Мүрсейіт Бікеұлының Абайтану ғылымына өлшеусіз қосқан үлесі
06.01.2014 2820
Бізге Абай еңбектерінің түпнұсқасы Бікеұлының 1905, 1907, 1910 жылдардағы үш қолжазбасы арқылы жеткен.

154 жыл бұрын (1860-1917) Абайдың шығармаларын жинап, өз қолымен көшіріп, ел арасына таратушы Бікеұлы Мүрсейіт дүниеге келді.

Ол Семейде төрт жылдық орыс мектебін бітірді. Орыс, қазақ, араб әдебиетімен біршама таныс болды.

Біраз жыл Семей оязының кеңсесінде тілмаш әрі писарь болып жұмыс істеді. Ел ішінде мектеп ашып, бала оқытады. Кейін ұлы ақынның әдеби хатшысы болған.

Мүрсейіт Абай шығармаларының 1909 жылы шыққан тұңғыш басылымының түпнұсқасын құрастыруға қатысып, оған корректорлық еткен. Бізге Абай еңбектерінің түпнұсқасы Бікеұлының 1905, 1907, 1910 жылдардағы үш қолжазбасы арқылы жеткен. Қазір бұл қолжазбалар Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының сирек кездесетін қолжазбалар қорында сақтаулы. Мүрсейіттің Абайтану ғылымына қосқан үлесін М.Әуезов «Жалпы, Абай мұраларын көшіріп таратушылар арасында Мүрсейіт Бікеұлының еңбегін айрықша атап өту керек» деп жоғары бағалады.