Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Мемлекеттік егемендіктің және президенттік институттың нығаюы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы.

2216
Мемлекеттік егемендіктің және президенттік институттың нығаюы. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы. - e-history.kz

1995 жылдың наурызында Республиканың Конституциялық соты 1994 жылдың наурызында өткен парламент сайлауын заңсыз деп шешім шығарды. Нәтижесінде XIII шақырылған Жоғарғы Кеңес таратылып, Қазақстан заң шығаратын өкілді орган Парламентсіз қалды. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда өтті. Мәжіліс сайлауының нәтижелері бойынша 67 депутат, онын 57-сі ер адам, 9-ы әйел адам депутат болып сайланды. Палатаның барлық депу-таттары жоғары білімді, олардың 7-еуі ғылым докторы, 10-ы ғылым кандидаты. Сайланған депутаттар арасында жергілікті атқару органдарының және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері басым болды (19 адам). Әрбір бесінші депутат косіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары. Әрбір оныншы депутат Президент әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері, 9 депутат ғылым-білім саласынын қызметкерлері, мұғалімдер, 4 депутат уақытша жұмыс істемеген. Аграрлық салада — 11 депутат, мәдениет саласында — 3 депутат жұмыс істеді. Құқық корғау органдары қызметкері — 2. инженер-экономист — 2, депутатты құрады. Бір депутат — заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болды.

Жаңа Конституция қоғам мен мемлекеттің айшылықсыз дамуын, елдің азаматтарының ұлтына қарамастан ертеңгі күнге деген сенімділігін орнықтыруы, қазақстандық патриотизмді нығайтып, занды орындау және сайлау мәдениетін негіздеуі керек болды. Конституция жобасынын 18-ге жуық нұсқасы қаралды. Конституция жобасын талдау және сараптау үшін 1995 жылы 22 мамырда Президенттің қаулысымен сараптамалық консультативтік кеңес құрылды. Бұл кеңеске: Ю.В. Басин — Әділет министрлігі, Қазақ мемлекеттік заң институтының профессоры, заң ғылымдарының докторы; В.А. Ким — ҚазМҰУ мемлекеттік кұқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы; К.А. Колпаков — Қазакстан Республикасы Президентінің Жоғары Кеңестегі жеке өкілі, заң ғылымдарының докторы; А.К. Котов — Әділет министрлігі, Қазақ мемлекеттік заң институтының Жеке құқық ғылыми зерттеу орталығы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы; Б.Ә. Мұхамеджанов — Қазақстан Республикасы Президенті аппаратының Заң шығару органы және құқықтық сараптау бөлімінің менгерушісі; Е.К. Нүрпейісов — Әділет министрлігі, Қазақ мемлекеттік заң институтының ректоры, заң ғылымдарының кандидаты; Ғ.С. Сапарғалиев — Мемлекет және құқық институтының директоры, Қазақстан Республикасы ҰҒА-ның мүше-корреспонденті; М.К. Сүлейменов — Әділет министрлігі. Қазақ мемлекеттік заң институтының жеке құқық ғылыми-зерттеу орталығынын директоры, Қазақстан Республикасы ҮҒА-ның мүше-корреспонденті (ғылыми жетекші); Н.А. Шәйкенов — Әділет министрі, заң ғылымдарының докторы бекітілді. Келісім бойынша мына құрамда шетелдік сарапшылар белгіленді: С.С. Алексеев — Ресей Федерациясы Зерттеу орталығының ғылыми кеңесінің төрағасы; Жак Аттали — Франция мемлекеттік Кеңесінің кеңесшісі; Роллан Дюма — Францияның Конституциялық Кеңесінің төрағасы. Барлығы 12 адам.

1995 жылдың 30 маусымы мен 30 шілдесі аралығында жаңа Консти-туция жобасы халықтық талқылаудан өтті. Талқылауға 58 республикалық ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және қозғалыстар қатысты. Олардан — 678 ұсыныстар мен ескертулер түсті. Жаңа Конституция жобасының негізінде адам және азаматтардың еркіндіктері мен құқықтарының үстемдігі орнап, Қазақстандағы мықты президенттік мемлекеттің негізі қаланды. Республика бойынша 34 459 талқылау өткізіліп, оған 3 345 110 адам қатысып, 123 717 адам пікір білдіріп, нәтижесінде 31 886 ұсыныстар мен ескертулер жасалды. Бүкіл халықтық референдумға 8 212 773 азамат (тұрғындардың 81,14%-ы) қатысып, 800 839 азамат қарсы пікір (референдумға қатысушылардың 9,9%-ы) білдірді. 78 130 бюллетень жарамсыз болып табылды. Референдумның жүргізілуін бақылаушылар куәлігін иеленген 328 тұлға қадағалады.

1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы республиканың жаңа Конституциясын қабылдады. Ата заңда жаңа мемлекеттіліктің негізі қаланып, қоғамдық дамуды бағыттауға және реттеуге қабілетті тұтас мемлекеттік билік қалыптастырылды. Конституция бойынша Қазақстан Республикасы демократиялық, унитарлық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет. Басқару нысаны бойынша Қазақстан мемлекеті Президенттік республика болып анықталды. Қазақстанның негізгі демократиялық қағидалары — адам құндылығы, адам құқығы мен бостандықтары, идеологиялық және саяси әр алуандылық (плюрализм) заң алдындағы теңдікке негізделді.

Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде дамуынын жаңа кезеңі Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамыздағы Конституциясын қабылдаудан басталады. Жаңа Конституция негізінде құқықтық мемлекетке бастау болған демократиялық дамуды бекіткен конституциялық заңдар қабылданды. Мемлекеттік-құқықтық жүйені түбегейлі өзгерткен реформалар жүргізіліп, қазіргі мемлекетті басқару жүйесі қалыптасты. Мемлекеттік құрылым, еңбек ету құқығы — баршасы Заңға бағындырылады.

Дерек көзі «Қазіргі Қазақстан тарихы» Алматы «Раритет», 2010ж. 132-133 беттер. Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Д.А. Махат

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.

Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?