Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Жабал Ерғалиев: «Аласапыран әлемді Қазақстанның бейбіт өмірі қызықтырады»

3532
Жабал Ерғалиев: «Аласапыран әлемді Қазақстанның бейбіт өмірі қызықтырады»  - e-history.kz
«Қазақстан Тәуелсіздігің 25 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйлеген депутат, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев осылай деді

«Қазақстан Тәуелсіздігің 25 жылдығы: табысты мемлекет, табысты ел» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйлеген депутат, қоғам қайраткері Жабал Ерғалиев осылай деді Бүгінгі күні өзінің тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап отырған Қазақстан күллі әлемге танылды. Әлемге айтатын өзінің ойы бар, сөзі бар, әлемге көрсететін өзінің өнегесі бар мемлекет болып қалыптасқан. Мұнымыз тарихи ақиқат. Бұл, әрине, Елбасымыз, Қазақастан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап, тәуелсіздіктің алғашқы сәтінен бастап ішкі және сыртқы саясатын дұрыс таңдай білгенінің жемісі де. 

Естеріңізде болса, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында кешегі Советтер одағы ыдырап, әрбір одақтас мемлекет өз алдына бөлек мемлекет болып жатқанда «біз қалай ел боламыз», «біз қалай ел бола аламыз» деген тығырыққа тірелген сәтте Елбасымыз қазақ тарихының сахнасына шығып: «Туған елім, екі тізгін, бір шылбырды менің қолыма берген екенсіздер, маған сеніңіздер!» деген сөзді естігенбіз. Біздің халқымыз, біздің қазақстандықтар қандай қиын кезең болса да Елбасыға сендік. Елбасы өзінің туған халқына сенді. Екеуара сол сенім бүгінге дейін Қазақстанның барлық әлемге танылуына алып келген еді. 

9a6ff2c40d8ae750ab2602e013d7cb64.jpg

Семей қасіретті полигонының жабылғанына биыл 25 жыл толады. Сол полигонды жабу арқылы елбасымыз әлемге тұңғыш рет өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі алғашқы мемлекеттің іргетасын қалады. Елбасымыз сол Семей полигонын жабу арқылы 40 жыл бойы жарылыстан көз ашпаған қазақ халқының, қазақстандықтардың көз жасын құрғатты. Сол Семей полигонының жабылуы күні кеше ғана елбасымыз БҰҰ биік мінбесінен сөз сөйлеп «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ұсынды. Бұл манифесттің тарихи маңызы сол, БҰҰ Бас ассамблеясының ең басты құжаты болып қабылданды. Бүгінгі күні осы елбасымыздың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін бүкіл әлем саясатшылары, бүкіл әлем президенттері дүниені қайта құру, дүниеге ядролық қаруды таратпау, адамзаттың болашағын ойлау мәселесін басты құжат ретінде қабылдап отырғанын өздеріңіз білесіздер. 

2010 жылы, Тағы да тарихқа жүгінетін болса, Қазақстан кешегі Советтік жүйе мемлекеттердің арасындағы, одан қалса түркі әлемінде тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана саммитін өткізгендігін біз тағы да білеміз. Мұның бәрі Қазақстанның өзінің айтар сөзі бар екендігін, өзінің айтар ойы бар екендігін, өзінің дербес жүргізетін саясаты бар екендігін тағы да өздеріңіз білесіздер. 

Бүгінгі күні Қазақстан өзінің әлемге таласа осы қазақ жерін мекендеп отырған ұлт пен ұлыстардың бірлігін, ынтымағын, достығын жарастырып отырғаны тағы да танылып отырған ақиқат. Өздеріңіз білесіздер, бүгінгі күні әлем аласапыран үстінде, әлем тығырыққа тірелген жағдайда отырғанда Қазақстан дүние жүзіндегі тыныштықтың, бейбіт өмір сүріп отырған халықтардың мекеніне айналып отыр.

Дайындаған Заңғар Кәрімхан


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?