Ұлы көш
Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары СолтүстікМонғолиядан Шығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті. VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түрік тайпасының әулеттік Алшын руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдыңдағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтай аудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты.
Түрік этнонимі
«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады. Қытайлар түріктерді ғұндардың ұрпақтары деп санаған. Шежірелерде бұл кезде қытайдың Вэй князьдігінің солтүстік өңірлеріне солтүстік-батыс жақтың бірінен келген түріктер жыл сайын шапқыншылық жасап, ойрандап кететін болды деп хабарланады. Олар туралы келесі бір мәліметтер бүкіл құрлықтағы тарихтың талай ғасырлар бойғы дамуына өзек болған оқиғаларға байланысты.
Түрік қағанатының жорықтары
546 жылы тирек тайпалары қазіргі Монғолияның оңтүстігі мен орталық бөліктерін мекендеген және бұл жерлерге үстемдік еткен аварларға (Жуань-жуань) қарсы жорық жасайды. Батыс жақтан қаптай енген тиректер армиясының сан жағынан қаншалықты көп болғаны белгісіз, бірақ олардың нәпірі сұсты болған деп топшыланады, өйткені тиректердің құрамына көптеген тайпалар енген, ал олардың қуатты аварларға аз күштермен карсы түра алуы екіталай еді. Түрік қағаны Бумын күтпеген жерден қатты шабуыл жасай отырып, бейберекет жатқан тирек армиясын қапылыста басып, кескілескен шайқастан кейін оны күйрете жеңеді де, тиректердің 50 мыңнан астам әскерін түріктер тұтқынға алады. Даланың әдеттегі құкығының қағидаларына сәйкес тұтқынға алынған әскерлер өзінен-өзі жеңушінің армиясына қосып алынатын еді. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдык тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. Мұның бір көрінісі авар кағанына келіп, авар қағаны үйінің ханшасын Бумынға әйелдікке бер деп үзілді-кесілді талап еткен түрік елшілігі болды. Мұның өзі қағанмен тең құкықтылығын көрсетуден гөрі оны басынғандық еді. Авар қағаны Анағұй: «Маған бас иетін — вассал. Бұлай деуге қайтіп дәтің барды ?» деп Бумынға жаушыларын жібереді. Бірақ аварлар қалыптаса бастаған Түрік қағанатының күшін бағалай алмады, ал түріктер тарапынан мұның өзі осылай болуға тиіс деп дұрыс ойластырылған әдіс қана болатын. Енді бұрынғы вассалдардың бұрынғы билеушілеріне қарсы соғыс ашуға дәлелі табылады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына шабуыл жасап, оларды күйрете жеңгені соншалық, Анағүй өзін өзі өлтіреді. Осы кезден бастап түрік билеп-төстеушілері қағандар атағын алады, сөйтіп аварлардың бұрынғы күш-қуатына да, олардын барлық иеліктеріне де өзін мұрагер ретінде орнықтырады3. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Бұқрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мүрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұкан-қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болады. Мұның бәрі 552—554 жылдардың арасында болған. Бұл уақыттың ішінде түріктер шығыста қайлар (татабтар), қидандар және оғыз-татарлар тайпаларын, солтүстікте — Енисей қырғыздарын өздеріне қаратып алады. Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Иштеми бастайды, кейін оны батыс түріктерінің түпкі атасы және Батыс түрік қағанатының негізін салушы деп атайды4. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықгарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады»5. Мұны шежіре дәстүрінің өзі де ескермеген, бұл дәстүр бойынша тайпалық-әскери ұйымның ондық жүйесінің шығуы Жетісу түріктерінде 651 жылы ғана болады, сол жылы Ашбара-Териш-қаған (Шаболо-Дилиши) «өзінің мемлекетін күтпеген жерден он ұлысқа бөледі: әрбір ұлыс оны бас- қарушы бір адамның қарамағында болады»6. Оны шэ (шад) деп атаған. Әрбір шадқа бір жебеден сыйлық береді, осыдан келіп Он жебер деген ат шығады. Тайпалық-әскери санаудың ондық дәстүрі Жетісудың ежелгі түрік тілді тайпаларында VI ғасырдың орта кезінде-ақ болған және Батыс Түрік қағанатының этникалық-саяси құрылымында айқын бейнеленеді.
Саясаты
552—553 жылдары түріктер «батыста идті (эфтал) бағындырады». Орта Азия: эфталиттері туралы болып отыр. Оларды жаулап алу үшін алдымен Алтайдан Тоқарстанға дейінгі жолдағы мемлекеттердің бәрін бағындырып алу керек еді, ал ондай мәліметтер бізде жоқ. Оның бер жағында түріктердің Орта Азия эфталиттерің 563—567 жылдары, яғни он жылдан кейін жаулап алғаны баршаға мәлім. Сондықтан «батыста идті талқандады» деген сөзді география тұрғысынан Алтай аумағымен шектеу керек. Түріктерді кара эфталит аймағына орналастыратын шежіреші олар осы жерде болған дейді7. VIII ғасырдың орта шенінде ұйғыр жансыздары да оларды осы жерден тапқан. Сөйтіп, батысқа түріктердің Бумын мен Иштемидің бастауымен жасалған жорығы туралы айтылып отырғандықтан (соңгыга Жетісу түріктері қаганатының кұрамына кіретінін көрсететін «Он тайпа» атагы берілген болатын), нақ осы ауданды түріктердің 552 жылғы әскери экспедицияларының батыстағы жеткен шегі деп санау керек.
Отырықшы аудандардың байлығын иеленуге ұмтылу түріктердің батыстағы, Орта Азиядағы саясатының негізі болды. Олар эфталиттерінің батыс тармағына міне осы арада кездесті, ал эфталиттердің иеліктері Каспий теңізінен Солтүстік Үндістанға және Шығыс Түркістанғадейінгі жерді алып жатқан еді. Өзінің армиясының орасан зор да икемді құрамына қарамастан, мұндай күшті жалғыз жеңіп алуға түріктердің ша- масы келмейтін. Олар үшін соғыс сасанилік Иранмен әскери одақ жасасқаннан кейін ғана табысты бола бастады. Эфталиттерге вассалдық тәуелділікте болған Иран оларға ұзақ уақыт бойы жыл сайын күміспен салық төлеп тұрды, мұны осы мақсат үшін арнайы соғылған пехлеви жазуымен қоса эфталит жазуы бар теңгелер көрсетеді. Сондықтан түріктердін эфталиттерге қысым жасауы Иранның сасанилік билеушілеріне қолайлы болды. Түрік қағанымен жасалған келісім бойынша Хұсрау I Ануширван шах өзінің армиясын Тоқарстанға аттандырып, оны 564 жылы эфталиттерден тартып алды, сөйтіп эфталиттер өздерінің берік те қамсыз тылынан уақытша айырылып қалды. Мұның өзі түрік кағаны Силзибулға 563—567 жылдары эфталит патшалығын талқандауға мүмкіндік берді. Түрік-эфталит соғысы біткен бойда-ақ Шығыс пен Батыстың арасындағы керуен жолдары бойында жатқан жерлерді бөлуге келгенде одақтастар арасында араздық басталды. Бұл жерлерді иелену жол асуларын кеңінен пайдалануға, жібек, тәтті тағамдар, сәндік заттар, т.б. саудасын бақылауға, Шығыс пен Батыс арасындағы тауар айырбасына белсене қатысуға мүмкіндік беретін еді. Бұл саудада бүкіл Орта және Орталық Азия аумағында негізгі делдалдар соғды көпестері болды, олар өздеріне қолайлы жағдайды сақтап қалуға бәрінен де гөрі мүдделі болатын. Сондықтан бұрынғы одақтастармен араздасып қалған түрік қағаны Хұсрау I Ануширванга Персия арқылы Византияға жібек және басқа тауарлар өткізуге рұксат сұрап, елшілік жіберуге ұйғарганда, бұл елшілікті соғды көпесі Маннах бастап барғанына таңдануға болмайды. Алайда елшілік сәтсіздікке ұшырады. Хұсрау I Ануширван қағанатпен қатынасты көрінеу біржолата үзуге батылы бармай, әкелген жібектің бәрін сатып алуга бұйрық берді, сөйтті де, оны Маниахтың көзінше өртеді. Екінші елшілік те осылай сәтсіз болып шықты.
Бұл жағдайда түріктер тікелей Константинопольге, Византияның императоры II Юстинге сөз салуды дұрыс көрді. Тағы да сол Маниах бастаған елшілікке енді Кавказ арқылы жүруге тура келді. Маниахтың Константинопольдегі келіссөзі сәтті болды, ол кейін қайтқанда түріктердін жаңа одақтасының өкілі, Византия елшісі Земархты алып қайтты. Земарх елшілігі Кавказдан асып, Каспий теңізін жағалап, Хорезм арқылы Сырдарияға жетгі. Бұл елшіліктің сипатталып жазылуы Менандрда сақталған. Ол елшілердің екі оттың арасынан өтіп, тазалану рәсімін жасауға тиіс болғанын әңгімелейді, қаған шатырының ішкі жиһаздарын, дөңгелектері бар алтын тақты суреттеп жазады. Византия елшісінің түрік қаганымен келіссзөде түріктер мен Византия арасында жібекпен тікелей сауда жүргізу туралы және олардың армияларының сасанилік Иранға қарсы бірлесіп қимылдауы туралы сөз болады. Алайда бірінші тармақта екі жақ келісімге келе алмайды, өйткені бұл кезде Византия жібек құртын өсіруді өзі үйреніп алған болатын, сондықтан ол сырттан жібек әкелуге зәру емес еді. Византиялықтар түріктерден Иранға қарсы әскери көмек қана күтті. Каған сарайының бұған оңқарайтындығы айқын болса да, бұл мәселе жөнінде де нақты шешім қабылданбады. Бұл Иран мен Византияны әлсіретуді көздеген дипломатиялық есеп болса керек. Солай болып шықты. Өздерінің араларындағы қатынастарды соғыс жолымен анықтап алудан қолдары босамаған Иран мен Византия қағанатгың істеріне ықпал жасай алмады.
Бірақ 575 жылы жағдай өзгерді. Византия мен Иран өзара уақытша бітім жасасты. Тіпті Византия түріктерге қарсы күреске олардың бүлікшіл вассалдары уархун (вархонит) -түріктерді тарту үшін Кавказдың арғы жағына және Кавказға кіруге әрекет жасады. Бұған жауап ретінде түрік атты әскері Киммерия Боспорына, онан кейін Қырымға және Батыс Кавказға жойқын жорық жасады.