Жужан қағанаты – қазақтың ең әуелгі мемлекетінің бірі
15.03.2022 2582

Бұл мемлекеттің дұрыс атауы Жүржан, «р» дыбысы жоқ қытайлар оны «Жужан» деп атағандықтан тарихқа солай енді. Жужан билеушілері – б.д.д. І ғасырда Үйсүн империясы билігінен айрылған топтың ұрпақтары. Үйсүн елі жүнді халқынан болғанымен, оларды билеген хоңыр (хунь-құң) халқы адамдары (өздерін «қоңырмын» дегендіктен, қытай жазбасына «хуньмо» болып енген). 


Қытай деректері Үйсүн билеушілері әйелді тек хұң халқынан алатынын, хұң қызынан туған адам ғана тақ мұрагері болатынын көрсетеді. Осы дерек Үйсүн мемлекетін билеген династия мен Хунь империясын билеген Асылұя тайпасы құдалықты дәстүр еткенін дәлелдейді. Үйсүн княздігін билеген хұңдар (хуньмо) сұрбөрі (сюйбу) тайпасынан сияқты, ал Хұң империясында сұрбөрі тайпасы сот жүйесін басқарғаны мәлім. Үйсүн княздігі халқы қытай деректерінде юэчжи деп те көрсетілетінін айттық. Хұң империясын орнатқан Мүде (Моде) шыңүй сол юэчжи-үйсүн елінде ер жетті, Үйсүн княздігін билеген хұңдар оның нағашы жұрты болуы мүмкін. Демек Үйсүн княздігін билеген сұрбөрілік династия мен Хунь империясын билеген асылұялық династия құдалық байланыста болған, бұл Үйсүн билігі «қытай жиендеріне» тигенше жалғасқан. Үйсүн мемлекеті б.д.д. ІІІ ғасырда Шыңжанда кішігірім княздік болып тұрғанда, халқы ошақ (юэчжи) тайпасы болатын (қытай «ошақ» атауын «юэчжакы» деудің орнына, қысқаша «юэчжи» деген, қазіргі қазақтың ошақты тайпасы сол ежелгі ошақ-юэчжи тайпасының үзілмеген жалғасы, Үйсүн империясын билеген қоңыр-хуньмо тобы қазіргі ошақтының қоңыр руы).

Қытай империясы көмегіне сүйенген Үйсүн княздігі (ошақ-юэчжи елі) б.д.д ІІ ғасырда Орта Азияны басып алып Үйсүн империясын орнатты (Ресей оны тарихқа Кушан патшалығы деп енгізді), соның нәтижесінде қытайларға Орта Азияға жол ашылып, Ұлы Жібек жолы басталды. Сол Үйсүн империясын билеген династия б.д.д. I ғасырда «қытайшыл» және «хуньшыл» болып екіге бөлініп, өзара билікке таласқаны белгілі, ақыры «қытайшыл» топ жеңіп, жеңілгені Каспий теңізі жаққа кеткен (Тарихшылар «юэчжилер мен уйсундер қақтығысы» дейтін оқиғалар). Б.д.д. I ғасырда Кангюй мемлекетінің солтүстік-батысында Уи-бэй-го елі барын қытай деректері көрсеткен, оны Лев Гумилев бұрмалап Угор тайпасы деп көрсетеді. Дұрысында осы атау «Үй Бөрігун» тәрізді, яғни Құң халқының кей тайпалары сол замандардан Каспий (Теңгиз көлі деп көрсетілген) теңізіне жақын аймақта орнығып қойғанын көреміз (Маңғыстаудағы «Алтын қазған» деген жерден табылған, «гунн патшаларына тиесілі» деп танылатын көрнекті жәдігерлер жужан билеушілеріне тиесілі деген жөн). Ресей тарихшылары айтатын Угор тайпасының Қазақстан мен Орта Азияда болғаны жайлы нақты еш дерек жоқ деуге болар.


Жужан атауының мағынасын екі нұсқада қарауға болады:

1) Олардың өздері хұңдардың сұрбөрі тайпасынан болғанымен, негізгі күші ошақ (юэчжи) тайпасының тазжүрек руы болған. Сол себепті Каспий теңізі маңындағы жергілікті тайпалар оларды «жүр-жан» деп атаған (Каспий теңізі сол заманнан ІХ ғасырға дейін Журжан деп аталды, ал тазжүрек руы қазір сол аймақта отырған Таз тайпасы болып қалыптасты).

2) Қытай дерегі «жужан» сөзінің мағынасы «жер бауырлап жүру» екенін көрсетеді. «Жужан» дұрысында «жүржан» дедік, «құйрығын жерге тигізбей тізесін бүгіп отыруды» қазақта «жүрелеп отыру» дейді. Негізінен осылай отыру тау халықтарында көп кездеседі екен (тәжіктерде және кавказ елдерінде). Жужан-жүржан тобы I ғ. Үйсүн империясы билігінен айрылғандар екенін айттық. Үйсүн атаулы шағын княздік әуелде Шыңжандағы таулы өлкеде отырған юэчжи-ошақ елінде пайда болған, оның билеушілері, қытайлар «сюнн» («жабайы») деп атайтын хунь адамдары болғандықтан ол княздікті қытайлар Ю-сюн деп атаған («жабайы патша княздігі» деген мағынада). Сол Үйсүн (ю-сюн) княздігі халқы, юэчжи-ошақ елі ежелгі таулық жунди-жүнді халқына жатады. Яғни, ол елде «жүрелеп отыру» әдеті болған, сол елдің билігінен айрылып Маңғыстауға барғандарды Маңғыстаудың жергілікті халқы «жүр жандар» (мағынасы «жүрелеуші адамдар») деп атап кеткен деу орынды.

Жүржан елі ІІІ ғасырдың соңында Үйсүн империясының Орта Азия аймағын басып алып өз билігін орнатты. Яғни, «аталарына тиесілі болған билікті қайтарып алды» (Л.Гумилев «Үйсүндер жерін ІІІ ғасырдың соңында хундар басып алғанын қытай деректері дәлелдейтінін» жазған). Осылайша ІV ғасырдың басында қазіргі Қазақстан мен Орта Азияда Жүржан мемлекеті (қытайша «жужан») пайда болды. Үйсүн империясы билеушілері қазіргі Шыңжан аймағында ғана өз биліктерін сақтап қалды және Солтүстік Қытай билігін де қолдарына алды. Яғни, Солтүстік Қытайды билеген «үйсүндік династияның» басты әскери күші табын тайпасы болған деп білеміз (қытайша «табгачи» немесе «тоба»), қазақтың табын тайпасы солардың үзілмеген жалғасы, қазақтың тобықты руы мен алтайдағы тува ұлтыда сол «табгачи-тоба» тайпасынан қалыптасқан деу орынды.


Жүржандар (жужан) ІV ғасырдың екінші жартысында (367 жылы) сол шығыс аймақты да жаулай бастады. Осы тұста «тоба мен жужандар соғысы» деген атауға ие тарихи оқиғалар орын алды. Жужандардың арғы тегі үйсүндік билеуші династиядан екенін айттық. Жужандар өздері мен тобгач-тоба билеуші династиясы бір халықтан екенін мойындайтыны қытай деректерінде келтірілген. Яғни, жужан билеушілері мен тобгач-тоба билеушілері Үйсүндік билеуші династияға жататындықтан, өзара туыстығын мойындаған. Қазіргі табын тайпасының қоңыр руы сол Үйсүндік «қоңыр» (хуньмо) династиясынан қалыптасқан. Осы себептен «тобгач-тоба» дегендер табын тайпасы, ал басқарушылары Үйсүндік билеуші династия дегеніміз орынды.

Ресейліктер тобгачтар мен жужандар сяньби халқынан, яғни маңғол тілділер деп бұрмалады. Қытайлық «Ляншу» дерегі мен «Наньши» дерегі жужандар хуньдарға туыс тайпа дейді, ал «Вэйшу» дерегі «жужандар суншу тайпасы» деп көрсетеді. Қытай жазбалары хуньдарды «сюнну» деп те атаған, «сюнну» мен «суншу» ұқсас дыбысталатыны көрініп тұр. Яғни, үшінші дерек алдыңғы екеуін растайды. Ресей ғалымдары осы «суншу» атауын «сянби» деп түсіндіру арқылы «жужандар – сяньбилік тайпа» деді. Сосын жужандардың тоба-табгачтарға туыстығы жайлы деректі пайдаланып, «тоба-табгачтар да сяньбилер» деп тұжырымдады. Алайда үш деректің екеуі «жужандар – хуньдарға туыс тайпа» дейді, демек, үшінші деректі де солай түсінуге болады. Сонда жужандар да, тобғач-тобалар да – түркітілділер. Жужан билеушілерінің арғы тегі хұңдардың сұрбөрі (сюйбу) тайпасынан болса, аналары асылұяң (силюань) тайпасынан. Осы себептен олар «сұрбөр-ас» деп аталған деп білеміз.

Жужан-гунн заманында хұңзақ халқының абыр (абар) тайпасы Кавказға орнықты (қазіргі авар ұлты солардан қалыптасты). Абыр (абар) тайпасы I ғасырда Тарбағатай тауында отырғаны, сол ержүрек абарлардың батысқа ығысқан хунь (құң) халқын өкшелеген сяньби-қытай әскерін тоқтатқаны қытай деректерінен мәлім. Абыр (абар) тайпасы IV ғасырда жойылған Үйсүн империясы жеріне (қазіргі Алматы облысы) ығысқаны айтылады. Демек, абыр (абар) тайпасы Жүржан (жужан) әскері ретінде Үйсүн империясын басып алуға атсалысқан деу орынды. Абар тайпасының үлкен тобы Жүржан (жужан) конфедерациясы құрамында Кавказға барғаны айтылады, ал VI ғасырда одан әрі Европаға барып, онда атақты Авар қағанатын орнатқаны мәлім. Дағыстандағы авар ұлты сол бізден барған абыр-абарлар екені анық.

Маңғыстаулық маңғы тайпасыныңда бір тобы сол Жүржан (жужан) конфедерациясы құрамында Кавказды бағындыруға атсалысқан, Закавказедегі Адай-хок шыңы, Адай атаулы тау шатқалы, дигор еліндегі Адаев әулеті, солтүстік Кавказдық Маңғыт тайпасы (ноғайлардың бір бөлігін құрайды) сол Маңғы тайпасынан қалған белгілер. Олардың екінші үлкен бөлігі Жүржан (жужан) қағанаты әскері ретінде барып, қазіргі Маңғолия мен Манжурия аймақтарына орныққан. Шыңғысхан заманындағы маңғыл тайпасы сол жужандар заманында Маңғыстаудан барған маңғы тайпасы болатын (Шыңғысхан заманында маңғыл тайпасында тайджут руы болды, ал ол адайжұрт атауының қытайша жазбаға түскен нұсқасы болатын).

Ол заман қазіргі Манжурияда сяньби-қидан халқы мекендеген. Сяньби-қидандар өздерін басып алған маңғылар мен жүржандарды «манжур» дегендіктен («ман» – маңғы, ал «жур» – жүржан), ол аймақ кейін Манжурия деп аталып кетті. Қидандар – ежелгі сяньбилердің өзі, ал сяньбилер ежелгі қытайлық Ся елінің солтүстікке кетіп ондағы ху тайпасымен араласуымен қалыптасқан (ху тайпасы жапон мен корейлердің арғы тегі). Яғни сяньбилер қытай мен ху халқы араласуымен пайда болған, осы себептен хұң тілінде олар «худан» деп те аталды (мағынасы – ху халқынан). Осы «худан» атауы тарихқа қытай жазбалары ықпалымен «хидан» болып енген. Ал жужан-манжурлар болса өздеріне бағынышты қидан-сяньбилерді, бөтен ел болғандықтан, «халық» деп атаған тәрізді. Сондықтан сяньби-қидандар кейін «халха» деп аталып кеткен (қазіргі маңғолдар сол халхалар екені, маңғол мен жапон, корей тілдері өзара туыс екеніде ақиқат).

Қол астындағы қидан-халхалар ықпалымен және кейін Қытайды билеген заманда қытай тілі ықпалымен манжурлар «жужандық» түркілік тілін негізінен жоғалтқан. Алайда, оларда қазақы белгілер әлі де бар деседі. Ал ХVІ ғасырда Қытайды басып алып, Манжур-Цинь империясын орнатқан ру «журжен» деп аталған. Олардың әскері қидан-халхалар болды, қазір маңғол санатындағы сол халхалар Маңғолияға ХVІ ғасырда ғана келіп орнықты. Оған дейін бұл аймақты тек қазақ тайпалары иеленді, сосын Манжур-Цинь империясы келгенше аз уақыт Джунгар хандығы биледі.

Осы келтірілген деректер жужандардың дұрыс атауы «жүржан» екенін, Шыңғысхан заманындағы «маңғыл» тайпасы Каспийден барған «маңғы» тайпасы екенін дәлелдейді (тайджут руы – адайжұрт, яғни адай руы). Шыңғысхан заманындағы маңғыл тайпасы мен қазіргі халха-маңғолдардың еш туыстық байланысы жоқ. Десе де, оларды билеген маңжүр елі мен Шыңғысханның маңғыл елі өзара туыс және екеуініңде билеушілері журжандық Асылұяның ұрпақтары болып табылады.

Қытай шекарасындағы оңтүстік хұңдары (Ордос хунндары) қытай жазбалары «Юивэнь», «Хэсси», «Лянь» деген атаулармен кездесетін кішігірім мемлекеттер орнатқан. Бірақ ол мемлекеттерді жужандар заманында Қытай империясы жойып жіберді. Қытай жазбалары хұңдарды «сюнну» деп те көрсетеді, мағынасы «жабайы» дегенге саяды. Осы «сюнну» атауы кейін қытайша «най» деп те оқылғанын франсуз ғалымы Марсель Гране атап өтеді. Қытайша «най» сөзінің мағынасы «сүт», сүтті тағамдар өндіретін сюнну-хұңдарды қытайлардың «сүт елі» мағынасыда «най» деп атап кетуі заңдылық. Осы дерек қытайлар IV ғасырдан кейін оңтүстік хұңдарын «най» деп атай бастағанын байқатады. Сол най-хұң елінің негізгі бөлігі қытай қысымынан батысқа кеткен. Оларды Асылұя тобы бастап жүрді, өйткені хұңдар тек Асылұя династиясын «билеуші» деп таныған.

Қытай деректерінде Жужандар әскер ретінде қолданған теле-телегут тайпасы бүлік шығарып өз мемлекетін құрғаны туралы мәлімет бар. Шындығында, сол бүлікті бастаған оңтүстіктен барып теле-телеуттерді өз билігіне көндірген най-хұңдар тәрізді. Себебі, «хун державасы» делінетін Юеван мемлекеті сол кезде сол аймақта пайда болды. Оның алдында қытай шекарасында болған хұң мемлекеті де Юйвэнь деп аталды. Екеуі өзара ұқсас атау және екеуін де орнатқан хұңдар екенін қытай дерегі дәлелдейді. Сол Юеван мемлекетінің аймағына қазіргі Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстарының жері кіретінін қытай деректерінен аңғару қиын емес (қазір найман тайпасы мекендейтін аймақтар). Демек, қытай шекарасындағы Юйвэнь мемлекеті жойылғанда най-хұңдар солтүстік-батысқа кеткен, олар сол жердегі Телеут тайпасымен одақтасып, Юеван державасын орнатқан (найман құрамындағы төлегетай сол телеуттер екені түсінікті). Артынан аталған мемлекеттің солтүстік аймағы жужандарға бағынды, ал оңтүстік аймағын эфталиттер басып алды. Дегенмен, най-хұңдар сол аймаққа орнығып, оларды Асылұялық топ басқарып, биледі деп тұжырым жасауға әбден болады. Олардың солтүстіктегі өзен бойын мекендегендері Найка өзенінің атауын қалыптастырды, сол найка елінің үлкен бөлігі татар елімен бірге XI ғасырдағы Сяо (Асұя) империясының (Татар хандығы) әскери күші болған. Ол мемлекетті Шыңғысхан жойды, ал татар мен найка елдері батысқа кетіп Шығыс Европаға дейінгі даланы басып алған (аталған аймақ Тартария деп атала бастаған заман). Қазіргі Ресейдегі татарлар сол шығыстан барған татар елі, ал найка елі өзімізге жақын туыс Ноғай халқының негізі болған (осындай тарихтары себебімен қазіргі Астрахан аумағы татарлары өздерін ноғаймыз дейді, ал Татарстан оларды татарлар деп өздеріне тартады).


Найка елінің бір бөлігі Маңғы тайпасымен жақын одақтас болған, осы себептен олардың одағы «наймаң» деп аталған, найман тайпасы осы одақ нәтижесінде қалыптасқан (Наймандардағы көкжарлы, матай, базархан, қараша, қаржау, тіней, балықшы рулары мен маңғыстаулық адайлардың жары, матай, базар, қараш, қаржау, тіней, балықшы рулары туыс деуге негіз бар). Наймандар құрамындағы Асан руы мен Ақнайман руы Юйвэнь мемлекетін билеген Асылұя династиясы адамдарынан қалыптасқан болуы мүмкін. Демек хұң халқының І ғасырда Қытай шекарасында қалған бөлігінің V ғасырда қазіргі Маңғолия мен Қазақстан аумағына көшіп келгендерінен ноғай халқы мен найман тайпасы қалыптасты десек, қателеспейміз («найман қидан халқынан» деген тұжырым ресейлік иезуидтердің көп өтіріктерінің бірі ғана).

Жужан патшалығын билеген династия кейінірек «шивей» деп аталды. Әуелгі атаулары «сұрбөрас» екенін айттық. Сұрбөрі (сюйбу) – атақты «көкбөрі» тайпасы (қазақта «көк аспан» мен «сұр аспан» мағыналас, яғни «көк» пен «сұр» сөзі қатар қолданылады). Жужан атауын тарихқа енгізген «Р» дыбысы жоқ қытай жазбалары, дұрысында оның атауы – Жүржан, билеуші династия – «сұрбөрас». «Сұрбөр» атауы парсы-грек жазбаларында «савир» деп кездеседі. Сондықтан жужандар Закавказеде орнатқан мемлекет тарихқа Савир болып енді. Ол заманда Каспий теңізі «Журжан» деп аталса, Кавказдағы Савир мемлекетінің халқы кейін «журзан» деген христиан дінді ұлтқа айналғанын (грузин елі) араб тарихшысы Әл-Масуди жазбасы айғақтайды.

Үйсүндер – ежелгі таулық жүнді халқынан, жүнділердің таңбасы таудың Тазқара құсы болған. Үйсүн империясы орнына Жужан империясын орнатқандар да үйсүндік династияның бір тармағы екенін айттық. Сол себептен Сыйбөрас династиясының таңбасы Тазқара болып сақталды. Кейінгі Түркі Ашиндермен болған билікке талас сұрбөрас атауын «шибөраш» етті. Оны қытай жазбалары «шивей» деп көрсетеді. «Шыңғысхан әулеті – ежелгі шивей ұрпақтары» делінеді, кейінгі манжурлық жүржен билеушілері де өздерін ежелгі шивей ұрпақтары ретінде таниды. Шыңғысхан әулеті жағымсыз «шибөраш» атауын Х ғасырдан кейін «бөріжігің» (қытайша «боджигин») деп өзгертуге қол жеткізді. Ал олардың мұсылмандыққа өткен Орта Азиялық туыстары қара тайпалармен құдаласып, қарапайым қазақ тайпасына айналды. Олар жағымсыз «шибөраш» атауын «шапыраш» деп өзгерткен. Яғни Шапырашты тайпасының арғы тегі Шыңғысханның Бөріжігің руымен туыс, екеуінің арғы тегі Жужан империясын билеген шибөраш-сұрбөрас династиясына барып тіреледі.

Жужан патшалығы қазақ халқының ең әуелгі ұлттық мемлекеттерінің бірі. Өйткені, I ғасырда қазіргі Маңғолия аймағында болған Хунь империясы ыдырып, оның халқының басым бөлігі сақ халқы мекендеген қазіргі Қазақстан даласына ауып келді. Осылайша, тілдері туыс көшпелі екі ұлы халық қазіргі қазақ топырағында қосылып, араласып, І ғасыр мен VІ ғасыр аралығында біртұтас ұлтқа айналу процесін басынан кешірді. Билік құңдарда болғандықтан, кәзіргі Қазақстан аймағын оңтүстіктегі Үйсүн империясы халқы Құңзақ деп атап кеткен. Құңзақ атауында қазіргі қазақы "жақ" сөзі орнына "зақ" қолданылған. Мағынасы – "құң жері". Демек, көршілер біздің даланы Құңзақ деп атаған, кейін ол даланың халқы да Құңзақ деп аталып кеткен. Сондықтан біздің далада қосылған құңдар мен сақтар бірнеше ғасырлар бедерінде Құңзақ атаулы біртұтас халық болып қалыптасты. Бұл біздің дәуірдің І ғасыры мен V ғасыры арасында орын алған. Ал V ғасыр мен VІІ ғасыр аралығында Құңзақ атауы Қазақ болып өзгеріске ұшыраған. Яғни «құңзақ» атауындағы «ұң» бөлігі қолданыстан шығып, атау қысқарып, әуелі «Қзақ» сосын ол біржолата Қазақ болып орныққан. Жужан патшалығы заманында біздің халық Құңзақ деп аталғанына сол ІV ғасырда жужан әскері болып Кавказға барып орныққан абыр тайпасы куә, олардың халықтық атауы Хунзах әліде қазіргі Дағыстандық авар ұлтында сақтаулы және авар тілінде Хунзах атауының мағынасы «хун жері» екеніде ғалымдарға мәлім. Сол абыр-авар тайпасы Европада орталығы қазіргі Венгрия жері болған атақты Авар қағанатын орнатқаны белгілі, олардың халықтық «құңзақ» атаулары қазіргі Венгрияда «кишкунзак», «надкунзак» деген елді мекен атаулары ретінде сақталған. Алайда ресей иезуидтері оныда бұрмалап, олар «қыпшақ атауының бұрмаланған түрлері» деп сендіруге тырысты және әліде сол жалған тұжырымдарын тықпалауын қоймай келеді. Европалық деректер абарлардың шаштарын артынан буып қоятынын айтады. «Құңзақ» біздің халықтың әуелгі атауы екенін айттық, ол заман абыр руы біздің халықтың бір бөлігі болған. Кейін бізде құңзақ атауы әуелі қзақ, сосын ҚАЗАҚ болып өзгеріп орныққан болатын. Бізде қалған абыр руын шаштарын «жал» сияқты артынан буып тастайтын дәстүрлеріне байланысты «жалды абыр» деп атаған (қазіргі қырғыз жеріндегі Шалдабар атауы әуелде Жалдыабыр болған деу орынды), «жалдыабыр» кейін қысқаша «жалабыр» болды, қазіргі атауы жалайыр деп білеміз.

Ал Жужан қағанаты ыдырап, оның орнына Тюрки Ашина әулеті орнатқан Түркі қағанаты заманында біздің халық қазіргі өз атауымен ҚАЗАҚ деп аталды (бұл заман ежелгі Үйсін империясы аумағындағы көшпелі тайпаларда қазақ халқы құрамына сіңіп үлгерді). Біздер келтірген ошақты, табын, тобықты, найман, шапырашты, жалайыр (жал-абыр) тайпалары деректері қазақ халқының ежелгі сақ пен құң (хунь) халықтары мен «ежелгі үйсүндік тайпалардың» тікелей үзілмеген біртұтас ұрпағы екенін паш етеді.