғандары кейін ноғай атаулы ұлтты қалыптастырғанын жазғанбыз. Қырғыздағы «нойгу» руы сол кейін ноғай ұлтын қалыптастырған «най-найка» елінің тобы десек, қателеспейміз. Жоғарыда көрсетілген басили-базары мен толаньгэ-толегетай рулары да кейін най еліне қосылып, найман тайпасын қалыптастырды.

Үйқыр қағанатының екінші одақтасы «гэлолу» тайпасы дұрысында керейлер, қазақтың керей тайпасы. Оны Үйқыр қағанатының бір билеушісінің лақап аты Гэлэйкэхань да аңғартады (Гэлэйкэхань – Керейкаған, билікке керей тайпасы қолдауымен отырғандықтан солай аталған тәрізді). Ресейліктер «гэлолу» дегендерді «карлук» деп түсіндіреді, осылайша тарихта болмаған карлук дегендерді «болды» деп дәлелдеуге тырысады. Шынында «гэлолу» атауы – «керейлер» деген атаудың қытайша бұрмалануы, сол гэлолу құрамындағы молуо, чисы, ташили деген рулар – керей тайпасының молқы, шеруші, тарышы рулары. Демек қазақтың найман мен керей тайпалары Үйқыр қағанаты заманында қырғы тайпасымен одақтас болған. Сол мемлекет өмір сүрген қазіргі Маңғолия аймағында қазақтың найман мен керей тайпасы әлі де отырғаны анық дерек және олардың қырғыз емес, қазақ екені қазақтың қырғыздан бұрын халық болып қалыптасқанын дәлелдейді.

Үйқыр қағанатын орнатқан қаған есімі қытай жазбасында «Гули пэйло» деп көрсетілген. Оның дұрысы «Ұлы бөрі» болуы мүмкін. Сол қағанның «Гудулу-пиг-ацюэ-кэхань» деген лауазымы дұрысында – «Құттылы-бек-асүйі-қаған». Одан кейін билеуші болған Моянчур есімі дұрысында «Маңжүр» деп білеміз. Осы деректер Үйқыр қағанатын орнатқан жүржан-жужандық Асылұя Шибөрі-аш династиясы екенін көрсетеді. Сонымен қатар Үйқыр қағанаты мен Түргеш қағанаты арасындағы жаулықта екі мемлекетті билегендер өзара бақталас Ашина мен Шибөраш династиялары екенін аңғартады.

Қытай жазбаларына сенсек, Хакас елі Үйқыр қағанатынан дербес болған. Онда Хакас елін билегендерді «ажо» деп көрсеткен, оның дұрысы – «Асы», яғни Асылұя династиясы. Хакас ұлты құрамында «хаас» деген топ бар, жалпы «хакас» атауы «көк-ас» династиясы атауынан туған тәрізді. Яғни, Көк Түркі Ашина династиясы атауымен байланысты деген дұрыс. Сонда Үйқыр қағанатын билеген – Асылұялық Шибөраш династиясы, ал Хакас елін билеген – Асылұялық Ашина Көк Түркі династиясы (Көк Түркі қағанаты жойылғанда Хакас аймағында билігін сақтап қалғандар). Қытайдың Тан династиясының императоры Хакас ханына жазған хатында өзі мен ханның арғы тегі бір рудан екенін ескертіп өтеді. Ал Тан династиясы одан бұрынғы Тоба (табгачи) династиясынан тарайтыны мәлім, өткен мақалаларда табгачи ертеде Үйсүн империясын билеген династия екенін және арғы тегінде Асылұя тайпасынан тарайтынын айттық. Осы Тан императорының хаты Асылұя династиясының барша еуразиялық түркітілді халықтарды ғана емес, IV-ІX ғасырлар арасында Қытай империясын да билеп-төстегенін паш етеді.

Хакас ұлтында қырғыз деген жоқ, «қырғыс» деген топ тува ұлтында бар. Хакастар өздерін «тадар» деп те атайды, яғни олар қырғыздан емес, арғы тегінде татар тайпасынан қалыптасқан. Ресейлік иезуидтер «Үйқыр қағанаты – ұйғыр елі, Хакас елі – қырғыз жұрты» деп бұрмалатты. Осы себептен еш дәлелсіз «қырғыздар VІІ ғасырда хакас деп те аталған. Хакас елі – қырғыздар, ал Үйқыр қағанатының халқы ұйғырлар болған» дегізді. Осылайша «Хакас елінен келген қырғыздар ІХ ғасырда (840 жылы) Ұйғыр қағанатын жойып, оның орнына Қырғыз қағанатын орнатты. Ал Х ғасырда оны Қидандар жойып, қырғыздар Орта Азияға кетті» деген жалған тұжырымдар жасады.

Ресей оқымыстылары Селенгі өзені бойынан табылған тастағы жазба Үйқыр қағанатын Қыпшақ елі жаулап алғанын дәлелдейтінін көзге ілмеуге тырысты. Оны мойындаса, Қыпшақ елінің ертеде Амур аймағын мекендегені, олардың ІХ ғасырда ғана қазіргі Маңғолияға келіп Үйқыр қағанатының билігін иеленгені, Үйқыр қағанатында басты тайпа болған қырғы тайпасының үлкен тобы қазіргі Шыңжанға кетіп, ондағы үзбек тілді мұсылман халықты басып алғаны және жергілікті халық сол келгендерді Үйқыр қағанаты атауымен «үйқыр» дейтіндіктен онда кейін «ұйғыр» атауымен біртұтас ұлт қалыптасқаны көрініп қалар еді. Сонымен қатар Х ғасырдан кейін қазіргі Қырғызстан аймағына келіп орныққан қырғыздар емес, қыпшақтар екені де түсінікті болар еді. Мұндай жағдайда бүгінгі Кубанда І ғасырда өмір сүрген куман тайпасы мен кәзіргі Донда Х ғасырда болған «полоцы» атауларын «қыпшақ атауының баламалары» деген тұжырымдары, яғни «куман мен половцы – қыпшақтар» деген тұжырымдары сенімсіз боларын ресейлік иезуидтер жақсы түсінді. Олар қазақ халқы ертеден бар екенін қалайда жасыруды мақсат етті, ол үшін араб-парсы жазбаларындағы «қазақ» атауын өзге ұқсас атаумен «түсіндірулері» қажет еді. Олай етуге, яғни «қазақ» атауы орнына қолдануға тек «қыпшақ» атауы лайық болды (ұқсас). Осындай себептермен барша тарихымыз өзгеріп бұрмаланды, оның бірі осы Үйқыр қағанаты тарихы.

Селенгі тасындағы жазба Қыпшақ елі 11 тайпадан құралатынын, яғни ол жай тайпа емес, толыққанды ел, халық екенін дәлелдейді. Сол жазбада Қыпшақ елін билеген династия «Ел бөрі» деп көрсетілген, яғни оларды билеген – жужандық Асылұя шивей-шибөраш династиясы. Үйқыр қағанатын оларға дейін де сол династия биледі, демек билеуші әулет өзгергенімен Шивейлік (шибөраштық) билік династиясы сақталған. Билікті ел бөрі руы иеленгендіктен, мемлекеттегі негізгі әскери күш болған қырғы тайпасы орнын «қыпшақ елі» тайпалары басқан. Қырғы тайпасының бір тобы Шыңжанға кеткенімен, негізгі тобы қалып қойған. Олар биліктен шеттетілгендіктен мемлекеттің солтүстік шекарасына, Енисейге жақын маңға ығысқан деп тұжырым жасағанымыз жөн. Олар мемлекетте сақталғандықтан, 840 жылдан кейін Қырғы қағанаты өмір сүргендей түсінік орныққан сияқты. Шынында, ол замандағы мемлекетті Қыпшақ қағанаты деуге болады.

Сонымен Үйқыр қағанаты билігі Қыпшақ еліне өтті. Үйқыр қағанаты халқының бір бөлігі Шыңжанға ауып кеткенін ғалымдар мойындайды. Шыңжан аймағының отырықшы үйсүн халқы V-VІ ғасырларда Үз патшалығы (Эфталид патшалығы) құрамында болды. Өткен мақалаларда Орта Азиядағы үйсүндердің өздерін билеген «үз» адамдарын «үз-бек» деп атағанын, осы атаумен кейін олар араласып-бірігіп «үзбек» ұлтын қалыптастырғанын айттық. Шыңжан аймағы сол үзбек тілді халықтың шығыс бөлігі болатын, ол жердің халқы көрші Үйқыр қағанаты елін мемлекет атауымен «үйқыр» деп атаған. Сондықтан олар өздерін жаулап алған қырғы тайпасын да «үйқыр» деп атады, кейін солармен қосылып «ұйғыр» атаулы халыққа айналды. Ұйғыр халқының тілі мен дәстүі үзбек (өзбек) халқымен ұқсас. Алайда ұйғырларда келбеті қырғыздарға жақын адамдар көп кездеседі. Қазіргі қырғыз тарихшысы Есенулы Қылыш «Енисей қырғыздары тарихы» деген еңбегінде Манас эпосы ұйғыр мен қырғыз бір халықтан тарайтынын көрсететінін жазады.

Үйқыр-Қыпшақ қағанаты Х ғасырда толық жойылғанда қырғы тайпасы Сібір-Енисей аймағына барып орнықты. Олардың батыс Сібірге барғандары ондағы қазақ руларымен қосылып, артынан мұсылман болып, «баш-қыр» деген халықты қалыптастырды. Осыны жасыру үшін ресейлік ғалымдар «башқыр» атауы әуелде башқұрт болған» деп бұрмалады. Алайда, ол халық «башқыр» деп аталады және құрамында «қазақ» деген топтар сақталған.

Сібірді бағындырған орыстар «қырғы» елін көпше түрде «кирги-зы» деп атағандықтан, атау ХVІ ғасырда «киргиз» (қырғыз) болып өзгерді деп түсінемін. Қырғыздар будда дінін ұстанғанын және ойрат тайпасымен бірге Джоңғар (чоң-қыр) патшалығын орнатқанын қазіргі қырғыз тарихшылары мойындайды. Ресей деректері де қырғыздардың Джоңғар әскері болғанын дәлелдейді. Қырғыздарда әлі де биік таудағы кей рулар будда дінін ұстанатыны айтылады. Қырғыздардың келбеті маңғол, бурят, туваларға жақын келетіні, оларға қарағанда қазақтардың келбеті ортаазиялық екені көрініп тұр. Қырғыздардың мұсылмандығы да осы кезге дейін өте төмен деңгейде болған. Қырғыздардың киген ұлттық айыр қалпақтарының ұшы мұсылмандық сәжде жасауға кедергі болар еді, ал қазақ сондай қалпақты көлденең киеді (ұштары сәждеге кедергі болмайтындай етіп). Қырғыз әйелдері киетін орамал мойынды жаппайды, ал қазақ әйелдері киетін кимешек толық жабық мұсылмандық орамал. Кеңестер заманында Жамбыл облысының өзге аймақтарында Қордай, Меркі, Луговой аудандарында «еркектер түгіл әйелдеріне дейін арақ ішеді» деген ұғым болды. Оның себебі ол аудан тұрғындары көршілес жатқан қырғыз елімен құда-жекжат болып көптен араласып қалғанында екен, жаман әдет тез жұғады ғой әрқашан. Әрине қазір Қырғызстанда мұсылмандық жоғары деңгейде, тіпті ел басшыларының өздері министрлерімен бірге бес мезгіл намаздарын өтейді деп естимиз. Оларда біздегідей орамал киген қыздарды мектепке кіргізбеу деген жабайылық жоқ.

Ғалым Алексей Левшин «Киргиз-кайсак ордасы жайлы» деген еңбегінде қырғыздар ХVІІ ғасырға дейін оңтүстік Сібірді мекендегенін, олар тек ХVІІ ғасырда ғана қазіргі Қырғызстан аумағына қоныс аударғанын және оларға дейін ол жерді мекендегендер қытай жазбасында «поли» (бөрі) деп көрсетілген халық екенін нақты деректермен көрсетеді. Қырғыздар «оң қанат», «сол қанат» және «ішкілік» болып үшке бөлінеді. Осы жердегі алдыңғы екеуі ХVІІ ғасырда келген қырғыздардың өзі деген орынды. Ал «ішкілік» тобы қырғыздарға дейін сол жерді мекендеген «бөрі елі» тайпалары (олардың «ішкілік» деген атауы да соны байқатады). Осы «ішкілік» тобында қыпшақ, найман, қаңлы деген қазақы тайпалар бар. Ондағы халықты билеген Ел бөрі тобы болғандықтан, ол елді қытай деректері «поли» деп көрсеткен. А.Левшин жоңғар билеушісі қырғыздарды ХVІІІ ғасырда Орта Азияға «жер аударғанын» жеткізеді, Ресейдің кейбір тарихшылары да жоңғарлар әуелі Қырғызстан аумағын жаулап алғанын, сол жақтан қазақ даласын жаулай бастағанын мойындап жүр. Тарихта кездесетін жоңғар мен қырғыз қақтығысы Қырғызстан аумағын ертеден мекендеген Бөрі (поли) елі мен оларды жаулап келген чоңқыр-қырғыздар арасындағы соғыстар екені түсінікті. Қазақ пен жоңғар соғыстары тап сол ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда орын алғаны және жоңғарлар жаулап алған жерлер Қазақстанның тек оңтүстік аймағы екені белгілі фактілер. Осы деректерден қазақты қан қақсатқан жоңғарлар қырғыз елі екенін байқау қиын емес.

Қазақ пен жоңғар ешқандай тілмәшсіз бір-бірін түсінген халықтар, ал маңғол мен қалмақ тілін еш қазақ түсінбесі айдан анық. Демек, «джоңғар» атауы дұрысында «чоңқыр» болған. Қазақтан жеңілген соң олар Қазақ хандығы құрамында қалды. Өздеріне бағынышты жергілікті «ішкілік» тобы тайпалары себебімен мұсылмандық қабылдап, біз білетін «мұсылман қырғыз» ұлты болып қалыптасты. Олардың Енисейде қалғандары тува ұлты құрамында «қырғыс» атауымен сақталған. Қазақ ақыны Сүйінбай мен қырғыз ақыны Қатаған екеуінің 19 ғасырдағы атақты айтысында Сүйінбайдың қырғыздарға қарай «қайта көшіп кетерсің» деп айтқан тарихи сөздері қырғыз елінің «сырттан көшіп келген халық» екені ол заман ұмытыла қоймағанын көрсетеді.

Қазіргі Қырғызстандағы қырғыздарда хан деген болған жоқ, жергілікті билеуші «датқа» деп аталды, жалпылай бай-манаптар биледі. Осы деректің өзі қырғыздар Қазақ хандығына бағынышты болғанын, оларға хан сайлауға рұқсат етілмегенін көрсетеді. Қазақ хандығы әлсіреген заманда олар бостандық алуға ұмтылды, Кенесары ханды жеңе алмаған Ресей билігіде қырғыздарды оған қарсы айдап салып, ту сыртынан соққы бергізіп әлсіретуге тырысты. Кенесары хан сол «қырғыз сеператизмін» тойтару үшін жорық жасағанын түсінетін уақыт болды. Кез келген патша мемлекеттің тұтастығын сақтап, бүлікті басу үшін қан төгуге әзір, Кенесары хан да Қазақ хандығы тұтастығын сақтау үшін қырғыз «сеператистеріне» соққы беруге мәжбүр болды. Қазіргі Қырғыз елі билеушілеріде Дербес Мемлекеті болсада Қазақ еліне сескене қарайтыны, олардың қазаққа қарсы «противовес» ретінде Ресейге арқа сүйеуге ұмтылатыны байқалады, оның себебі халық жадында «кеше ғана Қазақ хандығы құрамында болғандары» еміс-еміс болсада сақталғандығынан болар сірә.

Жалпы қырғыз ұлтының қалыптасуы Манас қолбасшымен тікелей байланысты. Жырды мұхият оқыған адам Манастың ХVІІ ғасырда өмір сүргенін байқайды. Ағылшын тарихшысы Артур Томас «Манас эпосы ХVІІІ ғасырда пайда болған» деген пікір айтқан. Манас есіміндегі «ас» атауы оның «Ас» династиясы адамы екенін байқатады. Қырғыз ғалымдары соңғы кезде джоңғар хонтайшысы қырғыз екенін дәлелдеп жүр. Қалмақ тарихшысы Генадий Авляев та Джунгар патшалығын билеген «Чорос» тобы Енисей қырғыздарының руы екенін айтады. Джунгар патшалығын қазіргі Маңғолиядан Орта Азияға қуып шыққан Маңжүр-Цин патшалығы, ал Маңжүр-Цин патшалығын орнатқан «жүржен» тобы жүржен-жужандық шибөраш династиясы ұрпақтары екенін бұрынырақта жазғанбыз. Олай болса Джоңғар билігі олардың бақталастары Асылұялық Ашина тобында болғаны ғой. Қытайдағы қазақ тарихшылары Маңжүр-Цин әскері қолбасшысының қазақ елін шабуылдаудан бас тартқанын және онысын «қазақпен туыспыз» деп түсіндіргенін айтып жүр. Шынында, Джоңғар елін тарих сахнасынан жоғалтқан Манжур-Цин империясы Қазақ хандығына жаулық көрсеткен жоқ. Қазақ хандығын билеген Шыңғысхан ұрпақтары, яғни олар Манжүр-Цин империясын билеген шивей-жүржен династиямен туыс болады. Осы деректерден мемлекеттер арасындағы соғыстар сол мемлекеттерді билеген Асылұялық екі династия арасындағы бақталастық-жаулықпен байланысты екенін көреміз.