Мемлекеттік ту туралы 12 дерек
04.06.2018 7597
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай портал Мемлtкеттік ту туралы 13 қызықты деректі назарыңызға ұсынады

1. 1992 жылы қабылданған бірегей қазақ туының ою-өрнектері қызыл болған, бірақ көп ұзамай алтын түске өзгертілген.

2. Көк түс – түркі халықтары үшін қасиетті ұғым. Туда көк аспанның шексіздігін білдіреді, сондай-ақ жалпы игілік, тыныштық, бейбітшілік және бірлік символы деп есептеледі.

3. Бүркіттің силуэті жас тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетіне ұмтылу идеясынан пайда болды. Оның әр елдің және этникалық топтардың елтаңбалары мен туыларында суреттелгені – ертеден келе жатқан дәстүр. Символика тілінде бүркіттің силуэті мемлекеттік билікті, кеңдікті және алғырлықты білдіреді.

4. Мемлекеттік тудың байқауына 1200 шығармашылық өкілі қатысты. 

5. 600-ден астам адам пікір білдіріп, 245 сурет жобасы ұсынылды.

6. Тудың авторы – суретші Шәкен Ниязбеков.

7. 1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Іле Алатау жотасының «Абай» шыңында орнатты.

8. 2011 жылы 14 желтоқсанда Оңтүстік Полюстың бағындыру 100 жылдық мерейтойында Қазақстан Республикасының туы Антарктидада орнатылған.

9. 2011 жылы Мақсұт Жұмаев және Василий Пивцов Қазақстан туын Азияның ең күрделі тауының Қарақорым Чогори шыңына (8 611 м) орнатты.

10. 2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауына шығып Мак-Кинли шыңында Қазақстан туын орнатты.

11. Қазақстанның туы Батыс Еуропаның ең жоғарғы «Монблан» биігіне (4 810 метр) көтеріліп орнатылды. Азиядағы Памир тауының Ленин шыңында (7 134 м) және де бүкіл әлемнің ең биік Эверест шыңында (8 800 м) мемлекеттік туы желбіреп, мемлекеттік әнұран шырқалды.

12. 2012 жылы 23 ақпанда қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Американың ең биік шыңына «Охос-дель-Саладо» шықты, соның нәтижесінде Қазақстандық ту әлемдегі ең жоғарғы вулканда орнатылды.

 

Аян ӘДЕН