АҚМОЛА ҚАЛАЙ АСТАНА БОЛДЫ
23.10.2017 4432
ҚР тәуелсіздігін алған сәттен бастап ерекше маңызды күннің бірі - 1997 жылғы 20 қазан болды. Бұл күні Ақмоланы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның астанасы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойылды

Өзінің бірегей сәулетінің, хай-текті ұлттық нақышпен өрнектеген сұлулығы мен стилінің арқасында бүкіл қазақстандықтардың мақтанышы айналған Қазақстанның елордасы Астана өзінің тарихында бірнеше елеулі даталарды басынан кешірді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алған сәттен бастап ерекше маңызды күннің бірі - 1997 жылғы 20 қазан болды. Бұл күні Ақмоланы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстанның астанасы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойылғанына 20 жыл толады. Елбасы белгілі қазақ ғалымы, академик Қаныш Сәтпаевтың Қазақстан астанасы қылып Қарағандыны немесе Целиноградты тағайындауды ұсынғанын білуі әрі өзінің терең еңбегінен соң ел астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіруге  шешім қабылдайды. Бұл шешім осындай ұлан-ғайыр елдің астанасының оның аумағының шетінде бола алмайтындығымен негізделді.

Кезінде Хрущев те астананы Целиноградқа көшіру туралы айтқан. Егер де Хрущевті 1964 жылы Брежнев орнынан түсірмегенде, Целиноград астана мәртебесін, бәлкім, ертерек алып та қалар ма еді. Осы тарихи фактілер Президенттің Ақмоланы тәуелсіз Қазақстанның астанасы етіп тағайындау туралы сөзсіз шешім қабылдауына стимул болды. Астананы ауыстыруда географиялық жағдайдан басқа көптеген өлшемдер, олардың ішінде, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер, климаттық жағдайы, сейсмикалық белсенділік, қаладағы экологиялық ахуал, инженерлік және көлік инфрақұрылымының жағдайы және олардың әрі қарайғы дамуы, коммуникациялар, құрылыс кешені, еңбек ресурстары және басқалары қарастырылды. Елдің негізгі өнеркәсіп әлеуеті орталық және солтүстік облыстарында орналасты. Бірақ 1991 жылы осы облыстардың тұрғындарының саны күрт төмендеп, тұрғылықты емес халық көше бастағандықтан – демографиялық дағдарысқа байланысты өнеркәсіп объектілері өнімділігінің төмендей бастауы осы аудандағы кейбір әлеуметтік мәселелерді қиындата түсті.

Ал бұл уақытта оңтүстікте, керісінше, халық саны көбейіп, жұмыссыздық пайызы арта түсті. Астананы ауыстыру осы және басқа да мәселелерді шеше алды.  Осы жобаны әзірлеу және оны Парламентке жариялау оңайға соққан жоқ, өйткені жан-жағынан жел уілдеп тұрған Ақмоладан гөрі, жылы әрі гүлденген Алматыда қалу баршаның ниеті болатын. Бірақ байсалды талқылаулардан кейін депутаттар астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыруды қажет деп тапты. осылайша, қазақстандықтардың қорқыныштары мен күмәндеріне қарамастан, Астана Қазақстанның астанасы болды, бүгінгі күні мемлекетіміз бен халқымыздың әсемдігі мен қуатын күллі әлемге паш етуде.