Астана қалай жарықтандырылды?
08.02.2018 2707
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қазіргі мегаполистерде ғимараттардың декоративті және сәулеттік жарықтандырылуы айтарлықтай маңызды рөл атқарады, олар ұзақ қызмет етеді және үнемді

Астана билігі көшенің жарықтандырылуына зор көңіл бөледі, өйткені ол түнгі қала келбетінің композициясы ғана емес, сонымен қатар ол қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, көлік қозғалысына, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады. Бұл орайда астана көшелерін жарықтандыру үшін жарықдиодты шамдарды қолданудың өскендігі байқалады.

Көшені жарықтандыру мәселесіне Ақмола билігі революцияға дейінгі кезеңде де алаңдаушылық танытқан. Ақмола облысының қалалық қоғамдық басқармаларының есебіне сәйкес қала басының шешімімен 1905 жылы қалада керосинмен жарықтандыру енгізілген.

Қаланы жарықтандыру тарихы астананы көшірумен байланысты болды. Көп жағдайда Ақмоланың көшелерді жарықтандыру жүйесі ескірген болып саналды да, қайта жаңалауды қажет ететін.  Көше жарықшамдарының көпшілігі сынап немесе натрий шамдарын қолданатын. Былтыр жарықтың өшірілгені әлі де ақмолалықтардың есінде. Астананы көшіргеннен бастап энергияға тиімді көшені жарықтандыруға ауысу басталды.

Жаңа астана, ғылыми тілмен айтқанда «сәулеттік-көркемдік жарықтандырумен» тиісті түрде жарықтандырылуы керек болды.

Қысқы кештің бірінде Республика даңғылындағы әр ғимарат пен әр тұрғын үй жарықтанып шыға келді. Бұл қаладағы белгілі ғимараттарға ерекше сәулет берді. Бұл жарықтар тұман мен қар жауған кезде ерекше әсем кейіпке енетін.

Негізінен жаңа үлгідегі – металл галлоидті, ұзақ қолданылатын және үнемді жарықтандыру құралдары қолданылды. Сондықтан да салық төлеушінің қалтасына аса шығын келтіре қоймас еді. Мысалы, Ақмоланың іскерлік серіктестік орталығындағы (қазіргі Жастар сарайы) ерекше иллюминация небәрі 2,5 киловатт сағат қолданатын. Ал беретін жарығы қаншама!

Бірақ, өкінішке қарай, жаңа астананы көркемдік жарықтандыру процессінде де сәтсіздіктер болды. Қаржыландырудың жетіспеуіне байланысты жұмыстар тоқтап қалды.

Осы бір таңғажайыпты қолдануға жауапты ұйым тағайындау мәселесі шешілмеді. Жаңа астананы жарықтандырудың кешенді жобасы болмады. Оның есесіне энтузиастар, жаңа технологиялар мен үлкен мүмкіндіктер пайда болды!

Астананың тұсаукесеріне қарай жағалауды заманауи технологияларға сәйкес жарықтандыру жоспарлануда, жалпы алғанда қаланың жарықтандырылуы қала карточкасына айналуы керек. Бұл үшін мәскеулік мамандар шақырылды.

Уақыт өте келе түнгі қаланың безендірілуі өзгерді – ғимараттар, көшелер жарықтандырылды, гирляндалар, Есіл өзенінде түрлі-түсті фонтандар пайда болды, дүкен, бар, түнгі клубтардың жарық витриналары қалаға ерекше сән берді.

Алғашқылардың бірі болып Сейфуллин атындағы кітапхана, қазіргі 7-ші арнаның ғимараты түнгі жарықпен жарықтандырылды.