Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі

1273
Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі - e-history.kz

Maqsut Narikbayev University Жоғары гуманитарлық мектебі Қазақстан тарихы оқу бағдарламасына сәйкес студенттерге еліміздің Алтай өңіріне тарихи экскурсия өткізді. Мақсаты - студенттерге теориялық білім беріп қана қоймай, сонымен қатар Отанымыздың тарихи жерлерін тікелей таныстыру.

Саяхат Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстанның тарихи-өлкетану мұражайынан бастау алды. Экскурсияға қатысушылар Ақбауырдың бұғы, арқар петроглифтерін өз көздерімен көріп, қола дәуірі мен жаңа темір дәуірінің қорымдарын зерттеді.

Олар Берел сақ қорғандарын аралау кезінде көптеген жаңа әрі қызықты  ақпараттармен танысты. Экскурсияға қатысушылар 2,5 мың жыл бұрын қолөнершілер жасаған күмістен құйылған үзеңгілер мен алтын бұйымдарды көріп, оны қызығушылықпен талқылады. Ал экскурсия соңында студенттерге Берел қорығын ашқан тарих ғылымдарының докторы  Зейнолла Самашұлы дәріс оқып, қатысушылармен сұрақ-жауап алысты. 

Сондай-ақ профессор Максим Половцев жәдігерлердің дәуірі, ерекшеліктері туралы интерактивті сабақ жүргізіп, содан кейін қатысушыларды қазба орындарымен таныстырды.

Бірінші курс студенттерінің айтуынша, тарихты тыңдап, оқып, кейін көзбен көру әлдеқайда қызығырақ. Ал экскурсия күндері қола дәуірі, петроглифтер, темір дәуірі, шабандоздық, аң стилі сияқты тарихи кезеңдер студенттердің негізгі дискуссия тақырыбы болды. 

Болашақ буын үшін бұл экскурсия естен кетпестей әсер қалдырды. Ең бастысы, баға жетпес білім алып, өткен тарихымызды мақтан тұтатындай көңіл күйге ие болды. 

Мукатаева Лепуда Каримовна – 

Teaching professor of Maqsut Narikbayev University

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?