Тарихтың алтын арқауы: Түмен-Астана
20.10.2016 2135
Түмен қаласында (РФ) «Астана-Еуразия жүрегі» атты көрме өтті

Қазақстанның басты қаласы туралы экспозицияның ашылуы қаланың және бүкіл өңірдің мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналды. Астаналық делегацияны Түмен қаласындағы қазақ диаспорасы ыстық ықыласпен қарсы алды. Жүзден астам экспонаттардан тұратын бұл көрме Түмен облысының Мемлекеттік әлеуметтік-саяси тарих мұрағатында өтті. Көрменің тұсау кесері дәстүрлі қазақ және орыс ғұрыптарынан басталды. 

Ең алдымен, «шашу» жоралғысы қазақтың киіз үйінде өткізілді. Оны Түмен облысы қазақтарының Ұлттық-мәдени автономиясы мұрағат ғимаратына кіреберісте орнатқан. Содан кейін, қазақтың және орыстың ұлттық киімдеріне киінген Түменнің жас тұрғындары қонақтарды бауырсақпен және нан-тұзбен қарсы алды. Көрме қонақтарымен сәлемдесе отырып, Түмендегі Қазақстанның құрметті консулы С. Мақаш бір күн бұрын Астанада Қазақстан және Ресей президенттерінің қатысуымен шекаралық ынтымақтастық форумы өткенін символикалық белгі деп атады. Оның айтуы бойынша, мұндай іс-шаралар – екі ел басшыларының тілегін жүзеге асыру болып табылады. 

Көрме қатысушыларына арнап, сондай-ақ облыстық Дума депутаты Юрий Конев, Түмен облысының Ұлттық-мәдени автономиясының төрағасы Е. Жантасов және ГАСПИТО директоры Е. Долгушина — Солтүстік-Қазақстан облысының тумасы сөз сөйледі. Елена Ивановна атап өткендей, ол өзінің жерлестерін ресей жерінде көргеніне қуанышты. Қазақстандық делегацияның басшысы, Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатының директоры Балқия Баймағанбетова консулға шапанды сыйға тартты. Ол түмендіктерге қонақжайлылықтары үшін алғыс білдірді және екі ел арасындағы мәдени байланыстар әрі қарай нығая түсетініне сенім білдірді. 

Достық және берік серіктестік белгісі ретінде Қазақстан және Ресейдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды. Іс-шара барысында Астана туралы фильм көрсетілді, Түмен облысы қазақтарының ҰМА және ГБУТО ГАСПИТО арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Сондай-ақ «Мерей» қазақ әндерінің ансамблі өнер көрсетті. ТМД-ның құрылғанына 25 жыл толуына арналған көрме экспозициясын Астананың Мемлекеттік мұрағаты Астана және Түмен облысының мұрағаттары арасындағы Ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде ұйымдастырды. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, көрменің мақсаты – құжаттық мұра арқылы еліміздің бас қаласының тарихын кеңінен ашу болып табылады. 

 Көрме астананың дамуындағы негізгі кезеңдерді көрсетеді. Ерте кезеңге қаланың форпост және уездік қала ретінде құрылу кезеңі жатқызылады. Осы кезең экспонаттарының ішінде – Ақмола қонысына аймақтық қала мәртебесін беру туралы, жәрмеңкелер, ауруханалар, мектептер, банктер ашу туралы, сауда, кәсіпшілікті дамыту туралы құжаттар, материалдар бар. Келесі кезең - кеңес одағының кезеңі. Ол қаланы телефондандыру және радиоландыру, көше атауларын өзгерту, өнеркәсіптік кәсіпорындар құру туралы құжаттарда көрінген. 

1950-1960-шы жылдар – тың және тыңайған жерлерді игеру Қазақстан астанасының тарихында ерекше орын алады. Онда азаматтардың тың игеру жерлеріне кіру туралы өтініштері, алғашқы тың игерушілердің фотосуреттері көрсетілген. Көрменің маңызды бөлімі Астанаға арналған. Ол жерде астананы ауыстыру және атауын өзгерту туралы құжаттар, Ақмола қаласын Астана қаласы деп атауын өзгерту туралы Жарлық, мемлекеттік органдарды жаңа астанаға ауыстыру туралы материалдар, Астананың ресми тұсау кесері, оны салу барысы туралы құжаттар, қаланың төлқұжаты, бас жоспары және суреттері көрсетілген. 

Сондай-ақ, көрмеде сәндік-қолданбалы өнердің, қазақ тұрмысының және мәдениетінің бұйымдары көрсетілген: ұлттық киімдер, атақты шеберлерді зерлгерлік бұйымдары, қымызды сақтауға және ішуге арналған ыдыс-аяқ (қоржын, торсық), музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз). Көрме экспонаттары Түмен қаласының тұрғындарының қызығушылығын тудырды және қазақ халқының төл мәдениеті туралы еске түсірді. 

 Арман СҮЛЕЙМЕНОВ 

 Материалдар мен суреттерді Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты ұсынған