Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Қазақстанның «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: оның жүзеге асыру кезеңдері мен мағынасы

23780
Қазақстанның «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы: оның жүзеге асыру кезеңдері мен мағынасы - e-history.kz
Халықтың тарихи естелігі – ғасырлар бойы мәдени мұраға салынатын, барлық адамзат өркениетінің мәдени топтарын, халықтың, ұлттың, этностың өзін сақтап қалудың негізі болып қалу факторы болып табылады.

Халықтың тарихи естелігі – ғасырлар бойы мәдени мұраға салынатын, барлық адамзат өркениетінің мәдени топтарын, халықтың, ұлттың, этностың өзін сақтап қалудың  негізі болып қалу факторы болып табылады.

Мәдени мұра өркениетті қоғамның ең маңызды себебі болып табылады, ол өзіндік  рухани – өнегелілік пен материалдық құндылықтардан тұрып, ол бір ұрпақтан келесі ұрпаққа жай өтіп ғана қоймай, оларды жоғалтып алмас үшін, ұлттық, мемлекеттік масштабтағы үлкен күш пен құралдарды салуды талап етеді.

 Жақында өткен жылдары біз дара биліктер айырылу тұңғиығында тұрдық. Біздің бәріміз қол жеткізген тәуелсіздігіміз бізді осыдан құтқарып және біздің қайнар көзімізге іздеуге қайтарды. Қазіргі  компьютерлік технологиялар, жаһандық үдерістер ғасырындағы жағдайда мәдени мұраны сақтау әрбір халық үшін маңызды мағынаға ие болып, әлем халықтары ұқсастығының жоғалуына әкеліп соғады. Сондықтан бүгінгі күні мәдени мұраны сақтау барлығы үшін өзекті мәселе болып отыр.

2004 жылдан бастап Елбасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы іске кірісті.

Оның ең бірінші аспекті халықтың бай мәдени мұрасы арқылы қазақстандықтардың ұлттық сана сезімін дамыту мен бекітуге бағыттылған.

«Мәдени мұраның» екінші маңызды аспектісі  - әлемге бай ұлттық рухани қазынасын ашу. 

Бағдарламаның үшінші аспектісі – тарих, философия, этнография, тіл, әдебиет, көркем өнер, музыка және т.б ұлттық мәдени мұраны зерттеу жүйесін құру;

«Мәдени мұра» бағдарламасы қазақстандықтармен тек ғана рухани-мәдени ғана емес, еліміздің барлық қоғамдық өмірімен белгілі бір кезең ретінде үлкен жігерлікпен қабыл алынды. «Мәдени мұра» мемлекеттік мұрасы бүгінгі күні кезеңімен жүзеге асырылуда: 2004-2006, 2007-2008, 2009-2011 жылдарға және жақын арадағы жиырма жылға ұзақмерзімді бағдарлама әзірленуде. Мемлекеттік бюджеттен мәдени мұраны жүйелендіруге, сақтауға және дамытуға маңызды құрал бөлуге қарастырылған. Бірінші кезеңінде 2,7 млрд.теңге, екінші кезеңінде – 4 млрд. аса, үшіншіге – 5 млрд.аса қаражат бөлінді.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: тарих және археология ескерткіштерін жүйелендіру, сақтау және қалпына келтіру.

Елімізде 25 мыңнан астам ескерткіш, 2 миллионнан астам құнды мәдени заттар бар деп есептелуде, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі мен Тамғалы шатқалының петроглифтер кешені Дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енгізілген, ендігі кезекте ЮНЕСКО тізіміне ескі Отырар қалашығын қосу болып табылады.

Тәуелсіздік жылдары ішінде еліміздегі ескерткіштерді толық түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстардың қорытындысы бойынша республикада тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізімі құрастырылып, оған республикалық маңыздағы 218 объект және жергілікті маңыздағы 11,5 мың объект кірді.

Ең маңызды жоба Дамасктағы Сұлтан Бейбарстың мавзолейін қалпына келтіру болып табылады. 1266 жылы Бейбарыстың өзімен салынған бұл кешен мектептен, мұражайдан және мавзолейден тұрады. Жұмыс барысында кешеннің барлық қабырғалары мен сәулет пішіндері бекітілген, сериялық мамандарды шақыртумен нақыштарға, әшекей рәсімдеулерге, 200 мыңнан аса раритетті кітап сақталынатын мұражайға қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталды. Каирдағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру шеңберінде қазақтандық тарап жұмыстарды қаржыландыру бойынша барлық міндеттерін орындады. Сондай ақ Дамасктағы тарихи мәдени орталығының және Әл Фараби Мавзолейінің құрылысы жалғасуда, ол мешіттен, тарих және мәдениет бойыша экспозиялық залдардан, оқу залы бар кітапханадан, конференц залдары мен қонақ үйлерден тұрады.

«Мәдени мұра» бағдарламасын орындау барысында 2004 бастап бүгінгі күнге дейін 73 аса археологиялық және сәулет ескерткіштеріне қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді, 40 аса археологиялық, 26 ғылыми қолданбалы зерттемелері жүргізілді.

Қазақстанның еуразияға және әлемге танылған, кеңінен танымал ескерткіштерінің арасында – Сайрам, Отырар, Тараз, Қаялық Сығанақ, Жанкент, Жент ескі қалалары, Есік, Берел зираттары, Тамғалы пероглифі, Айша- бибі, Бабажы-Қатын кесенесі, Яссауи кешені.

«Біздің елімізде мысыр пирамидалары және Римдік Колизейлер жоқ, бірақ Қазақстан аумағында көне дәуірде өмір сүрген көшпелілердің ролі Еуразия үшін ғана емес, сондай ақ әлемдік тарих үшін бағасыз». Біз дала өркениетінің ұлылылын әлемдік деңгейде көрсетуіміз керек -  бұл «Мәдени мұра» бағдарламасының басты тапсырмаларынығ бірі – деп Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өтті.

Бағдарламаның екінші үлкен бағыты – Қазақстан тарихына қатысты, кітаптардың, құжаттардың. қолжазбалардың көшірмелерін алу. «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында 10 мыңнан аса мұрағаттық материалдар, құжаттар, қолжазбалар және жасанды заттар анықталды.  Шетелдік мұражайлардағы ең көптеген мәлімет – 3 мың құжат – Қытайда болды. Бқл құжаттар ғылымға бүгінгі күнге дейін белгісіз, олар Қазақстан тарихын жүйелендіруге көмектеседі. Сондай ақ Шығыс Еуропадан, АҚШ, Түркия, Қытай, Ресей, Жапония және Арениядан республикаға 5  мың бірегей тарихи құжаттары қайтарылды.

Бағдарламаның үшінші бағыты: ұлттық әдебиеттің бай мұрасын зерттеу, оны жүйелендіру және көптомдылық шығару. Ғылыми-танымал. әдебиет жұмыстарының тұтас сериясы өңделді, тарих, этнография, археология бойынша 400 аса кітап атаулары, сондай ақ жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды.  «Бабалар сөзі»  (Слово предков) жүзтомдық басылымының 66 томы басып шығарылды. Онда ежелгі қазақ ертегілерінен заманауи әдебиет әңгімелеріне дейін бар. 200 томдық  «Жүз қазақ романын» шығару жалғасуда. Оған соңғы 100-150 жылдардағы қазақстандық жазушылардың ірі әдеби туындылары енгізілген. Қазақстанның 10 томдық энциклопедиясы, бес том орыс тілінде және анықтама ағылшын тілінде шығарылды. Сондай-ақ  ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі қазақ ойшылдарының мұрасын қамтитын жиырматомдықты шығару бойынша ғылыми жобалар жүзеге асырылуда, басқа жобаға дүниежүзілік философиялық мұраны басып шығару кірсе, ал үшіншісі Әл Фараби шығармаларының жиырма томдығын шығаруға арналған.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткен жүзжылдықтың танымал орындаушыларының аудио, фоножазбаларын іздестіру және қалпына келтіру және еліміздегі мұражай және кітапханаларының ақпараттық және телекоммуникационды технологиясына енгізу. Қазақ музыкасын зерттеу бойынша жұмыстар жалғасып, бестомдық музыкалық антология әзірленді.

Бағдарламаның ең маңызды бағыттарының бірі оны жүзеге асыру барысында алынған, мәліметтерді жүйелендіру және оқу бағдарламасына және орта және жоғарғы оқу орындарының бағдарламасына енгізу болып табылады.

Бүгінгі күннің ең маңызды тапсырмаларының – туып өскен мәдениетінің  әдеп-ғұрпын жақсы білетін, өз елін тарихын жақсы көретін, елдің болашағын сеніп тапсыратын ұрпақ тәрбиелеу.

Сөйтіп, «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асырудың мақсаты, тапсырмасы қазақстандықтардың қазіргі ұрпағына, Ұлы қазақ даласында өмір сүрген және өмір сүріп жатқан  халықтың мәдени игілігін сақтау болып табылады.

М.С. Қараманова (Қорқыт Ата атындағы ҚГУ)

Әдебиеттер:

1.  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – Астана 2006-2011 жылдар

2.  Н.А. Назарбаев Президенттің Қазақстан халқына жылсайынғы жолдауы – Астана,  2003-2011 жылдар. 


Сауалнамалар
Мектептердегі тарих пәнін оқыту деңгейін қалай бағалайсыз?