Қарағандыда қаланың 80 жылдық мерейтойына орай мұрағаттық құжаттар мен экспонаттардың көрмесі ашылды
14.02.2014 2198
Қарағанды қаласы бүгінгі таңда Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени орталығы болып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосуда.

Қарағандыда Кеншілер мәдениет сарайында Қарағанды қаласының 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиналыс өтті, жиналысқа облыс басшылығы, қаланың құрметті азаматтары, кеншілер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Қарағандының тарихын, әйгілі қарағандылықтар туралы әңгімелейтін, мұрағаттық құжаттар, тарихи-өлкетану мұражайының экспонаттары, фотосуреттер, театрландырылған суреттер көрмесі мерекелік іс-шараға ұштастырылды.

«Әрине, 80 жылды адам ғұмырымен салыстыруға келеді. Алайда, осы онжылдықтар кез келген адамның өмірі, мейлі ұзақ өмірі болса да, осыншама оқиғаларды қамтымайды», - деп айтты іс-шараның ашқан, облыс әкімі Бауыржан Әбдішев.

Салтанатты жиналыстың қатысушыларына алғашқы шахталар, стахановтардың жетістіктері туралы, қарағандылықтардың Ұлы Отан соғысының жеңісіне қосқан үлесі жайлы, Қарағанды жеріне қонған ғарышкерлер кездесуі, біздің спортшылардың жетістіктері жайлы бейнероликтер көрсетілді. 

Қарағандының қарқынды құрылысы кезеңі болып табылатын 1960-1980 жылдары қалада 13 млн. шаршы метр тұрғын үй, 234 мектеп, 56 мың балаға арналған балалар мектепке дейінгі мекемелері, 7 мың төсек-орынға арналған аурухана, ауысымда 12 мың келіп-кетушілерге арналған емханалар салынды. Сонымен қатар, мәдениет және спорттың көптеген мекемелері, тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық мақсаттағы объектілері салынды.   

«Осы кезеңде Республика Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің өңірімізде қызмет еткен жылдары болғанына ерекше көңіл аударғым келеді. Қарағанды партиясының облыстық комитетінің хатшысы, содан соң екінші хатшысы бола тұра, ол өнеркәсіп, құрылыс мәселелеріне жетекшілік етіп, қала дамуы мен қалалықтардың тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық жағдайларын арттырумен байланысты мәселелерді шешті», - деп хабарлады өңір басшысы.

Қарағанды қаласы бүгінгі таңда Қазақстанның ірі өнеркәсіптік, ғылыми және мәдени орталығы болып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында қойылған міндеттерді шешуде өзінің қомақты үлесін қосуда.  

«Қарағанды тұрғындарының барша ұрпақтарымен қала тарихына талай айтулы беттер жазылған. Осындай беттер келешекте одан да көп болатынына кәміл сенемін», - деп қорытындылады облыс әкімі.

Содан кейін салтанатты жиналыс қатысушылары мерекелік концертті тамашалады.