Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақтың дәстүрлері. Қыз алып қашу 

8994
Қазақтың дәстүрлері. Қыз алып қашу  - e-history.kz
Егер қызды, не ақ некелі әйелді келісімімен алып қашса кінәлі жақ қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосады

Біздің заңдарымыз бойынша қыз алып қашу қылмыс. Қыз алып қашуды дәріптеудің еш қажеті жоқ, ол азаматтыққа, серілікке жатпайды."Жеті Жарғы" солай дейді. Қазір дағдарысқа байланысты бұл құбылыс күшейіп барады, ата-аналар да, заңдық құрылымдар да қылмысты болғызбауға күш салуы керек. 

1.Өзінің айттырылған қалыңдығын алып қашқаны үшін, жігіттің туыстары ат-шапан айып төлейді және бұл ауыр қылмыс болып есептелмейді. Айттырылған қызды алып қашу көбінесе күйеу жағының қыздың қалың малын түгел төлеуге жағдайы жетпегенде болады. 

2.Айттырылып қойған қыз, өз сүйгенімен қашып кетсе, бұрынғы айттырған күйеуіне қыздың туыстары қалыңмалын қайтарумен бірге, бір қызды айып ретінде береді немесе қыз орнына қалың мөлшерін төлейді. Қыз әкесі айыпты болмаған жағдайда, қызды алып қашушы төлейді. 

3.Егер қыз әкесі алып қашушымен үндес, жымдас болса, бұрынғы құдасына қалыңын қайтарып, өз тарапынан айыбын төлейді немесе басқа қызын береді. 

4.Қызды айттырып қойған жақ, қызды алып қашушы жақтың тарапынан кешірім сұрау болмаса, немесе қалыңмалын айыбымен қоса қайтару кешіктірілсе алып қашушыға өлім жазасын талап етуге, не алып қашушының ағайын-туғанының малын барымталауына рұқсат. 

5.Егер айттырылмаған басы бос қызды алып қашса, онда алып қашқан адам қыздың ата-анасына қалыңмал, үлкендеріне түйе бастатқан тоғыз немесе сол елге қалың ретінде бір қыз беріп, алып қашқан қызға үйленеді. 

6.Біреудің қызын, не ақ некелі әйелін оның келісімінсіз алып қашу өлім жазасына кесіледі. 

7.Егер қызды, не ақ некелі әйелді алып қашушы қолға түспеген жағдайда (мысалы Ресей шекарасынан өтіп шоқынып кетсе, оны әдетте орыс қорғаштайтын болған) оның ағайындары құн төлейді. 

8.Егер қызды, не ақ некелі әйелді келісімімен алып қашса кінәлі жақ қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосады. 

9.Қызды, не әйелді зорлау өлім жазасына кесіледі, не құн төлейді, егер туыстары соған келіссе. Егер зорлықшы қызға үйленетін болса құн орнына қалың мал төлейді. 

 Жамбыл Артықбаев, тарихшы-этнограф

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?