Атақты мерген Кейкінің суреті жарияланды
14.12.2016 2327
Батырдың бассүйегіне мажарлық ғалымдар зерттеу жасады. Соның арқасында Кейкі батырдың шынайы бет-бейнесі қандай болғанын біліп отырмыз

Белгілі саясаттанушы Берік Әбдіғалиұлы фейсвуктағы парақшасында  Венгрия астанасы Будапештке жеткізілген бассүйек бойынша жасалған Кейкі батырдың суретінің эскизін жариялады, деп хабарлайды National Digital History.

Сурет батырдың бассүйегі бойынша салынды. Батырдың бассүйегіне мажарлық ғалымдар зерттеу жасады. Соның арқасында Кейкі батырдың шынайы бет-бейнесі қандай болғанын біліп отырмыз. Бұл Ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы қарсаңында қол жеткізіп отырған үлкен жетістік, – деді Б.Әбдіғалиұлы.  

Кейкі батырдың бассүйегін Венгрияның антрополог ғалымдары зертейтіні туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.  Бұл туралы алғаш ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А. Райымқұлова арнайы мәлімдеді. Соның жалғасы ретінде Орталық музей директорының орынбасары Б. Қақабаев:

«Венгрияда біздің мақсатымыз – ғылыми және генетикалық зерттеулер жүргізу. Кейін электрондық технологиялармен сүйектерді қайта қалпына келтіріп, Кейкі батырдың пішінін көруге бөледі. Венгрияда ғалымдар мұндай зерттеулермен жақсы айналысады. Оларға бұл зерттеу қызық болады, себебі олар өздерін қыпшақ санайды», - деді. 

Енді міне, бірнеше айдан кейін қазақтың батыр ұлы, тарихи тұлға Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлының басы елге оралып, бас  суретінің  эскизі жасалды.

Сондай-ақ, Кейкі батырдың бассүйегі қазан айында Мәс­кеудің Мәдениет министрлігіне қарай­тын Мәдени мұра департаменті арқылы елге әкелінген болатын.