Жолдаудағы Қазақстан тарихына енетін 10 ілкімді идея
24.01.2014 2282
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады. Онда «2050 Стратегиясын» жүзеге асырудың негізгі тетіктері айтылды, хабарлайды ҚазАқпарат.

1. ПАТРИОТИЗМ. Қазақстандық қоғамның маңызды құндылықтарын біріктіретін «Мәңгілік ел» патриоттық актісі атты жаңа құжат жасалып, қабылданады.

2. ИННОВАЦИЯЛАРДА. Әрбір кезекті бесжылдықтың нақты нәтижесі ретінде экономиканың жаңа саласы қалыптасып отырады: олар, бірінші кезекте, ұтқыр және мультимедиялық, нано және ғарыштық технологиялар, робот техникалары, гендік инженерия, болашақтың энергиясын іздеу және ашу.

3. ГЕОЛОГИЯДА. Қазақстан геологиялық барлау саласында әлемдік нарыққа шығуы тиіс. Бұл бағытқа сәйкес заңнамаларды оңтайландырғаннан кейін, шетелдік инжинирингтік компаниялардың инвестициялары тартылатын болады.

4. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА. Аграрлық ғылымдарды, соның ішінде гендік-модификацияландырылған дәнді дақылдарды жетілдірудің арқасында Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі аймақтық экспортерлерінің біріне айналады.

5. ҒЫЛЫМДА. Шетелдік инвестициялар елімізге ілім-білім мен жаңа технологияларды транферттеуге толықтай қолданылатын болады. Шетелдік компаниялармен бірлескен жобалық және инжинирингтік орталықтар құрылып, технопарктерде қазақстандық ірі компаниялардың қосымша өндірістері орналастырылады.

6. АУМАҚТЫҚ ДАМУДА. Алғашқы заманауи урбанистік орталықтар - Астана және Алматы сияқты ірі қалалар болады, содан кейін - Шымкент пен Ақтөбе. Олар да ғылымның, инвестиция мен халықты тартудың орталықтарына айналады.

7. ТРАНСПОРТТА. Логистикалық қызметтер секторы белсенді түрде дамытылады. Жүк тасымалдауда Кеден одағының аумағы барынша қолданылады. Осының нәтижесінде Қазақстан теңізге шығатын елдерде логистикалық орталықтар салуды инвестициялайтын болады.

8. ЭНЕРГЕТИКАДА. ЕХРО-2017 көрмесіне дайындық барысында Астана «жасыл» экономика мен болашақ энергияны іздестіру және жасау бағытындағы әлемдік тәжірибенің ең үздік үлгілерін зерттеу мен енгізудің орталығына айналмақ. Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады, ядролық энергетиканың дамуы қарқын алады, соның ішінде - атом стансаларының құрылысы да бар.

9. ШОБ. Шағын және орта бизнес жаңа инновациялық кәсіпорындардың айналасында дамитын болады. Ол үшін индустрияландырудың екінші бесжылдығы «Кәсіпкерлік-2020» жол картасымен байланыстырылады.

10. ЭКОНОМИКАДА. Қазақстан экспортындағы шикізаттық емес өнімдердің үлесін 70 пайызға дейін жеткізуге мүмкіндік беретін ғылымға негізделген экономикалық модель енгізіледі. Ғылымды қаржыландырудың көлемі ЖІӨ-нің 3 пайызынан кем емес деңгейге жеткізіледі.