Түркі философы, ақын, композитор және қобызшы Қорқыт атаның мұрасын БҰҰБҒМҰ мәдени құндылықтары тізіміне енгізу жоспарлануда
Түркі халықтарының ұлы ойшысы, атақты жырау-аңызшы, қобызшы бай әдеби-музыкалық мұраны тастап кеткен тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқұт немесе Қорқыт — әйгілі түркі ақын-жыршы және IX ғасырдың композиторы, Сыр-Дәрия жағалауы бойындағы даласынан шыққан. Қобызды ойлап тапқан ақын, аңызшы, ақындар мен музыканттардың қамқоршысы. Қорқыт туралы аңыздар түркі (қазақтар, қарақалпақтар) халықтары арасында және әсіресе оңтүстік оғыз бұтақтарында кездеседі: түрікмен, әзірбайжандар және түріктер. Олардың барлығының жалпыға ортақ халық эпосы «Оғыз-наме». Қорқыт адам өмірі тым қысқа болғанына жастайынан көнгісі келмей, шарасыз ажалмен күрескені туралы аңызда әңгімеленеді. Азапты ойға батып, өз ойларынан берекесі кетіп, мәңгілік өмір сүру арманын арқалаған Қорқыт адамзаттан басы ауады, алайда айналадан көргені тек ажал болады: тоғайда— құрап, құлап жатқан ағаш өз ажалы туралы әңгімесін айтады және Қорқыттың шарасыз нәтижесі туралы айтады; жапан далада — күнге күйген боз сол туралы айтады; құатты асқар таулар да, Қорқыттың өзін осындай шарасыз нәтиже күтіп тұрғанын қоса отыра, өздерінің қирау мүмкіндігі туралы мәлімдейді. Осының барлығын көре және ести тұра, Қорқыт ағаштан шырғайды- алғаш қобызды ояды, оған ішектерін тартады да шерте бастайды, мұнда өз азапты ойлары мен сезімдерін зар төгеді. Осы әуенге өзінің барлық жанын салды, оның ғажап ішектерінің дыбыстары бүкіл әлемді жаулап алып, адамдардың жүректер алқымына тығылды. Сол кезден бастап Қорқыттың әуендері және ол жарыққа шығарған қобыз жер шарлап жиhан кезді, ал Қорқыттың есімі қобыздың ішегінде және адамдардың жүрегінде өлмес рух болып қалды. Аңыз бойынша, Қорқыттың сұрауымен, моласына желдің екпінінен әр уақытта сыңғырлап тұратын қобыз салынған. Қобыз ретіндегі сәулетті ескерткіш Қорқыт -ата естелігіне 1980 жылы Қазақстанның Қызылорда облысы, Қармақшы ауданында орнатылған. Авторлары — сәулетші Б. Ыбыраев және физик-акустик С. Исатаев. Желдің екпінінен ептеп сыңғырлап тұрады, барлық жүргіншілер жел әуенін есте алады. Ескерткіш Мәскеуден Ташкентке және Алматыға өтіп бара жатқан поездардың терезелерінен көрініп тұрады. Қорқыт ата жерленген орнында, Сырдария өзені жағасында, X—XI ғғ. «Қорқыт-Түбе» кесенесі орнатылды, қарапайым халық арасында – Әуендететін құбырлар деп аталады.
Ғасырлар өте келе ол қирай бастады. 1997 жылы Қорқыт кесенесін қайта келтіру жұмыстарын өткізді. Тұтастай сәулеттік ансамбль құрылды – амфитеатр, қонақ үй және тағы басқа нысандары бар кешен. Ал 2000 жылы оның жанында мұражай салынды. 2001 жылы Қазақстанда көшпенді түркілер мәдениеті әлемдік музыкалық мәдениетке әсер ету туралы білімді қоғамда тарату мақсатында, «Коркыт» Қоғамдық қоры құрылды. 2006 жылдан бері ҚР МәдМин-і және Қызылорда қаласының әкімшілігі «Қорқыт және Ұлы Даланың музыкасы» атты Халықаралық фестивалін өткізуде. 2008 жылы Астанада саябақ құрылды және «Қорқыт қобыз» атты ескерткіш-композициясы орнатылды. Қорқыттың есімі Қызылорда мемлекеттік университетіне берілді, Қызылорда қаласының «Қорқыт-ата» әуежайы аэропорты, Қазақстанның көшелері атанған. Таяуда түркі философ, ақын, композитор және қобызшы Қорқыт атаның мұрасын БҰҰБҒМҰ мәдени құндылықтары тізіміне енгізу жоспарлануда. Бұл бүкіл әлемді қазақтың ұлы атасы шығармашылығымен таныстыруға мүмкіндік береді. Ал көне аңызшы туралы баға жетпейтін қазына қорымыз сенімді қорғауда болады. Қорқыт атаның рухани және адамгершілік құндылықтармен бай мұрасы бүгін де қазіргі заман өмірімен үйлесімді үйлеседі. Түркі әлемнің аңызы өз шығармаларына тұтас дәірдің тарихын сыйғыза білген. Қорқыт атаның шығармашылығы қазақ халық ауыз әдебиетінде ерекше орын алады. «Тарихта Қорқыт атаның 12 күйі сақталған. Бұл атақты «Аққу», «Ұшардың ұлуы», «Бәшпай» күйлері және тағы басқалары. Сондықтан біз «қобызды ойлап тапқан дәл сол Қорқыт ата деп батыл айта аламыз», деді музыкант Серік Жақсығұлов. Әйгілі түркі композиторы туралы көптеген аңыздар бар. Қызылорда облысында оның шығармашылығын ғылыми-зерттеу институттың бірсыпыра саңлақтар тобы зерттеуде. Олардың басты мақсаты тек қана сақтау емес, болашақ ұрпаққа аңызшының шығармашылығын жаратылыстағыдай түрінде табыстау. Қорқыт атаның шығармалары түркі тілдес халықтарының мұрасы болса да, күйлері тек бізде ғана кездеседі. Бұл біздің ұлы ата-бабаларымыздың бірі екенінің дәлелі. Сондықтан, біздің басты мақсатымыз – оның шығармашылығын ұлықтай отырып, қазақ халқының бай мұрасын бүкіл әлемге көрсету», – дейді филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев. Үш жыл бұрын Қорқыт атаның тарихи отанында мемориалды кешенді қайта жөндеді. Тек өткен жыл ішінде оған 16 мыңнан астам шетелдік барып қайтты. Бұл бүкіл әлемнің қызығушылық тудыратындығының дәлелі. Сондықтан осы аруақ қонған жерді ЭКСПО-2017 туристік қозғалыс бағытына енгізді. «Кесенені Ресейден және ТМЖ елдерінің туристері барып қайтуды жоспарлады. Англия, Франция, Германия және Қытай азаматтары қызығушылық танытуда. Жеті қазақстандық туроператорлар белгіленді. Олар «Байқоңыр» бағытына және «Қорқыт-ата» кесенесіне арнайы туристік қозғалыс бағыттар дайындады», – деп түсіндірді Қызылорда облысы кәсіпкерлік және туризм басқармасының өкілі Азамат Досжанов. Қорқыт атаның әйгілі бейнесі өңірдегі туризмді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
Көшірме жасау және материалдарды жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша не ауызша рұқсаты қажет. Міндетті түрде National Digital History порталына гиперсілтеме жасау қажет. Барлық құқықтар ҚР «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңымен қорғалған. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (внутр. – 111)
Авторы: Махаббат БОЛЬШИНА