Бұрынғы бас мүфти V съезд туралы өз пікірімен бөлісті
10.06.2015 2069
ҚР бұрынғы бас мүфтиі және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Әбсаттар Бағысбайұлы Дербісәлі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне байланысты өз ойымен бөлісті

Мемлекетіміз үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінің тарихи және саяси маңызы зор. Қазіргі кезде Қазақстан  дипломатиялық елдердің бірі болып табылып, мәселелерді бейбіт жолмен шешуге барлық мемлекеттерді шақырады. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанда ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту және сақтаудың өзіндік моделі қалыптасты. 

Әрбір көпұлтты мемлекеттің басты бағыты – өзара түсінушілік пен келісім. Тәуелсіздік алған жылдардан бері Қазақстанның саясаты әртүрлі ұлт және дін өкілдерінің арасындағы келісімді сақтауға бағытталды. 

Толеранттылық – еліміздегі саяси мәдениеттің және демократиялық мемлекетті қалыптастырудың негізі. Сонымен бірге, Қазақстанның моделі статикалық модельдердің қатарына жатпайды. Бүгінде діни себептермен пайда болған қауіптерге дер кезінде қарсы әрекет ете аламыз. 

Еліміз бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған ұсыныстар жасайды. Осындай ұсыныстардың бірі – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу бастамасы. Аталмыш шара көптеген діндердің көшбасшыларын біріктіреді. Көшбасшыларымыздың сөздері өркениеттер және діндердің арасындағы шиеленісушілік деңгейін төмендетуге әсер етеді. 

– Әбсаттар Бағысбайұлы, бүгін Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V съезі басталады. Сіз үшін бұл шараның маңызы қандай? 

– Мен Астанада бұрын өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының барлық съездеріне атсалыстым, өйткені әрбір съездің ұйымдастырушылық комитетінің мүшесі болдым. Осыған дейінгі төрт съезде баяндама жасадым. Биылғы шараға да шақыру алдым. Бұл съезд мүфти немесе діни қайраткерлердің ұсынысымен емес, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша өткізіледі. Президентіміз өте ақылды және келешекті кемел болжайтынына сенімдімін.

Қазіргі таңда әлемде, сондай-ақ Таяу Шығыста және Батыста болып жатқан қорқынышты оқиғаларды естіп жатырмыз. Көшбасшымыз Орта және Орталық Азияның, сондай-ақ Қазақстанның аймағында осы оқиғаларды болдырмау үшін мүдделі болып отыр. Республикамыз көпұлтты, көпконфессиялы, және барлығымыз береке-бірлікте ғұмыр кешкіміз келеді. Егер үйімізде бейбітшілік пен келісім, конфессияаралық өзара түсінік болса – Қазақстандағы тәртіпті сақтап, басқа елдердегі де жағымсыз оқиғалардан құтыламыз.

– Уақыт бөлгеніңізге алғыс білдіремін! 

Мирас ИРГЕБАЕВ