Әйелдерге қатысты ырымдар мен нанымдар
16.10.2014 7485
Ырымдар – жеке адамның немесе қауымның жору, болжау арқылы орындауға тиісті ережелері. Олар ғасырлар бойы қалыптасқан.

Аяғы ауыр әйел керілген жіптен аттап өтуіне болмайды: ырым бойынша, босанған кезде оның сәбиінің кіндігі мойнына оралып, тұншығып қалады.

Аяғы ауыр әйел қолына ара, қайшы (өткір заттар) ұстауына болмайды. Ырым бойынша, мезгілінен бұрын босанып қалуы мүмкін. Аяғы ауыр әйелдің қоян етін жемегені дұрыс, әйтпесе «баласы кем болып (қоян жырық) тууы» мүмкін.

Екіқабат әйел түйенің етінен-де дәм татпағаны дұрыс, себебі «баланы құрсағында 12 ай бойы көтеріп жүруі мүмкін». Егер белгіленген уақытта әйел босанбаса, еркек түйенің (бура) мойнын, ақ матамен орап, аяғы ауыр әйелді түйенің үстінен аттатады.Түсік тастамау үшін екіқабат әйелдің киімінің етегін бүріп қояды. Толғақ қысып жатқан әйелдің алдынан барлық сандықтардың қақпағын ашып қояды, олардың ішіндегілер сол әйелге тиесілі болады. Ырым бойынша, сонда толғақ та жеңіл өтіп, оңай босанады.Жаңа босанған әйел үйге кіріп кеткен иттерді қуып шығуына болмайды, жас ананың тістері түсіп қалуы мүмкін.

Бала емізетін ананың омырауы немесе сауылатын үй жануарларының желіні ісіп кетсе, ырым бойынша өлікті жууға пайдаланылған қолғаппен сүртуді ұсынады.
Мұсылмандар үшін қасиетті күн –  жұмада кір жуу үлкен күнә. Діни мерекелер кезінде-де (айт, құрбан, т.б.) кір жумау керек – бұл қасиетті күндерді мазақ ету деп саналады.

Кірдің суын әдетте адам баспайтын жерге апарып төгеді. Мұндай суды басып өту – жаманшылықты үйге алып келу, себебі «жаман нәрсенің бәрі кір сумен кетеді».
Ырым бойынша қонаққа келген қызды әдетте үлкендер мен құрметті адамдар отыратын орынға отырғызу керек, әйтпесе «сол үйдің иесінің басына бақытсыздық орнайды». Әйел адам жаяу немесе атқа мініп келе жатқан ер адамдар мен ересектредің алдынан кесіп өтпеу керек -бұл оның өзіне бақытсыздық әкелуі мүмкін.

Мынадай ырым бар: егер әйел отынды алып, үш қадамға тең келетін биіктікке қойса – күйеуі басқа әйелге кетіп қалады.

Әйел өзінің қиған немесе түскен шаштарын отқа тастауды дұрыс емес. Ырым бойынша, ол өлгеннен кейін о дүниеде Құдай: «Менің берген шаштарым қайда?» деп сұрауы мүмкін. Сондықтан әйелдер мұндай шашты адам баспайтын жерге көміп тастайды. Алынған тырнақтарды да аяқпен басуға болмайды. Оларды да көміп тастайды.Әйелдер түнде су алуға баруына болмайды, себебі олар бірдеңеден шошынып, нәтижесінде ауырып қалуы мүмкін.

Түн мезгілінде адам жуған кірін жаюына болмайды – бірдеңеден шошынып, ақыл-есі кем болып қалуы мүмкін. Бүйірін таянып түру – жаман ырым: әдетте жесірлер өздерінің өлген күйеулерін осылай тұрып жоқтайды. Жаман ырым: шаштарын жайып жіберіп жүру – басына зор қайғы түскен әйелдер (әдетте жесірлер) осылай жүреді.

Біреудің үйіне қонаққа келе қалғанда, үй иесі жұмыс істеп жатса, оған көмектесу керек – әйтпесе балаңның белі бүкір болады.Ырым бойынша, шала туған баланы біраз уақыт бойы тымаққа салып қойған, содан кейін оны бесікке ауыстырған кезде бұл бас киімді сәби ана құрсағында неше күн жем жатса, сонша күн бас жағына іліп қойған.


Ұзақ уақыт бойы бала көрмеген ерлі-зайыптылар ырым бойынша мойындарына көгеннің бұршағын салып, Алладан бала тілеген.


Үнемі түсік тастай берсе (немесе балалары бір жасқа толмай шетіней берсе) – сол отбасының туыстары немесе достары ырым бойынша кезекті балаға аяғы ауыр әйелдің әлі тумаған баласын әдейі сатып алуы тиіс.

Бала асырап алған кезде отбасына келген ұл баланың қолына асық жілік, қыз балаға ортан жілік ұстатады. Содан кейін той жасап, қонақ шақырады, олар осы салтанатты оқиғаның куәгері болады.
Баланы сапырғымен ұрма — бұдан оларға жаманшылық келеді. Баланы ожаумен ұру — оны болашақтағы несібесінен қағу.


Үлкендерге әрдайым бірінше болып амандас.Үйіңе келген қонаққа ең құрметті орынды ұсын.Балаға келген қонақтың аяқ киімін тазалатып, кетер кезде қолына ұстатуға қыл беру — жақсы өнеге.Қыздарға дөрекі сөз айту әдептілікке жатпайды.


Ұл бала мен қыз баланың бір-біріне тебуіне болмайды — бұл тәрбиесіздіктің белгісі.
Үлкеннің жолын кесіп өтетін, ересектердің сөзіне араласатын балаларды көргенсіз деп санайды.
Ежелгі наным бойынша — шөбересінің қолынан су ішкен атасы өлген соң міндетті түрде жұмаққа барады.


П.ғ.д., профессор А. Қалыбекованың «Қазақ халық тәрбиесінің асыл мұрасы» кітабынан алынған мақаланы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сараптамалық кеңесі ұсынған, Алматы, 368 б.