Бес жылдық порталдың бес белесі
25.09.2018 2389
Ұлт тарихын электронды жүйеде насихаттауды мақсат еткен «Қазақстан тарихы» порталына 5 жыл. Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан жылдар шегінде порталдың ең негізгі ерекшелігі деп бес белесті атап өтпекпіз

Бірінші белес. Қазақстан тарихы ғылымы бойынша электронды оқулықтардың жинақталған мол қоры бар. Порталдың Е-кітапхана бөлімінде 1000-ға жуық оқулық пен оқу құралының, монографиялар тарихқа қызығушы қауымның пайдасына жарап тұр. Бұдан бөлек күнделікті жарияланымдар санатында 4480-ге таяу материал жинақталған.

Екінші белес. Энциклопедиялық дүние деп порталдағы «Қазақстаника» бөлімін атауға әбден болады. Әзірге «Рухани мұра», «Георгафия» және «Аңыз әңгімелер» деген үш кітаптан тұратын сүбелі мұра А-дан Я-ға дейін энциклопедиялық реттілікпен сап түзеген.

Үшінші белес. Ұжым бес жыл бойында әр түрлі жобаларды іске асырды. «Қиырдағы қазақтар» деректі фильмдер топтамасы, «Семей полигонына 25 жыл», «Жүз ауыл», «Әскери тарих», «Алаш100» жобаларын оқырмандарын қызықтыра алды.

Төртінші белес. Отандық және шетелдік тарихшы ғалымдармен бірлесе жұмыс істеп, олардағы танымдық, архивтік деректерге қол жеткізді. Ж. Артықбаев, Б. Аяған, З. Қабылдинов және Ә. Қара, А. Ташағыл, т.б. шетелдік ғалымдар еңбегін жариялады.

Бесінші белес. Сан алуан тақырып пен мазмұнды контенттерді жариялау арқылы сауатты оқырмандар аудиториясын жинаған порталдың қазақстандық рейтинг көрсеткішінде 36-орында тұр. Тек тарихи тақырыптарды көтеруде салалық сайттардың ішінде бірінші орынға сөзсіз ие.