Астаналықтар Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениетімен танысады
02.10.2014 1820
3 қазанда Астанада ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде Ресей этнографиялық музейдің қор жинағынан (Санкт-Петербург қ.) «Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрмесі ашылады.

Көрме «Мәдениет арқылы үнқатысу» музейдің халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылған.

1902 жылы Ресей этнографиялық музейі императоры Александр III Ресей музейінің этнографиялық бөлімі ретінде болып негізделген. Қазіргі кезде РЭМ әлемдегі ең ірі этнографиялық музейлердің бірі болып саналады. Оның басты міндеті — Еуразия халықтарының дәстүрлі мәдениетінің ескерткіштерін зерттелуі мен сақталуы. Бүгінгі таңда музей топтамасында ғылыми мен эстикалық жағынан аса құнды боп саналатын 500 000 астам экспонат бар. Олардың ішінде XVIII–XX ғасырларға тән болатын халық тұрмысындағы заттар, негативтер мен фотобасылымдар, кескіндемелер кездесіп тұрады. Мұнда Шығыс Еуропа, Кавказ, Сібір мен Орталық Азия халықтарының этнографиялық құжаттар сақталған.

Ұлы Жібек жолы — Еуразиялық мәдени аймақтың тарихындағы феномені (ерекше құбылыс) болып, ол біржарым мыңжылдық тарихында түрлі мәдени ошақтар мен өркениетті байланыстырып отырған. Ұлы Жібек жолы бойында алуан түрлі мәдени құндылықтар барлық бағыт-бағдарларымен тасымалданған болатын. Сақталған мәдени құндылықтар бүкіл адамзаттың мақтанышына айналып кеткен. Ұлы Жібек жолының тұрақты жұмысына жолдан тыс орналасқан аймақтар үлкен үлес қосқан. Ұлы Жібек жолы өз жағынан да жолдан тыс осындай аймақтардың дамуына ынталандырған. Ұлы Жібек жолындағы ірі сауда орталықтарының бірі Бұхар әмірлігі болып саналған.

«Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрмесі Орта шығыс елдерінің ішінде ең маңызды саяси орталықтардың бірімен —Бұхар әімірлігімен — және оның билік элитасымен келген адамдарды таныстырады. Билік элитасы — ең қымбат тұратын мен еңбекті көп қажет ететін заттарды пайдаланып отырған әлеуметтік топ. Осы затардың ішінде мерекелік киім, ат әбзелдері мен зергерлік бұйымдар көптеп кездеседі. Бұйымдардың көпшілігі мәмілер (шет мемлекетпен ара-қатынасқа уәкілдік берілген адам) мен елшілерге сый тарту үшін арналған болатын. Осындай теңдесі жоқ заттардың үлгілері кәсіби этнографтардың өткізілген ұзақ, мақсатты жұмыстарының нәтижесінде сақталып келген. Этнографтардың жұмыстары қазіргі кезде де жалғасуда.

Көрменің заттық кешенінің байлығы және тұтастығы XIX ғасырдағы билік элитасы өкілдерінің өміріндегі әртүрлі көріністерімен толық көлемде танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, экспозиция топтамасында әдемілік, молшылықты көрсеткен мен элитаның меншігінде болған заттар, киім, музыкалық аспаптар, ислам діни заттары, қару-жарық пен ат әбзелдері, кескіндемелерде бейнеленген аушы құстар қатысуымен аңшылық та келушінің назарын өзіне бірден аудартады.
«Бұхар әмірлігіндегі билік элитасының мәдениеті» атты көрме ҚР Тұңғыш Президенті Музейінде (Астана қ., Бейбітшілік к.,11) қазан айының аяғына дейін созылады.