Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстандық ұлттық идея – билік жүйесінің қозғаушы күші

3569
Ұлттық идея (немесе Қазақстан жағдайындағы жалпыұлттық ауқымдағы идеялар кешені) мемлекеттің қалыптасуы, ұлттық өзін-дік сананың дамуы және ұлттық бірегейліктің орнығуы барысында бекиді.

Ұлттық идея (немесе Қазақстан жағдайындағы жалпыұлттық ауқымдағы идеялар кешені) мемлекеттің қалыптасуы, ұлттық өзін-дік сананың дамуы және ұлттық бірегейліктің орнығуы барысында бекиді. Ұлттық идея дүниетанымдық бағдардағы құндылықтар жүйесіне негізделеді. Саяси үдерісте ұлттық идея халықтың ин¬теграциясы мен идентификациясы функциясын, оның тарихи өмір сүруінің мұратын анықтау, биліктің заңдылығы, насихаттау¬шы және топтастырушы қызметтерді орындайды. Бұл бағыттағы ұлттық идея саяси идеология, миф және утопия сынды рухани-саяси өмірдің қырларымен астасып жатады және бұл құбылыстар құндылықтардың қайта қаралып, әлеуметтік реконструкция орын алатын өтпелі кезеңдер мен дағдарыстық кезеңдерде көп байқалады.

Мұның мысалын социалистік кеңестік жүйенің күйреп, на-рықтық қатынастармен сипатталатын капиталистік жүйеге көшу барысындағы қазақстандық қоғам мен мемлекеттің өтпелі кезеңде қабылдаған ресми құжаттарынан — конституциялардан, саяси партиялардың бағдарламаларынан, ҚР Президентінің еңбектерінен, сондай-ақ мына стратегиялар мен тұғырнамалардан айқын, аңғаруға болады: «Егеменді мемлекет ретіндегі Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (1992 ж.), «Қоғамның идеялық топтасуы — Қазақстан прогресінің шарты» (1993 ж.), «Қазақстан Республикасында тарихи сананы қалыптастыру» (1994 ж.), «Қазақстан Республикасын-да мемлекеттік бірегейлікті қалыптастыру» (1996 ж.), «Еуразиялық Одақ" жобасы (1994 ж.), „2030 жылға дейінгі Қазақстанның страте-гиялық дамуы“ (1997 ж.), „Қазақстанның әлемдегі анағұрлым бәсе-кеге қабілетті 50 елінің қатарына кіру стратегиясын“ жариялаған Президент Н. Назарбаевтың 2006 жылғы Қазақстан халқына жол¬дауы және т.б. Қазақстанда ұлттық идея қалыптастыруда осы мемлекеттік құжаттар маңызды орын алады».

Қазақстанның тәуелсіздігінің нығаюы барысында елімізді ме-кендейтін әртүрлі ұлт пен дін өкілдерін бір қоғамға біріктіріп, ұйыс-тыратындай ұлттық идеяны қалыптастыруда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың зор еңбегі бар екенін атап өту керек. Президент ұлт-тық идеяны қазақ халқының қоғамды топтастырудағы жұмылдыру-шы рөлімен байланыстырады. Мұны Президент Нұрсұлтан Назар-баевтың Қазақстан халықтарының Ассамблеясының сессияла¬рында сөйлеген сөздерінен, аңғаруға болады. Мысалы, ҚХА 1995 жылғы 24 наурыздағы бірінші сесиясындағы оның баяндамасы «Біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін» деп аталды және онда былай делінді: «Уақыттың ауыр сынынан өткен қазақ халқының бай да күрделі тарихы бар. Бүгінгі күні ол Қазақстанда тұратын барлық халықтарға көмек беруі тиіс, біздің бірлігіміздің түбірлерін дұрыс түсініп, кез келген тарихи түртпектеуді теріске шығаруы қажет, өйткені артқа көз сала отырып, келешекті көруіміз керек» [1].

Қазақстан халықтары Ассамблеясының үшінші сессиясы 1996 жылдың 29 сәуірінде өтті және ондағы Елбасының баяндамасы «Қо-ғамдық келісім — Қазақстанның демократиялық дамуының негізі» деп аталды. Онда «Қазақстанның азаматтары елдің мемлекеттік тілін құрметтеуі керек және оны оқып-білуге дайын болуы ке¬рек, өйткені бұл — ел тұрғындарының көпшілігінің ана тілі әрі ол болашақта мемлекеттік тіл ретінде үстемдік ететін болады» [1, 9 б.]. Одан әрі келесі, төртінші сессиядағы баяндама «Тарихи жады, ұлттық келісім және демократиялық реформалар — Қазақстан халқының азаматтық таңдауы» деп аталды да, Президент мы-наны атап өтті: «Ең алдымен мемлекетқұраушы этнос ретіндегі қазақтардың рөлі туралы айту керек. Қазақстанның тәуелсіздігі — қазақтарға сыйланған тағдырдың тартуы емес, күреспен келген өз ата-бабасынан қалған жерінде өз мемлекеттілігін құруға деген лайықты құқығы. Бұл кесімді тарихи және саяси айғаққа ешкім-де күдік келтіре алмайды» [1, 11 б.]. ҚХА 1999 жылдың 21 қаңтарында өткен бесінші сессиясында Елбасы былай дейді: «Қазақ халқының ұлттық тәуелсіздікке деген ішкі терең қажеттілігін қайта бағалау өте қиын. Ол ел тұрғындарының абсолюттік көпшілігін құрайды және өзінің тарихи-этникалық территориясын мекен етеді. Өзі-нің жалғыз тарихи Отанын үнемі қорғайтын қазақ халқының арқа-сында ғана қазақстандықтар территориясы жағынан әлемде тоғы-зыншы орын алатын мемлекетте тұрады» [1, 15 б.].

Өтпелі кезеңде және одан кейінгі кездергі даму барысында, әсіресе XXI ғасырдың табалдырығында Қазақстанда бірнеше үлгілер ұсынылды және ұлттық идея төңірегінде академик Ә. Нысанбаев бастаған қызу пікірталастар баспасөз бетінде жария¬ланды. Бұл тақырыпқа қатысты Философия және саясаттану ин¬ституты бірнеше көлемді монографиялар да жариялады.

2004 жылдың тамыз айында «Казахстанская правда» газе-тінде Мұхтар Құл-Мұхамедтің «Ұлттық болмыстың негізі» деп аталатын көлемді ғылыми-көпшілік мақаласы жарияланды және бұл еңбекте ұлттық идея тілмен байланыстырылды. Автор онда мынадай түйінді ойлар айтады: «Тіл қашанда ұлттық идеяның басты құрамдасы және мемлекеттік идеологияның негізі болды. Оның үлгілерін қазіргі заманғы тарихтан көптеп келтіруге бола¬ды… Адамзат тарихы әуел бастан және көптеген мысалдар бары¬сында тілдің тек коммуникацияның жай негізгі құралы ғана емес, сонымен қатар саяси, экономикалық, әлеуметтік мәжбүрлеу мен бағындырудың қуатты құралы екендігін-де дәлелдеп келеді… Тіл, ең алдымен, нақты бір ұлттың мәдени-тарихи тәжірибесінің жиын-тығы, ерекшелік белгісі және тұрақты атрибуты, күрделі бірегейлік рәміз және оның өзін-өзі өркениеттік анықтауының бастауы». Одан ары бұл автор Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілдің жағдайына тоқталып, тілді жаңғыртудың ұлтты жаңғырту екен-дігін, қазақ тілінің аясының кеңеюіне орай тіл саясатын жүргізу қажеттілігін, мемлекеттік-тілдік құрылыстың өзекті мәселерін тал¬дай келе, «тілдік манкуртизмнің тұтас қоғамды емес, эгоистік және тұтынушылық желіктің жетегіндегі нақты адамдардың адамгершілік кертартпалылығын және рухани жеңілісін білдіретін ұят құбылыс» деп көрсетеді және терминологиялық модернизацияда «Алаш» қайраткерлерінің тәжірибесін пайдалануды еске салады: «Мағжан Жұмабаев педагогика саласында, Жүсіпбек Аймауытов психология-да, Халел Досмұхамедов зоология мен физиологияда, Жұмахан Күдерин ботаника саласындағы терминдерді жасақтаумен айна-лысты. Әлімхан Ермеков математикалық ұғымдар мен термин¬дерден бастап, жоғары математика курсының қазақ тіліндегі тұтас жүйесін жасап шықты» [2].

XXI ғасырдың басындағы ұлттық идеяны іздестіру алдыңғы ғасырдың басындағы зиялы қауымның ұлттық сананы оятуға ұмты-луымен салыстыруға келеді. Мысалы, Алаш арыстарының бірі Жүсіпбек Аймауытов большевизмнің билік басына келе бастаған тұсындағы ұлт саясатының қауіпті екенін бағамдап, ұлт бостандығын көксеп, қазақ елінің келешегіне алаңдап «Ұлтты сүю» деген мақала жазса, жас көсемсөзші-журналист Амангелді Кеңшілікұлы «Қазақстан» газетінде «Қазақты сүю» деген мақала жазды. Билікке оппозицияда жүрген қоғам қайраткері Дос Көшім мемлекеттік сая-саттағы ұлтсыздық идеологиясына назар аударса, Берік Әбдіға-лиев пен Асқар Ахмеджанов ұлттық идеяны «қазақ миссиясынан» көреді. «Қазақ миссиясы» қазақ ұлтының жаңару (модернизация) тұжырымдамасын білдіреді және бұл құжатта «қазақ арманы», «қазақ тағдыры», «қазіргі қазақ болмысы» сөз болады және «қа-зақ миссиясы» тарихи тұрғыда соңғы сатысы азаматтардың саяси ұлтының құрылуы болып табылатын ұлттық өзіндік сананың қа-лыптасу кезеңі ретінде» қарастырылады [3, 214 б.].

Бастау бұлағы сонау көне Түрік заманынан бастау алып, Алаш қозғалысынан терең тамыр тартатын, байырқалайтын тұсы 1986 жылғы жастардың желтоқсан көтерілісімен тұйықталатын тағлымы зор тарихи бірізділігімен ерекше Ұлттық идея — Алаш идеясының бүгінгі жаңа буынға, жас ұрпаққа берер сабағы мен философиялық салмағы, әлеуметтік қуаты жоғары. Бұл ретте тарихи тұрғыдан тәрбиелеу мәселесi, атап айтқанда, сол, аға буынның қабырғасын қайыстырып, iргесiн сөгiп кетуге қауiп тудырған зауалдың ендiгi уақытта алдын алу, оның саяси, рухани, әлеуметтiк зардаптары¬нан арылу жайы алды орайды. Осы тұрғыда алғанда өткен көне дәуірлерден бастау алып, жиырмасыншы ғасырдың басындағы бетке ұстар Алаш азаматтары жалғастырып, бүгінге дейін жеткен қазақтың асыл арман-аңсары мен ұлт-азаттық мақсат-мұратын қаншалықты басып жаншығанымен, нешеме рет саяси қуғын-сүргiнге ұшыратқанымен арда мінезін мұқалта алмағандығын мадақтау және тарихи жадыны жаңғырту маңызды болып табылады. Бұл реттегі біздің ойларымызды тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Қойгелдиевтің мына пікірі дәйектей түседі.

«Халықтың өткен өмірі жалпы қоғамдық мәні бар тәжірибе ретінде қорытылып, белгілі бір дәрежеде ұлт игілігіне асқанда ғана құндылыққа айналады. Онсыз өткен тарих қысыр әңгіме ғана. Егер біз Алаш қозғалысын ұлт тарихында ерекше орны бар құбылыс ретінде ғана бағалаумен шектелсек, онда біз оны тү сіне алмаған ұрпақ болып шығар едік. Бізге бүгін жалпыұлттық деңгейде қорытылып жалпыұлттық деңгейде игерілген, яғни ұлттық дүниетаным мен ұстанымның іргетасы міндетін атқара алатын тарих қажет. Ал Алаш қозғалысы сол дүниетанымдық тарихтың өзегі. Өйткені Алаш халқымызды бесігінде тербетіп, есейіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген — ұлттық идея. Алаш — ұлттың өзін бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау харакеті» [4, 23 б.]. Демек біздің мемлекетіміздің ежелгі және қазіргі тарихын түсінудің сыры қасиетті қазақ жерінде тұратын адамдардың мінезінде, ерекшеліктерінде жатыр.

Қоғамның қазіргі дамуының басты үрдісі адамзаттың өз дамуының жаңа кезеңіне енгенін байқатады, тоқтаусыз ғалам-данудың орнына «аймақтану» келе жатыр. Әр қоғамның әмбебаб және өзінше дамуы орын алады. Ұлттық идеяны іздеуге ұмтылыс тап осы жағдайға байланысты туды. Қоғамдық дамудың орнын, басты бағытын анықтау қажет.

Сарапшылар мен саясаткерлер ғаламдану дәуіріндегі ұлттық мемлекеттердің дағдарысы туралы барынша ашық айтатын бол¬ды. Бірақ дағдарыстың бастауы Батыс саяси элитасының жасан¬ды түрде ұсынған «әмбебаб ұлт міндетінде» жатқанық.

Бұл ретте Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен кө-теріліп, 2004–2006 жылдарға жоспарланған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің рухани дамуында өзінің оң нәтижелерін берді және басқа елдердің тәжірибесінде ұқсасы жоқ бұл аса маңызды шараны ресми түрде аяқтамай, мемлекеттің соны стратегиялық ұстанымы ретінде одан әрі, яғни 2011 жылға дейін жалғастыру қажеттігін Елбасы атап өтті.

Дүниеде сирек кездесетін бұл жобаны іске асыруға еліміздің бүкіл зиялы қауымының өкілдері жұмыла атсалысты. Олардың қатарына ҚР ҰҒА академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Әбдімәлік Нысанбайұлы Нысанбаев жетекшілік етіп отырған Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Философия және саясаттану институтының ұжымын жатқызуға әбден болады.

Ә. Нысанбаев «Мәдени мұра» бағдарламасы Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде орасан ғылыми үйлестіруші және ұйымдастырушы жұмыстарды атқарды және «Философия мен психология» секция¬сына жалпы жетекшілік жасады. Философия бойынша жариялана тын жұмыс үш блоктан тұрды: 1) Жалпы көлемі 20 томнан тұратын (әрбір томның көлемі 30 баспа табақ) «Бағзы заманнан бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының философиялық мұрасы»; 2) Қазақ тілінде, 20 томнан тұратын (әрбір томның көлемі 30 баспа табақ) «Әлемдік философиялық мұра»; 3) әрбір томның көлемі 25 баспа табақтан тұратын Әбу Насыр әл-Фарабидің 10 томдық шығармалар жинағы. Бүгінгі күні бұл басылымдардың барлығы Астанадағы «Аударма» және Алматыдағы «Жазушы» баспаларынан жарыққа шығып, қалың оқырманның игілігіне айналып отыр. Осы бағдарламаның аясында жарияланған материалдардан, ағылшын тілінде үш томдық еңбек «Қазақ философиясы» атымен жарық көруде.

Бұл бір жағынан, әлемдік мәдениеттің, ғылымның, филосо-фияның, әдебиеттің ең үздік үлгілері толық көлемінде қазақ тілінде сөйлеуі керек, ал екінші жағынан, қазақ халқының бай ру¬хани мұрасы да, бұл саладағы ең соңғы жетістіктерді қоса алғанда, толыққанды орыс тілінде және Қазақстан халықтарының тілінде естілуі тиіс дегенді білдіреді. Ол қазақ халқының рухани және философиялық мұрасын кеңінен таратумен және жұртшылыққа танымал етумен сипатталады. Қойылған бұл міндет тек республи-каның қоғамтанушыларының алдына ғана емес, тұтастай алғанда бүкіл елдің алдына тұнғыш рет қойылып отыр, өйткені ол біздің ұлттық тарихымыздың мәдени ескерткіштеріне деген аялы қаты-насты тәрбиелеу, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыру, оның ру¬хани игіліктері мәселелеріне бағытталған.

Бұл бағдарламаның маңыздылығы туралы жалпы редактор-дың өзі былай дейді: «Әл-Фарабидің мұрасын есептемегенде, біздің елімізде алғаш рет қазақ халқының философиялық мұрасын және әлемдік философиялық мұраны қазақ тілінде мейлінше толық көлемде жариялаудың қайталанбас мүмкіндігі туып отыр. Осы ша¬рамен бірге Қазақстанда кең ауқымды дүниетанымдық білім беру міндеті тұнғыш рет шешілмекші. Соңғы жылдары республикада маркстік-лениндік идеологияны жаппай енгізуден бас тарту және деидеологизация жүргізу деген желеумен идеологиялық жұмыстың едәуір әлсіреп қалғаны белгілі, ал ол қазіргі қоғамда қажет бо-лып отыр. Тіпті дүниетанымдық көзқарастардың алуан түрімен толтырылған кез-келген салауатты қоғамның өзі жалпы ұлттық идеологияға мұқтаж болады және дүниетанымдық бағдарларды таңдау үшін жағдайлар туғызады, ал бұл өз кезегінде ең алдымен түпкі дерек көздерді терең білуді талап етеді. Бұл міндетті филосо¬фия бойынша біздің бағдарламамыз шешуге тырысады» [5].

Мәдени мұра халықтың өзіндік санасын, демек, оның ұлттық идеясын да қалыптастыратын тыңайтушы орта болып табылады, ал әрбір халықтың өзіндік «Менін» ұғынуы оның өзінің тарихын, дамуындағы батырлық және қасіреттік кезеңдерін ескермей, оның әдейі жабылған беттері үшін өкініш пен қайғы, оның жетістіктері үшін қуаныш пен шаттық сезімдерін бастан кешірмей көзге еле¬стету мүмкін емес. Ұлттық идея мен тарихи өзіндік сананың мә-дени мұраға деген сезімталдығы соншалықты, ол бір кездегі ұлы халықтардың ұрпақтарының рухани жалаңаштығы мен аз-ғындығы үшін жауапты деген пікірді айтуға болады. Халықтың өзіндік санасы мәдени және тарихи тамырдан бөлек болуы мүмкін емес және оның үстіне, ол жаңашылдық даму үрдісіне «сіңірілген» берік мәдени және философиялық дәстүрге сүйенбей дамуы мүмкін емес, дәл сол сияқты дәстүрді ескермеген қандай да бір мәдени жаңалық та болуы мүмкін емес. Халықтың өзіндік санасы мәселесімен сәйкестендірілген мәдениеттегі дәстүр мен жаңашылдықтың корреляциясы мәселесінің дұрыс шешілуі, ол адамның іскерлік, шығармашылық мүмкіншіліктерінің дамуына, еркін шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға негізделгенде ғана іске асады және бұл егеменді Қазақстанның тәуелсіз дамуының алғышарты болып табылады.

«Ұлттық сана, — дейді Н. Назарбаев, — бүгінгі таңда, кейбір ымырашыл (либералдық) идеяларды үстірттеу игерген қалпында социалистік және дәстүрлі көзқарастардың қойыртпағы болып отырған кезде айрықша мән-мағынаға ие. Қарапайым, ақиқатты түсінетін мезгіл жетті, жаңғырған сана әсте ұлттық аңсарға қайшы келмек емес. Керісінше, ұлттымыздың «МЕН» дегізерлік қасиетін сақтауға жаңғырған сана ғана кепіл бола алады. [6, 53–54 бб.]. Демек, мәдени және философиялық мұраны белсенді түрде игеру ұлттың өзіндік санасының өсу динамикасының, қазақ халқының ұлттық бірегейлігін бекітудің және жалпыұлттық идеяны қалыптастырудың аса маңызды рухани құралы қызметін қазірде-де, болашақта да атқара береді.

Қазақ ғалымдарының да аталған тақырыпты түре зерттеуді бертінгі уақытта жүргізгені әлеуметке аян. Осы уақытқа дейін, айталық ХХ ғасырдың басында Абай заманында әл-Фарабидің ұлттық құндылықтарға негізделген философиялық мұрасын неге тани алмадық деген сұрау көкейге кептелері анық. Бұған бір ғана тұжырыммен жауап түйіндесек, ол кезде әлемге әйгілі екінші ұстаз, ғылыми-мәдени көсем, данышпан әл-Фарабиді тануға қазақ халқының рухани өресі жете алған жоқ. Ұлы ғалымды мұрағаттардан ашып алуға жағдай әрі мүмкіндік болмағанын Абайдың қара сөздерінен кездестіреміз.

Абай өзінің «Қара сөздеріне» кірісерде «Не істеу керек?» деген сұрақ қояды. Сонда енді жақсылыққа, ғылымға, тәлім-тәр-биеге, ақыл-ойға бастауға мүмкіндік жоқтығын айтады. «Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да, ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың. Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолыңа кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып, шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым сөзі — бір тез қартаятұғын күйік», — дейді данышпан [7, 3–4 бб.]. Сөйтіп, қазақтың көкірек көзі ашыла берді-де, есесіне идеологиялық шырмауға түсіп қалды. Мәңгүрттенген жоқ. Мәңгіріп қалды. Дүниенің мәні не деген сауалды саралай бастаған кез-де қазақтың кәсіби философиясының қалыптасуымен сипатталатын бертінгі мезгіл.

Әдебиеттер
1. Назарбаев Н. Консолидирующая роль казахов // Қазақ альманағы № 01 (01) 2009 ж., мамыр—маусым. 5–35 бб.
2. Кул-Мухаммед М. Основы национального бытия // Казахстанская правда, 20 августа, 2004 г.
3. Абдыгалиев Б., Ахмеджанов А. Казахская миссия // Қазақ альманағы № 01 (01) 2009 ж., мамыр—маусым. 212–238 бб.
4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысының ұлт тағдырындағы орны жөнінде // Алаш қозғалысы идеясының Еуразия кеңістігіндегі ықпалы: та-рих және қазіргі кезең" халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары, Семей, 2008. — 225 б.
5. Нысанбаев Ә. Мәдени мұра және халықтың өзіндік санасы // Қазақстанның мәдени мұрасы. Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ. 2005. — 943 (21–28) бб.
6. Назарбаев Н. Тарих толқынында. — Алматы: Атамұра, 1999. — 296 б.
7. Абай. Қара сөздер. Алматы: Білім, 1994 ж.

Б.К. Төлепбергенов


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?