Тиктокер тарихшы: Қазақстанның Ата заңы
2021-06-23 11:05:19
1138
Конституция – ең жоғарғы заңдық күшке ие құжат. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум барысында азаматтардың 89,14% Конституцияны қабылдауға дауыс беріп, Ата заңымыз шын мәнінде «Халықтық Конституция» деген атқа ие болды. Содан бері Конституция уақыттың талабы және мемлекеттің демократияландыру, 2050 жылға қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөніндегі міндеттеріне орай бірқатар толықтырулар мен түзетулерден өтті. Осы уақытқа дейін 1998 жылы Конституцияның 19 бабына, 2007 жылы депутаттарды сайлау туралы, 2011 жылы ҚР Президентінің өкілеттілігі туралы өзгертулер енгізілді. Соңғы 2017 жылғы конституциялық реформаға сәйкес, ҚР Президенті 45 өкілеттілігін Үкімет пен Парламент арасында бөліп, олардың саяси шешім қабылдау мүмкіндіктерін кеңейтті. Бұл саяси модернизация мемлекетіміз үшін тағдырлы мәселе және Төртінші өнеркәсіптік революцияға бейімделу мақсатында орындалған маңызды шара болып саналады.