Беғазы қорымы ЮНЕСКО-ның халықаралық мәдени мұралар тізіміне ұсынылды
07.11.2014 2163
Қарағанды облысында орналасқан Беғазы қорымын ЮНЕСКО-ның халықаралық мәдени мұралар тізіміне ұсынылды.

Қарағанды қаласынан үш жүз шақырым жерде орналасқан зиратты Ә. Марғулан өткен ғасырдың ортасында ашқан. Көптеген жылдар бойы Беғазы қорымының қайта келтіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Олар көне заманның ең қызық әрі сирек құрылыстарына жатады. 

Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатына мемориалдық кешенді қоршалып, жол да жөнделді.
Тарихшылар «Беғазы» туристтер, ағылатын орнына айналатынына сенімді. Жалпы, Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын бұл тарихи ескерткіштің құндылығы зор.

Арман Бейсенов, Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғылыми қызметкері:
— Беғазы қорымында орналасқан кесенелер — алғашқы ел басқарған көсемдердің орындары. Қазақ сахарасындағы біздің мемлекеттілігіміздің тарихи тамырлары осы тастардан білінеді.