Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Астана форматындағы газетке ширек ғасыр толды

2420
Астана форматындағы газетке ширек ғасыр толды - e-history.kz
Астанада «Инфо-Цес» газеті барлығына таныс. Биыл оған 25 жыл толып отыр. Осыған орай Л. Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында газеттің бас редакторы Сергей Лесковскиймен кездесу өтті

Еуразия ұлттық университеті қабырғасында газеттің бас редакторы Сергей Лесковскиймен кездесу өтті. Ұйымдастырушысы «Симург» әдеби-журнилистикалық клубы. Кездесуге журналистика және политология факультетінің деканы Қайрат Сақ, баспа ісі кафедрасының меңгерушісі, доцент Айтмұхамбет Есдәулетов, газеттің бұрынғы қызметкері Динара Құсайын қатысты. «Инфо-Цес» газеті – тәуелсіздік құрдасы. «Инфо-Цес» газетінің алғашқы саны 1991 жылдың 14 қыркүйегінде жарық көрді. Сол жылы газеттің негізін қалаушылар алғаш рет маркетингтік қадам жасады – газеттің алғашқы нөмірі ақысыз таратылды. Бірақ газет сататын дүңгіршіктердегі сатушылар бір адамға бір газеттен артық бермеді. Басылымның редакторы Виктор Лежнев болды. Алғашқы ұжым С. Чернявская, Н. Савельева, В. Ковалева, Н. Стрельцова, Н. Буравцева, Г. Алексин, В. Шевалье секілді тәжірибелі журналистерден құрылды. Мақалалар қызықты берісімен ерекшеленетін, оқырман кез-келген тақырыпқа материал таба алатын. Редакция жеке хабарландыруларға ерекше көңіл аударды және осының арқасында газет аз уақытта танымал болып, сатылымы бойынша алғашқы орынға жайғасты. Газеттің тағы бір ерекшелігі оны жеке сатушылар арқылы тарату болды. Сатушыларға жақсы жеңілдік жасалды және оларды арнайы киімдермен қамтамасыз етті. Жасөспірімдер алғашқы табыстарын газетті сату арқылы таба алды.

Бұл нарықтық экономика ғасырында аса маңызды болды. 2002 жылы газеттің электрондық нұсқасы шықты. Ширек ғасыр ішінде редакция аяғына тік тұрды, апта сайынғы тиражы 13000 дананы құрайды, ұжымда шамамен 40 маман жұмыс жасайды. «Инфо-Цес» — бұл 30-дан астам ақпараттық жол және 50-ден астам жарнамалық жол. Мерзімділігі — аптасына 1 рет, жұма сайын. Газеттің екі сайты бар: www.info-tses.kz және www.astinfo.kz. Газеттің медиа ұжымы жоғары кәсібилігімен және тұрақтылығымен ерекшеленеді, персоналдың жартысына жуығы 10-20 жыл бойы жұмыс жасап келеді. 2001 жылдан бастап «Инфо-Цес» газетінің бас редакторы танымал қазақстандық журналист Сергей Лесковский. БАҚ нарығында «Инфо-Цес» газетінің көшбасшлық орынға орналасуының басты себептері астана тұрғындарын уақытылы, өзекті және қызықты ақпаратпен қамтамасыз етуі, серіктестермен бір ізге қойылған сенімді байланыстары, көтерме және бөлшек саудасы, тұрақты жарнама берушілері. «Симург» клубы «Қазіргі заманғы журналистиканың өзекті мәселелері» тақырыбына кездесу ұйымдастырды.

Семинар Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің журналистика факультетінің студенттеріне болды, көкейтесті мәселелерді талқылау екі сағаттан астам уақытқа созылды. Сергей Лесковский бай тәжірибесімен бөлісті, болашақ журналистермен бірге баспа БАҚ-тың интернет-басылымдарымен бәсекелестігін, БАҚ-қа жасалатын қысымды, жаңалық тарататын арналардың танымалдығын және т.б. талқылады. Лесковскийдің пікірінше, интернет пен әлеуметтік желілердің үлкен танымалдығына қарамастан, газеттер өлмейді. «Театрлар да, кино да өлген жоқ, газеттер де осылай өмір сүре береді», - деп атап өтті Сергей Лесковский.

Қазіргі кездегі «Инфо-Цес» әлемдік трендтерден қалысар емес. Газет тек қағаз нұсқасында ғана емес, электрондық нұсқада да жарияланады. Кездесу барысында бас редактор «Инфо-Цес» газетінің тарихы, оның қазіргі жағдайы, даму перспективалары туралы айтып берді.

Студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Оларды көркем әдебиеттен бастап Қазақстан АЭС салу дегенге дейін барлығы қызықтырды. «Симург» журналистік клубының басшысы, профессор Әсима Ишанова газеттің ашылуы Қазақстанның тәуелсіздік алған жылына тұспа-тұс келуін ерекше атап өтті. Кездесу аяғында Сергей Лесковскийге журналистерді даярлау ісіне көрсетіп отырған көмегі үшін алғыс білдірілді.

Арман СҮЛЕЙМЕНОВ

Аударған Гүлнұр Серікқызы

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Автор:
Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?