ҚАЗАН РЕВОЛЮЦИЯСЫНАН КЕЙІН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
10.11.2017 3174
Осыдан тура жүз жыл бұрын, 7 қарашада (ескі күнтізбе бойынша 25 қазан), Қазан социалистік революциясы болды

Осы күні көтерілісшілер Қысқы сарайға басып кіріп, Уақытша үкіметті құлатты – билік Кеңестер қолына өтті. Оның алдында Ресейде болған Ақпан революциясына әлемнің түкпір-түкпірінен жауап қатылды. Мемлекеттік төңкеріс Қазақстан тұрғындары үшін де маңызды болды. Қоғамның азаматтық белсенділігі артты.  Қоғамдағы өзгерістерге бей-жай қарай алмайтын жастар өздерінің идеологиялық талғамдарына сай партиялар мен басқа да ұйымдарға кіре бастады. Мұғалімдер мен студент жастар Омбы қаласында «Демократияшыл оқушы жастар кеңесіне», Ақмолада – «Жас қазаққа», Спасск зауытында – «Жас жүрекке», Петропавлда – «Талапқа», Семейде – «Жанарға»Әулие-Ата уезіндегі Меркеде – «Қазақ жастарының революциялық кеңесіне» бірікті. Алғашқы кезеңде жастар бірлестіктері алдарына мәдени-ағарту мақсаттарын қойды. Бірақ, оқиғалардың даму барысына қарай олар өздерінің қоғамдық-саяси көзқарастарын белсенді білдіріп, маңызды мәселелерді де қарастыра бастады. Жастардың бір бөлігі, атап айтқанда С.Сейфуллин бастаған «Жас қазақ» және Т.Рысқұлов бастаған «Қазақ жастарының революциялық кеңесі» Кеңестерге қосылды, ал басқалары ұлттық-либералдық интеллигенцияның идеяларын қолдады.

Бірақ Уақытша үкіметтің әрекеттері жергілікті халықтың көңілін қалдырды – алда өткен ізашарларының саясатын жалғастырып, олар ұлттық мәселелерді шешуге тырыспады, күн тәртібінде жер мәселесі, басқа этностардың ұлттық сәйкестендірілуі сияқты мәселелер тұрған жоқ, оған қоса оларды автономия қылып жеке шығару үкіметтің назарына тіпті алынған да жоқ. Көп кешікпей Бөкейханұлы конституциялық монархияда іске асырылуы тиіс, бөлінбейтін Ресей идеясын қолдайтын кадеттер партиясынан шықты. Бұл туралы қоғам қайраткері «Қазақ» газеті арқылы жария етті.  Бөкейханұлы жерді жеке меншікке беретін кадеттер жоспарына қарсы болды. Оның ойынша бұл процесс бүкіл жердің көршіге өтуімен ал қазақтарда ештеңе қалмай, қайыршы болып қалуымен аяқталатын еді. Кадеттер партиясы ұлттық автономиялар идеясын қолдамайтын, ал бұл Бөкейханұлының жоспарларына кереғар еді. Оның үстіне ол шіркеудің мемлекеттен бөлек шығуы керек деп санады, ал Кадеттер партиясы бұған қарсы болды. Осы үш тармақ қазақтардың ұмтылысы мен Конституциялық-демократиялық партия позициясын мейлінше ажырата түсті. Әлихан Бөкейханұлы қазақтардың мүддесін білдіретін жеке партия құру қажеттігін сезінді. Осы ойлар 1917 жылы Алаш партиясының құрылуына себепші болды. 

Алаш партиясының мүшелері тепе-тең ұлттық өкілдіктер негізіндегі жалпыға ортақ сайлау құқығы, республикалар мен ұлттардың теңдігі, секуляризация (яғни шіркеудің мемлекеттен бөлінуі), түрлі тілдердің тең маңыздылығын мойындауды қамтитын конституциялық реформалар бойынша жұмыс істеді. Екінші Бүкілқазақ съезінде Алаш автономиясының құрылуымен қатар «Алаш Орда» – уақытша Ұлттық Кеңес қалыптасты. Олардың басты мақсаттары: Бөкей ордасын, Орал, Ақмола, Торғай, Семей, Сырдария облыстарын, сонымен қатар Закаспий облыстары және Ферғана, Самарқанд уездері сияқты қазақ уездерінің, Әмудария бөлімінің, Алтай губерниясының іргелес қазақ болыстарының аймақтарын қосатын территориалдық-ұлттық автономия құру.

Автономия басым бөлігі қазақтардан, бірыңғай мәдениет, тарих пен тілден тұратын біртұтас аймақ болуы керек. Су мен жер ресуостары бар бұл аймақ Алаш иелігінде болуы керек; Алаш автономиясында аз ұлттардың құқығын қамтамасыз ету, ал барлық мекемелерде түрлі ұлт өкілдері тепе-тең болуы керек; Алаш автономиясын жойылу мен анархиядан сақтау үшін  «Алаш Орда» уақытша халық кеңесін ұйымдастыру. Ол 25 мандаттан тұруы керек, кеңестің 10 мүшесі өзге ұлт өкілдері болуы керек; Қазақ халқына билік жүргізу Алаш Ордаға тиесілі болуы керек.  

1917 жылдың күзінде өзін Қазақ социалистік партиясы ретінде позициялайтын Үш жүз ұлттық-саяси бірлестігі құрылды. Оның басшысы К.Тоғысов болды. Партия мүшелері алаштықтарға түбегейлі қарсы болып, оларды контрреволюционерлер деп атап, большевиктерді және екеуінің арасында ешбір айырмашылық көрмегендіктен солшыл «эсерлерді» де қолдап-жақтады. Үшжүздіктер қарапайым ортадан, жұмысшылардан, сауатсыз кедейлерден шыққандықтан, Алаш көшбасшыларын бай балалары деп санады, сондықтан олар үшін әлсіздерді қолдау мен қорғау, жетімдер мен халықтың жұтаң таптарына көмек көрсету маңызды болды. 1917 жылдың қыркүйегіне қарай халық арасында солшыл идеялар басым тарта бастады. Корниловщина жойғаннан кейін большевиктер танымалдыққа жылдам ие бола бастады.советтерді белсенді түрде большевиктендіру басталды.

1917 жылдың шілдесіндегі оқиғалардан кейін уақытша ұмыт бола бастаған «Барлық билік Советтерге!» ұраны қайтадан бас көтере бастады. Ұран Уақытша үкіметке қарсы көтеріліске, билікті пролетариатқа беруге шақырған жауынгерлік сипатқа ие болды. 1917 жылдың 24 қазанында (6 қараша) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер астананың басты объектілерін басып алды. 25 қазан (7 қараша) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлағанын жариялады. Астанадағы большевиктердің жеңісі елде Совет үкіметінің орнағанын білдірді, қазақтың ірі қалаларында алдымен Ташкентте, Омбыда, Орынбор мен Астраханьда Советтер өз билігін орнатты. Бірақ Қазақстанда Советтер үкіметінің ресми орнауы төрт айға созылды – 1917 жылдың аяғынан бастап 1918 жылдың наурызына дейін.

Әлеуметтік-экономикалық мәселелер, мәдениеттің төменділігі, ұлтаралық қатынастар арасындағы қиындықтар салдарынан осы жолда кедергілер туындады. Жеңіске қол жеткізу жолында Депутат солдаттар кеңесіне біріккен жергілікті гарнизондар мен Ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған бұрынғы майдангерлер біршама маңызды рөл атқарды, олар советтік биліктің орнауына мүдделі болды, өйткені совет үкіметі оларға – бейбітшілік, ал шаруаларға – жер береміз деп уәде еткен еді. Орал, Жетісу, Сібір мен Орынбордағы казак әскерлерінің әскери үкіметі, сонымен қатар Қазақстанның әр бөлігінде (әсіресе Оралда) шоғырланған Уақытша үкіметтің жақтастарының қарсы әрекеттері жағдайды қиындатты. Советтер Сырдария, Ақмола облыстары мен Бөкей Ордасында өз билігін бейбіт жолмен орнатты. Ал Торғай, Орал, Семей және ішінара Жетісу облыстарында басқа жағдай орын алды – бұл аймақта Уақытша үкімет жақтастарының күші мығым болды. Облыс орталықтары мен уездік қалаларда совет үкіметі қызылгвардияшылар мен жергілікті гарнизондардың большевик солдаттарының күшімен орнады.

Төрт жылдың ішінде Совет үкіметі қазақ қалалары мен ірі елді-мекендерде орнады. Көптеген қазақ ауылдары мен селоларында Совет үкіметін орнату үшін күрес азамат соғысына дейін де жүрген.   Совет үкіметі экономика және мәдениет саласындағы реформаларды қолға алды, ол Спасск зауыты, Қарағанды шахталары, Успенск кен орындары, Ембі мұнай өндірісі сияқты өндірістік объектілер Совет билігінің басқаруына өтті, өндірістік кәсіпорындар мен банктердің біраз бөлігі ұлт меншігіне айналдырылды. Жер туралы Декрет қағидалары тәжірибеде іске асырыла бастады. Социалистік революцияның жеңісінен кейін ұлттық-мемлекеттік құрылыс жобаларына қатысты ұлттық мәселелерді талқылау мүмкін болды. РСФСР-дың құрылуы елдің Шығысында автономия құруға ынталандырды. Қазақстан мен Түркістан Советтері Бүкілқазақ және Советтердің бүкілтүркістандық съезін шақыруға дайындық бойынша жұмыстарды бастады. Бұл кезде советтік билік нығая бастаған болатын. Шын мәнінде бұл советтік мемлекеттілік үшін күрестің жалғасын білдіретін. «Алаш» партиясын бұл жағдай қанағаттандырмады – олар Қазан революциясын қабылдап, қазақ мемлекеттілігін құру идеясынан бас тарта алмады.