Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстан тарихшыларының ІІІ конгресі өтеді

2665
Қазақстан тарихшыларының ІІІ конгресі өтеді - e-history.kz
2015 жылы 9 маусымда сағат 10.00-де Астана қаласы «Қазмедиа орталығында» «Конституциялық құрылыстың мәселелері және Ұлт Көшбасшысының рөлі» атты Қазақстан тарихшыларының ІІІ ұлттық конгрес өтеді.

Конгрестің мақсаты – конституциялық құрылыстың мәселелерін және Ұлт Көшбасшысының рөлін мемлекеттік сапалы механизімін жоғарылатуына түсініктеме жасау, сонымен қатар отандық білім және ғылым саласындағы өзекті мәселелерді талқылау. 

2011 жылдан бастап Тарихшылардың ұлттық конгресінің (ТҰК) өзінің атқару қызметін белсенді түрде жүзеге асырып келеді. ТҰК-тың негізгі мақсаты Қазақстан тарих ғылымын жаңа сапалы-деңгейге көтеру, ғылыми зерттеу жұмыстарын жинақтау аумағын жүйелеу және үйлестіру, қазақ халқының тарихи, мәдени, рухани мұраларын танымал ету, оларды зерттеу, сақтау, дамыту болып табылады. 

Конгрестің құрамына белгілі ғалымдар, кандидаттар мен тарих ғылымның докторлары енеді. ТҰК «Тарих толқынында» атты арнайы тарихи зерттеулер бағдарламасының барлық жобаларын және Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың осыған сәйкес алған қойған міндеттері мен шешімдерін жүзеге асыруға белсене қатысады. Берілген кешенді бағдарламаның аясында «Тарих толқынында» мақалалар жинағы 5 томмен жарыққа шықты, мұнда белгілі ғалымдар және көрнекті қоғам, мемлекет қайраткерлерінің ғылыми-танымал еңбектері енгізілді. Ақпараттық аумақ аясында ТҰК Халықаралық ғылыми-танымал «Мәңгілік ел» журналын онлайндық және принттік нұсқада қазақша, орысша және, ағылшын тілдерінде жоба бойынша жүзеге асырады. Қазіргі уақытта журналдың 10 нөмері жарыққа шығарылып, «Қазпошта» АҚ каталогіне енгізілді. ТҰК мүшелері бастапқы оқу құралдарын: «Қазақстан тарихының» ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңіне «Қазақстан тарихының тәуелсіздік кезеңі», «Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі» сериясының 20 томдығын жүзеге асыруға белсене қатысты. 

2013 жылы 25 қазанда Қазақстан тарихшыларының ІІ ұлттық конгресі өткізілді, тарихи зерттеулер жобасының бағдарламасы аясында «Халық тарих толқынында» өзекті мәселелер талқыланды. ТҰК ұсынысымен елімізде 20 астам Қазақстан тарих кафедралары ашылды және соңғы жарты жылда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде тарих факультеті ашылды. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қарамағында елімізде ең алғашқылардың бірі болып Білім беру саласының музейі ашылды. Конгресс мүшелері докторлық диссертациялардың басымды тақырыптағы тізбесіне зерттемелік қайта өңдеу жасауға қатысты. 

ТҰК 2015 жылы қаңтарда жас ғалымдар арасында «Отандық тарихтың өзекті мәселелері» бойынша ұлттық тарихты зерттеуге арналған республикалық конкурс өткізді, оған 80 жас ғалым қатысты. «Исторический ежегодник» баспадан шығаруға дайындалды, оған мазмұны қазіргі заманғы Қазақстан тарих ғылымының жетістіктерінен тұратын, «Тарихшылардың лттық конгресінің кітапханасы» сериясы бойынша кітаптар жарыққа шықты: Д. Мәсімханұлының «Қытай туралы қырық сөзі» (2014 ж.), А. Бөкейханның «Казахи» және К. Кемеңгердің «Қазақ тарихынан» (2015 ж.). 

Алдағы уақытта өткізілетін конгрестің қатысушылары тарихи ғылыми-сараптамалық қоғамның және Қазақстанның әлеуметтік-гуманитарлық ғылымының және шет елдердің өкілдері болады. Конгресс бағдарламасы: мұрағаттық, архиеологиялық, кітап көрмелері; «Тарихшылардың ұлттық конгресінің Кітапханасы» кітаптар серияларының тұсаукесері, «Мәңгі ел» журналының 10 нөмері және ІІІ тарихшылардың Ұлттық конгресінің еңбектерінің жинағы; ең таңдаулы жас тарихшыларды, ақшалай сертификатпен және дипломдармен марапаттау, пленарлық және секциялық отырыстар, т.б. ІІІ тарихшылардың ұлттық конгресінің жұмысы төмендегідей ғылыми бағыттармен жүзеге асырылады: 

– Ежелгі, ортағасырлық, жаңа және қазіргі заманғы Қазақстан тарихы; 

– Еліміздегі өтіп жатқан маңызды тарихи оқиғалар және ондағы көшбасшының тарихтағы алатын рөлі; 

– Отандық және шет елдік тарихнамадағы Қазақстан Республикасы Конституциясының бағалануы; – Қазақстанның қазіргі заманғы тарихи қоғамының танымы және Қазақстан Республикасының Конституциясы; 

– Ұлт Көшбасшысының Мемлекетті нығайтудағы оның рөлі; 

– ҚР Конституциясын жоғарғы оқу орындарында және мектептерде оқыту; 

– Тарих ғылымындағы пәнаралық жобалар; 

– Адами қорды дамыту және еліміздің тарихы жастарды патриоттық тәрбиелеудің негізі; 

– Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары және негізгі факторлары; 

– Мұрағаттану және мәдени мұраларды сақтау мәселелері; 

– Археология және этнография: тарих, методология, зерттеу дереккөздері; 

– Қазақстан тарихы оқулығының жоғарғы оқу орындары және мектептердегі жағдайы; 

– Тарихи-этнологиялық және фольклорлық экспедиция ұйымдастыру жөнінде; 

– Қоғамдық сананы отаршылдықтан тазарту; 

– Ұлт-азаттық қозғалыс; 

– Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің негізгі тоғыстары; 

– ТҰК-тің ұлтаралық ынытмақты және келісім нығайтудағы рөлі.

Қазақстан тарихшыларының ІІІ ұлттық конгресінің жұмысына қатысу үшін мәтінін толық нұсқасын және келесі талаптар бойынша рәсімдеген өтінішті беру керек.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?