Мұсаның мұқалмас жігері
29.05.2017 1492
«NDH» порталы оқырман назарына Мұса Оздоевтың ерлігін ұсынады, ол Сталин қайтыс болған соң бір жылдан кейін барлық туған-туысын туған өлкесіне көшіріп әкетеді

Сталиндік әділетсіз жер аударудан көптеген халықтар жапа шекті. Шындықтың түбіне жету мүмкін емес еді. Қашқан адам ату жазасына кесілетін еді. Құқықтарынан айырылған адамдар туған жеріне қайту дегенді тіпті армандай да алмайтын еді. Осындай жағдайда шешен азаматы НКВД қаһарынан қорықпай, қолынан келгенше туған халқын құтқарады. 1944 жылдың 23 ақпанында шешен және ингуш халқы Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылады. Арнайы жер аударылғандар ел немесе республика ішінде ғана емес, тіпті бір ауданның ішінде еркін қозғалып жүре алмайтын еді.

9 қаңтарда шешен және ингуш халқы вайнах халқының ақталған күнін және Отанына оралған күндерін атап өтеді.

Бұл 1957 жыл еді – әйелдер, балалар мен қарттар тауарлық вагондарға тиеліп, Қазақстан мен Қырғызстанның иен даласына жер аударылғандарына 13 жыл болған еді. Вайнах халқы сол жылдары барлық тұрғындарының ширек бөлігінен, негізінен әйелдер, балалар мен қарттардан айырылған болатын, ал олардың күйеулері, әкелері мен балалары Ұлы Отан соғысының майдан далаларында жаумен шайқасып жүрген еді. Бірақ не шешен, не ингуш халқы өз тілін, өз жадын, салты мен әдет-ғұрпын ұмытқан жоқ. Олар туған Кавказын қайта көремін деген үмітпен өмір сүрді.

Мысалы, Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат үшін ең ауыр күйзеліс болды, егер де кейбір жекелеген адамдардың, мысалы, «Жетімдер үйінің» тәрбиеленушілерін тастап кетуден бас тартып, солармен бірге газ камерасына кірген балалар жазушысы Януш Корчактың, немесе сербтік шаруаларды атудан бас тартып, солардың қатарына тұрып, солармен бірге ату командасының оғының астында қалған неміс сарбазы Йозеф Шульцтің көрсеткен ерлік үлгілері болмаса, онда бұл адамзаттан үміт үзуге болар еді. Алайда, бұл қылығы жанындағыларға абсурд немесе қылмыстық болып көрінсе де, ар-ожданымен және өмірлік қағидаттарымен саудаласпай, дұрыс деп санайтынын үн-түнсіз орындайтын адамдар бар

Осындай адамдардың бірі – Мұса Оздоев болған. Отбасының Қазақстанға жер аударылғанын білген соң, өмірін қауіпке тіге отырып, мемлекеттік рұқсат берілгенге дейін көп уақыт бұрын, өзінің «Победа» көлігімен, барлық туған-туыстарын Назраньға көшіріп әкетеді. 1954 жылдың қысына дейін Ингушетияға жүз елуге жуық аталастарын көшірген, ол еліне дейін 27 сапар және кері қарай – 26 сапар жасаған. Жолдың бір бағыттағы ұзындығы 3000 шақырымнан асатын, жеті айдың ішінде Мұса 160 000  шақырымнан аса жол жүріп өткен. Жер аудару жылдарында осындай ерлік пен өзін-өзі құрбандық ету үлгілері, арамдық пен жүрексіздікке қарағанда әлдеқайда көп болатын.