Қазақ даласының сиқыршылары
27.04.2018 3322
Басқа адамдардан өзгешелеп тұратын ерекше білімге ие ақсақал, данышпандар ежелгі түркі әлемінде зор беделге ие болған

Олар тылсым күшке ие, өткеніңді біліп, болашағыңды болжай алады, адамды емдеп жаза алады немесе дуа жасап, басыңды айналдырады деп саналған. Олардың қабілеттерінің түсінігін бастапқыда пұтқа табынушылықпен түсіндірсе, Қазақстан аумағына ислам діні тарай бастағаннан бастап емшілік пен көріпкелдік қабілеттерді қасиетті жазбалармен байланыстыра бастады. рәсімдерде Құран мәтіндері жиі оқылатын, ал о дүниемен байланысты періштелермен арадағы делдалдық деп түсіндіретін.

Қуақылар адамдарды «сиқырдың» барын және о дүниемен байланысты  көрсететін тәсілдер мен сендірудің көмегімен айла-шарғы жасаған алаяқтық оқиғалары да кездесетін. Тұрғындар көрсетілген ғажайыптарға шын көңілдерімен сеніп, аруақтардың көңілін аулап, ауру-сырқауынан айығу және болашағын білу үшін ақшаларын өз еріктерімен беретін. Белгілі неміс ғалымы Георги қазақ бақсылары туралы мынадай естелік қалдырыпты: Бақсылар пұтқа табынушы шамандар мен камдарға ұқсайды. Олар жын-перілермен таныспыз деп мақтанады, оларды түрлі тентектіктер кезінде... және сайтан ренжіткендердің бәрі де олардан көмек күту керек деп шақырады. Сондай сиқыршылардың көпшілігі тіптен жақсы тұрады [1].

Дегенмен, қабілеттерінің сырын заманауи ғылым шеше алмаған адамдар туралы деректер ұрпақтан-ұрпаққа тарап келеді. Мысалы, мұндай даңққа әлем тарихында Нострадамус, Ванга ие болған. Қазақ тарихында Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы – атақты емші болып, Майқы би – көріпкел болып есептеледі.  Дәстүрлі медицина мен дәрігер-мамандарға дейін, олардың алдында адам физиологиясы мен анатомиясын өзіндік әдіс-тәсілдерімен түйсініп, түрлі тәжірибелердің көмегімен жұқпалы аурулар мен қабынуларды емдеудің қажетті тәсілдерін таңдап, дәрі-дәрмек пен жақпа майлар дайындаған бақсылар, емшілер болған.

Сынықшы – гипс қолданбай тұрған кезде күрделі сынықтарды емдеген, тайып кеткен, шығып кеткен буынды, сынықтарды асқан шеберлікпен орап-таңғандары соншалық, буын, сүйек орнына түсіп, бітіп кеткен. Асқан шебер емшілер өмірге жаңа келген сәбиге ота жасай алатын болған – олар сәбидің бас сүйегінің уатылған бөлшегін алып, оны тасбақаның қабыршағымен алмастырған. Емшілер адамның күшті энергетикасына да сенген. Кейбір адамдардың көзі қатты тиеді деп есептеген. 

XIV ғасырда өмір сүрген белгілі қазақ ғалымы Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы өзінің «Емшілік туралы трактатында» көз тиюге бейім келетін адамның түрлі мүшелерін сипаттайды. Осындай пайымдаулар қазіргі уақытта бізге аңғалдық сияқты болып көрінгенімен, дәстүрлі медицинаға көбінесе негіз болып табылатын халықтық медицинаның дамуына Ө. Тілеуқабылұлы қомақты үлес қосқан.

Бақсы – табиғат құбылысы мен алапат күштерді түсіндіре алмаған қоғамда балгерлер құрметке ие болған, өйткені, олардың бойында тылсыммен байланыса алатын ғажайып күш, құпия ілім-білімі бар деп есептеген. Оларға жақсы да, жаман да күштер бағынышты болған. Қайырымды, қолдап, қолпаштап жүретін рухтарға – аруақ, періште, перизат жатады. Зұлымдық күштері – шайтан, әйел кейпіндегі албасты, жезтырнақтар адамды алдап, оны жамандыққа бастауға тырысқан.

Бұл кейіпкерлер - ежелгі түркі фольклорының  кейіпкерлері, бірақ, басқалар, бұл кейіпкерлер қиял мен аңыз шегінен шығып кетеді деп санайды. Бұдан басқа, қайырымды күштер мен жын-перілер қасиетті кітаптар беттерінде де жазылғкан.  

Балгер – тікелей куәгері болмаса да, өткен мен осы шақтың оқиғаларын көре алатын, болашақты болжай алатын қабілеттері болған. Балгер бал ашқан кезде қойдың жауырыны, құмалағы, сіріңке сияқты және тағы басқа құрал-жабдықтарды қолданған, сонымен қатар, алақандағы сызықтар және тіпті, Қасиетті Құран арқылы да бал ашқан.

Олар туралы Ш. Уәлиханов былай деген: «Барлық балшылар екі саусағының арасында қамшыны тепе-тең ұстай жүріп, бал ашады».

Болжаушы – ішкі күш-қуатты сақтаған, байсалдылық пен табандылыққа ие терең ойлы ойшыл. Атақты Өтеген мен Райымбек батырлар өздерінің болашақта жерленетін жерлері туралы бір-біріне болжам айтыпты деген аңыз бар. 

Райымбек батыр өз әскерімен жоңғарлардан қашып келе жатса, алдарынан дүлей өзен кезігіпті. Райымбек батыр дұға оқып, Тәңіріден шапағат сұраған екен, сол кезде өзен ағысы тоқтапты. Сол кезде Өтеген батыр Райымбек батырдың мазары шулы жерде орналасады деген екен. Көп ұзамай Райымбек батыр да мұндай болжамға жауап бере алған екен: «О, ержүрек Өтеген, шу мен шаңнан қорықсаң, су астында қаласың»,-депті.

Болжам дәл келіп, Райымбек батырдың жерленген жері – қазіргі Алматының, батыр атындағы ең шулы даңғылы. Өтеген батырдың зираты, шынында да, 1973 жылы Қапшағай су қоймасы салынған кезде, су астында қалып қоюы мүмкін еді, бірақ, ұрпақтарының өтініші бойынша батырдың сүйегі Қордай ауданындағы Өтеген ауылына қайта жерленді. Басқа аңыз бойынша, Райымбек батырдың жерленетін жерін және Өтеген батырдың да қайта жерленетінін Қабан ақын (Қабылиса жырау) болжап айтыпты.

Қазақ қоғамында аспан денелерін бақылау арқылы ауа-райын болжайтын өздерінің жұлдызшылары да болған. Дала халқы жұлдызнамаға көп көңіл бөлген. Маңызды ұлттық мәселелерді шешкен кезде, осы болжамдар ескерілген. Жұлдызшылар күнделікті тұрмыста, сонымен бірге, халықты қорғау, әскер құрамы, шайқас тәсілдері сияқты әскери мәселелерде де кеңес берген. Ислам дінінің тарауына байланысты, бал ашу, болжау жасау тыйым салынған әрекет болып есептелді, алайда, халық арасында бәрібір танымал болды. Емшілер Құран жолдарын, дұғалар оқиды, ал, құдіретті  күштердің қолдап-қорғап жүруін тілеу – ішіне дұға салып жазылған тұмар тағудан көрінеді. 

 

Мақала дайындау кезінде http://www.anck.kz/Spravochnik/4.htm сайттың материалы қолданылды  

 [1] И. Георги. Ресей мемлекетін мекендейтін барлық халықтардың сипаттамасы, 2-нші басылым СПб, 1779. 141-б.