Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы
Бүгін тарихта

Тиктокер тарихшы: Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан күн

1105
1994 жылдың 16 ақпанында Елбасы Н. Назарбаев Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды. Сөйтіп, Қазақстан өз еркімен қуатты қарудан бас тартып, ядролық қаруы жоқ ел ретінде осынау зұлматпен күрестің алғашқы баспалдағын қалады. Расында да бұндай қадам Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтпаса, әлсіреткен жоқ. Өйткені Ядролық қарудан бас тарта отырып, Қазақстан оның орнына сол кездегі жетекші ядролық державалардан - АҚШ, Ресей, Ұлыбританиядан еліміздің қауіпсіздігінің халықаралық кепілін талап етіп, 1994 жылдың соңына қарай оған да қол жеткізді. Кейіннен бұндай кепілдемеге Франция мен Қытай да қосылды. Бұл да жас Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретіндегі халықаралық аренадағы лайықты, маңызы зор жетістігі еді.
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?