Бәкір Баукеновтің ұрпақтары қайда жүр?
31.05.2018 1778
Елімізге белгілі фотокорреспондент Болат Омаралиев репрессияға ұшыраған қазақтардың сирек суреттерін әлеуметтік желіге жариялай бастады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоқсаныншы жылдары ҚазССР қауіпсіздік комитетінің архивінен алынған суретте Бәкір Баукенов есімді азаматтың аты-жөні жазылған екен.

Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтардың есімдері жазылған арнайы сайттарда Бәкір Баукеновтің қысқаша деректері сақталған.

Бәкір Баукенов 1905 жылы Қызылорда облысы Тереңөзек ауданының Қараөзек ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі бастауыш. Ташкент теміржол саласында қызмет істеген.

1943 жылы 13 мамыр күні ұсталып тұтқындалған. РСФСР ҚК атышулы 58-бабының 10-тармағымен айыпталған. Ташкент теміржолының Әскери трибуналы 1943 жылдың 9 тамызы күні жоғарыда аталған айыппен жазалап, 5 жылға соттаған.

Жазықсыз сотталған Бәкір Баукеновті ҚазССР Жоғарғы соты ССРО 1990 жылы 30 қаңтарда ақтаған.

Фототілші Б. Омаралиев Бәкір Баукеновтің ұрпақтары қайда жүр деген сауал тастап, ұрпақтарын іздестіруде.

j