Қазақстан тарихы бойынша үлгілік бағдарламаның жобасы ғылыми қоғамдастықтың талқылауына енгізілді
05.02.2014 2255
Осы пәнді оқыту тарихи сана сезімді және саяси құрамына екпін жасап, мемлекеттік идеяны қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Отандық тарих бойынша жоғары оқу орындарының курсы орта мектепте алған білімнің қисынды жалғасы болып, және де барлық мамандықтарды даярлаған кезде басқа да пәндермен қатар негізгі білім алу базасының қалыптасуына ықпал етеді.

Осы пәнді оқыту тарихи сана сезімді және саяси құрамына екпін жасап, мемлекеттік идеяны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Қазіргі кезеңде тарих ғылымында пәнаралық тәсілге талап сапа жағынан өзгерді, бұл Отан тарихын оқыған кезде аралас ғылымдардың құралын пайдалануды болжамдайды. 

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының авторлық ұжымы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяған, тарих ғылымдарының докторы Жанна Қыдыралина және тарих ғылымдарының кандидаты Күлпаш Ілиясовамен жоғары оқу орындары бакалавриатының тарихи емес мамандықтарының студенттеріне арналған  «Қазақстан тарихы» үлгілік бағдарламасының жобасын әзірленді. Бұл ретте аталмыш бағдарламаны әзірлеген кезде авторлар осы пән бойынша орта білім беретін мектепте оқылған материалдардың қайталанбауын, және де мазмұнын теориялық-әдіснамалық жинақтау мен қорытындылаудың анағұрлым жоғары деңгейінде баяндалуын, қазақстандық және шетел тарих мектептерінің жаңа жетістіктерінің негізінде отандық тарихтың түрлі тақырыптарын жариялаған кезде көзқарас пен әдісті ұсынуын мақсат етті.

Бағдарламаны құрастырған кезде оның құрастырушылары мемлекет құрайтын ұлт – қазақтардың этногенезін, Қазақстан аумағында мемлекеттік эволюциясын біртұтас қабылдауында негізделген Отан тарихының бірыңғай қисынды арқауын түсінуіне сүйенген.  Осы курстың әдіснамалы негізі ретінде қазіргі отандық тарихтың проблемаларын көрсету бойынша отандастық ғалымдардың жаңа әзірлемелері болып табылады.

Авторлар ұжымы монархияның ыдырауымен, Қазақ автономиясының ресми түрде жариялауымен және 1991 жылы КСРО ыдырауымен байланысты 1917 жылдан басталған кезеңді жаңа уақытпен белгілеу (1917-1991 жж.), ал 1991 жылдан басталған кезеңді, Қазақстанның Тәуелсіздігін алумен байланысты уақытты – осы кезде ауқымды экономикалық және саяси реформалар басталған болатын, Қазақстан тарихындағы ең жаңа кезең (1991 жылдан бастап осы уақытқа дейін) деп белгілеуді ұсынды.

Әлбетте, оқу материалын беру кезінде жалпыға ортақ және жан-жақты тәмамдалуына үміттеніп отырған жоқ. Осы бағдарламаны пайдалану таңдау еркіндігін болжамдайды, оны құрастырған кезде жұмыс бағдарламалары, силлабустар, әдістемелік ұсыныстар мен семинар оқуларының жоспарларына сүйеніп, сыни және шығармашылық тұрғыдан қарау негізге алынған. Сонымен қатар бағдарламаны құрастырған кезде авторлар халықтың күнделікті өміріне көп көңіл бөлген. 

Үлгілік бағдарламаның жобасы соңғы екі жыл ішінде еліміздегі бірқатар жоғары оқу орындарының Қазақстан тарихының арнайы кафедраларында ғылыми-педагогикалық қауымдастығымен талқыланып, сыни ескертулер мен ұсыныстар есебімен пысықталған. Кемшіліктер жойылған соң, бағдарлама жалпы оң пікірлерге ие болды. Сондай-ақ бағдарламаның жобасы кең форматтағы түрлі диалогтық алаңшаларда: Тарихшылардың Екінші Ұлттық Конгрессінің секцияларында, еліміздің түрлі өңірлеріндегі ғылыми-әдіснамалық семинарларында, сонымен қатар жақын арада Астанада 2014 жылғы 31 қаңтар – 1 ақпанда аралығында өткен Халықаралық ғылыми-әдіснамалық семинарда талқыланды.

2013 жылғы 6 наурызда Мемлекет тарихы институтының Ғалымдар кеңесімен бағдарлама жобасы қарастырылып, ҚР Білім және ғылым министрілігіне әрі қарай сараптама жасау үшін ұсынылды.

Бағдарлама жобасына рецензия берушілері ретінде тарих ғылымдарының докторы, профессор З.Е.Қабылдинов (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана қ.); тарих ғылымдарының докторы, профессор О.Х. Мухатова (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы қ.) болып табылады.

Үлгілік оқу бағдарламасы жоғары оқу орындары бакалавриатының тарихи емес мамандықтарының студенттері үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беретін стандарттарға сәйкес әзірленген.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Т. Балықбаевтың тапсырмасы бойынша Үлгілік бағдарламаның жобасы кең талқылануға, соның ішінде Web-беттерде талқылануға енгізіледі.

Ақпарат Мемлекет тарихы институтымен ұсынылды

Қазақстан тарихы бойынша үлгілік бағдарлама