Мәңгілік стратегиясы
24.01.2014 1984
2014 жылғы 17 қаңтарда қазақстандықтар мен дүниежүзілік қауымдастық ел Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жаңа Жолдауының куәсі болды.

Ел болашағының бас құжаты туралы өзінің көзқарасын тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру академиясы мен Ресейлік жаратылыс ғылымдары академиясының академигі, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері Саттар Мәжитов ұсынды.

Қазақстанның егемендік иммунитеті еліміздің тағы бір жаңа саяси құжатының арқасында нығая түсті. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа Жолдауы 2014 жылдың қарашасындағы «Болашақ» халықаралық оқыту бағдарламасының 20 жылдығына арналған форумынан бері ерекше күту жағдайын тудырды. Сол кезде Елбасы ҚР Президентінің келесі жолдауы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру сұрақтарына арналады деп уәде берген болатын. Н. Назарбаев «Болашақ» бағдарламасының стипендияттары мен түлектеріне сөз сөйлегенде «Жыл басындағы өзімнің келесі жолдауымды осы бағдарламаны қалай орындауға, ол үшін не қажет екенін, қандай ресурстарды қосуға болатынына арнаймын», - деп атап өткен болатын.

Сол мезетте қазақстандықтардың назары елімізді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту тәжірибесінің барлық қалған әлем үшін маңызды екендігіне шоғырландырылған болатын. Қазіргі заман қарсылықтарына парасаттылықпен қарау және оларды еңсеру туралы нақты ұсыныстар адамзат келешегін ойлайтындар арасында, сөзсіз, кеңінен таралады.  Сондықтан, мұндай стратегиялық құжаттар мен бағдарламаларды алдымен қоғамның ең мобильді және ынталы бөлігі болатын жас ұрпақтарымыз оқып және жүзеге асыруы тиіс. Нәтижесінде бір ел үшін жасалатын іс жалпы адамдық және әлемдік игіліктің құрамы болып табылады.

Бүгінгі күні әлем нанотехнологияларды қуалаумен, ғаламды қамтыған негативті ақпараттарды насихаттаумен жайланған, осыған тоқтау қойып, ғаламшардың әрбір азаматының әл-ауқаты қамын ойлау арқылы әлемге адамзаттың өзін өзі сақтау туралы қамының бірінші дәрежеде тұрғанын жариялау. Бұл басымдық егемендік жылдар бойы Қазақстан Президентінің еліміздің ішкі және сыртқы саясаттын айқындаудағы бірінші дәрежесі. Сондықтан, осы Жолдауда қазақстандықтардың 97 пайызы өздерінің әлеуметтік жағдайының тұрақтылығы мен оның жыл сайынғы жақсаруын белгілейді.

  Проблеманы нақтылау және аралық әсермен қарау арқылы ауқымды көру Қазақстанды жүйелік дағдарыстар мен катаклизмдерге деген өзіндік иммунитеттін шынықтыра білген қазіргі заман мемлекеттерінің шоғырына қосты. Бұл көбіне еліміздің ұзақ мерзімді даму басымдықтарына батыл кіріскеніне байланысты. Осыған байланысты жаңа Жолдауда: «Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақмерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы» делінген.

Болашақтың көкжиектері әрдайым олардың экономикалық өлшемдері арқылы жақсырақ сезінеді. Міне, сондықтан таяу жылдарда және келешекте «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыруда экономиканың негізгі басымдықтары адамдардың өмірін жақсартуға бағытталады. Таяудағы 35 жыл бойы кезең-кезеңмен мақсаттарға қол жеткізу бес жетіжылдық арқылы болады. Осылай Қазақстан ХХІ ғасырдың бірінші жартысындағы әлемнің әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани тарихының жалпы ағымындағы «мәңгілік» елі ретінде бекітіледі. Осыған байланысты Жолдауда: «ХХІ ғасырда стратегиялық жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды» деп айтылған.

Президент Жолдауында белгіленгендей, «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жүзеге асыру міндеттеріндегі ауқымды серпілісінің құрамы: инновациялар, инфрақұрылымдық революция, урбанистік келешек, әлеуметтік инфантильдіктен және аспаннан нәпақа күтуден арылу, өркендеу игілігі үшін еңбек ету, ел келешегі үшін әр адамның жауапкершілігі болады.

Сонымен бірге, еңбек пен бизнесте жалғастырушылық мәдениеті мен дәстүрін қалыптастыру маңызды. Өз кәсібіңнің жалғасуы мен ұлғаюына деген сенімділік келешекте ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға нақты жағдайлар тудырады. Осыдан Жолдау ережелерінің қоғамдық құндылықтарды сақтау негізі ретінде отбасылық дәстүрлерді жалғастыру үшін жағдай жасаудағы мемлекет пен қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің өсуіне бағытталғанын көреміз. Осы тұрғыда Президент нақты ұсыныс жасады: «Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек. Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың технологиялық парк жұмыстарын жандандыру, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап студенттердің шәкіртақысын төрттен бір бөлікке көбейту, ағымдағы жылда экономиканың өсу деңгейін 6-7% көтерілуін қамтамасыз ету, 2014 жылдың 1 мамырына дейін инфляцияны орташа мерзімдегі келешекте 3-4% түсіру үшін шаралар жинағын анықтау, 2015 жылдан бастап дәрігерлер мен мұғалімдердің еңбек ақысын көбейту, мемлекеттік қызметкерлерге еңбек ақы төлеудің жаңа үлгісін енгізу, Қазақстанның транзиттік әлеуетін көтеру туралы және тағы басқа бірқатар тапсырмалары дамыған ел жағдайындағы қоғам және азамат абыройын бекіту мен мемлекет әлділігін жетілдіруге бағытталған уақыт талабы мен индикаторы болып табылады.

Барлық уақытта ел абыройын оның жалпы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күш-қуаты мен ролі анықтайтын. Осыған орай Жолдауда АЭС салу және атомдық электростанциялар үшін жекеменшік отын өндіру мәселесіне назар аударылады. «Біз созып келе жатқан ядерлық энергетиканың келешегі туралы ұмытпаған жөн. Әлемдік дамудың көз жетерлік келешегіндегі арзан атомдық энергияның қажеттілігі тек өсе береді. Фукусима синдромы – бұл тіпті басқа нәрсе. Цунами бар жерде, жер сілкінісі де болады. Энергияның бұл түрі таза энергия ретінде пайдаланылатын болғандықтан, біз артта қалмауымыз керек», - деді Қазақстан Президенті.

Ұзақ мерзімділік пен мәңгілік құқықтығын жариялау белгілі қауіп тудырады. Танымал мемлекет жағдайында олардың ең бастысы, Президент айтқандай, стратегиялық жобалар мемлекеттілік пен бірлік, батылдық пен еңбекқорлық үшін үлкен емтихан болып табылады. Стратегияны жүзеге асыру – бұл барлық қазақстандықтар үшін жалпы борыш. Осы борышты өтеу үлгісі басқаларға өнеге болады.

Еліміздің жаңа бағдарламалық құжатының спектрі өте кең, сонымен қатар нақты. Қазақстандықтардың болашақ ұрпағы мен бүгінгі заманы үшін олардың маңызын асыра бағалау қиын. Ең бастысы Президент Жолдауының барлық ережелері мен Тапсырмалары адамдардың әл-ауқаты туралы қамқорлыққа байланысты. Онда тағы да қазақ халқының дарындылығы, еңбекқорлығы және төзімділігі туралы айтылған. Ұлт Көшбасының айтуы бойынша, оның қолында «Қазақстан - 2050» Стратегиясындай келешек тұтқасы бар. Жаңа Жолдау егемен Қазақстанның болашаққа бастаған жолының кезекті тактикалық құрамы болып табылады.