Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатұлы

Бүгін тарихта

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (КСРО) құрылды

1999 жыл Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды

- = -

2007 жылы Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы жаһандық серіктестікке қосылды

26066
2007 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы жаһандық серіктестікке қосылды.
2007 жылы 16 қыркүйекте Қазақстан Венада Атом энергетикасындағы жаһандық серіктестікке қосылды. Оның барысында Қазақстан Қағидалар хаттамасына қол қойды және осынау үдеріске толыққанды мүше атанды. Жиналғандардың алдында сөйлеген МАГАТЭ Бас директоры Мохаммед әл-Барадэй атом энергетикасы дамуының болжануына байланысты осынау бастаманың өзектілігін атап өтті. Біздің еліміз Атомдық энергетика саласындағы жаһандық серіктестіктің негізгі қағидаларын бөліседі және өз атомдық энергетикалық технологиясын дамытуды сезімтал технологиялар әзірлемеу міндеттемесін алған мемлекеттерге ядролық отынға кепілдікті және әділ қолжетімділік беру қажеттілігін атап көрсетеді. АҚШ Президенті Дж. Буш 2006 жылы ұсынған Атом энергетикасындағы жаһандық серіктестік бастамасы әлемдік энергия тұтынымының өсуіне байланысты таза, қауіпсіз және қолжетімді ядролық энергияның келешектегі арту ықтималдығына байланысты халықаралық мәмілеге талдап жасауға бағытталған. Бүгінде Серіктестікке 16 мемлекет, оның ішінде атом энергетикасындағы өз жетістіктерімен көзге түскен және алдыңғы қатарлы технологияларға ие Қытай, Ресей, АҚШ, Франция елдері мүше.