«САҚТАР АЛТЫНЫ» ТҮПНҰСҚАСЫ КӨРМЕГЕ ҚОЙЫЛДЫ
02.07.2017 2201
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ұлттық музейде бірегей «Сақ алтыны» түпнұсқадағы артефактілердің халықаралық көрмесінің ашылуы өтті

Көрмеде Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану мұражайынан және тәуелсіз Қазақстанның Ұлттық музейінен, сондай-ақ, танымал қазақстандық реставратор Қырым Алтынбековтың топтамасынан алынған бірегей олжалар, сақ мәдениетінің (б.з. д VII-II ғ.) үздік заттары ұсынылды.

Ерте көшпенділер көркемдігі мен техникасы қайталанбайтын декоративті өнер заттарының үлгісі арқылы өзінің дүниетанымынан көрініс береді (әйгілі «скиф үш тағаны» аталған: көшпенді мал шаруашылығы, әскери тұрмыс және скиф-сақтардың «аң стилі»). Көрме ежелгі көшпенділердің көркем мәдениетінің қазынасын көрсетеді және өткен мыңжылдықтардың рухын сезінуге мүмкіндік береді.

Көрме кураторлары: суретші-реставратор, «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының негізін салушы және жетекшісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР көркемөнер Академиясының академигі Қрым Алтынбеков, Орынбор губернаторлық тарихи-өлкетану мұражайының директоры Наталья Еремина, дизайнер, «Қырым аралы» ғылыми-реставрациялық зертханасының атқарушы директоры Элина Алтынбекова.