Дүрбелең жылдардағы діни ахуал
31.05.2017 1741
Әдетте біздің ойымызға қуғын-сүргін құрбандары дегенде зиялы қауым мен қоғам қайраткерлері келеді. Сонау зорлық зомбылық пен қудалаудың арасында дін өкілдері де болды, оны архивтік құжаттар растайды

Марксизм ілімі дінге қарама қайшы келіп, дін ол «апиын» деген тұжырымға келгенін бәріміз білеміз.

 

 

 

 

 

 В.И. Ленин өз кезегінде бұл қағиданы қолдай отырып дін – рухани азғырудың түп-тамыры, «мәйітті сүю» деп өз бағасын берді 

Діни идеология - жалғыз ашық түрдегі «ғылыми емес идеология» болып табылды, оның үстіне КССРО-ның 1918, 1936 және 1975 жылдардағы Конституциясында ар-ұят туралы бап болды.

Дегенмен берілген рұқсат пен ашықтыққа қарамастан, Совет үкіметі түрлі ресми діни бірлестіктер, мешіт, шіркеулердің көзін құрту жолында қатаң шаралар қолданды.

Бірінші революциядан кейінгі жылдары Орыс православие шіркеуінің ізін аңду басталды. Шіркеу құндылықтарын әлсіретіп жою мақсатында Кеңес үкіметі аш-жалаңаш адамдарға көмек-қолдау қажет деген желеумен барынша шіркеудің шырқын бұзуға тырысты.

1922 жылдың 10 наурызындағы Саясибюро ОК РКП (б) мүшелеріне арналған В.М. Молотовтың құпия хатында В.И. Ленин былай дейді: «...ең көп табыстылардың, монастырьлардың, шіркеулердің өзіндік құндылықтары мен ерекшеліктерін жою үшін тез арада, ешқандай кедергіге қарамастан тоқтаусыз жұмыс жүргізілуі тиіс. Олардың рухани және буржуазиялық кертартпа өкілдері деген айыппен атылғандардың қатарынан көптеп болғаны бізге жақсы. Бұл саланың өкілдерін ондаған жылдарға дейін сабақ болатындай, үкіметке қарсы келмек түгілі ол туралы ойға да алмайтындай қылып үйрету керек».

Міне, Кеңес мемлекетінде осындай қолдан жасалған сұмдық саясат жүргізілді. Бұған қатысты нақты істі келесі дәлелден көре аламыз РФ Мемлекеттік Думаның саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау комиссиясының төрағасы А. Яковлевтің есебі бойынша 200 мың дін қызметкері өлтірілген, ал жарты миллионға жуық дін өкілі мен монах қуғындалудың құрбаны болған. Оған қоса дінге сенуші қаншама қарапайым адамдар қудалауға ұшырап, азаматтық құқығы тапталынған, сонымен қатар онмыңдаған мешіт, шіркеу, костелдер бір мезетте жойылған.

Л. Алексеева: «...Орыс православие шіркеуінің мартирологінің есебі бойынша Совет үкіметі кезеңінде қудаланған 8 мың адамның аз ғана бөлігі дін қызметкерлерін жазықсыз айыптау мен діни құрылыстарды жоюға өз қарсылықтарын білдірген, қалған бөлігі еш қарсылықсыз көнген».

 ХХ ғасырдың 20 - жылдары басталған дін өкілдері мен дінге сенушілерді қудалау мен өлімге кесудің ақыры 30-жылдары Қазақстанда санаулы ғана Орыс православиелік шіркеулерінің қалуына әкеліп соқты.

Ислам дініне тиісушілікке келсек, мысалы, 1911 жылы Оралда 59 мешіт, Жетісуда 288 мешіт болып, онда тиісінше 50 ден 189-ға дейін молда қызмет етсе, 30-ыншы жылдардың соңында ол жерлерде бірде-бір мешітте, молда да қалмаған.

Сонымен қатар рим-католиктік шіркеуі, лютерандықтардың сыйынатын үйі, евангелиалық христиан баптистердің де көздерін жойған.

Құран мен Библияны өздігінен үйрену Совет үкіметіне қарсы шығу деп қарастырылды. Ашық түрде Құдайға сыйыну мүмкін емес болды, ал тығылып дін ұстанғандар қатаң жазаланды.

Қазақстанға Әзірбайжан, Тәжікстаннан діни қуғындалушылар келіп жазаларын өтеді, оларға да діни рәсімдерін ашық түрде өткізуге рұқсат берілмеді.

Дегенмен, Совет үкіметінің 1943 жылы құлшылық жасау мен діни рәсімдерге рұқсат беруіне тура келді, себеп Ұлы Отан соғысы кезінде халықтың көмегі қажет болғандықтан. Бірақ рұқсат толығымен емес, әсіресе Ислам, Православие, Баптизм діндері әлі де болса шектеу шегінде қалды.

Соғыстан кейінде ССРО бойынша дін өкілдерін қудалау мен олардың діни рәсімдеріне тыйым салу жалғасын тапты. Л. Алексееваның деректеріне сүйенсек 1960-1964 жылдары жаңадан ашылған шіркеулер мен монастырь, семинариялардың жартысынан көбісі қайта жабылған. 1959 жылы 30 мың православие дін өкілінен 1962 жылы 15,5 мыңы қалған, ал 1975 жылы ССРО бойынша барлығы 7500 православие шіркеуі болған.

50-інші жылдардың соңынан бастап лютерандық бірлестіктерге біртіндеп рұқсат етіле бастады. ССРО-дағы ең алғашқы лютерандық қауым 1956 жылы Целиноградта тіркелді, 1957 жылы тыйым салынғанымен, сол жылы қайтадан тіркелді, бірақ мүмкіндігі шектеулі болды.

Лютерандықтардың сыйынатын үйлерінің алдына 18 жасқа дейінгілерге кіруге болмайды деген тақтайша іліп қоюды міндеттеді. 

 

1967 жылы меннониттік қауымды тіркеу басталды. 1958-1959 жылдары рим-католиктік шіркеуін Целиноградта тіркеуге талпыныс жасалды, дінге сенушілер үй-жайларын әзірлеп, құжаттарын реттеген алайда қозғаушысы пара алды деген жалған айыппен ұсталып, үй тәркіленген, тек 1979 жылы тіркелуге рұқсат беріліп, үй алып, қажеттіліктермен жабдықтармен қамтылған.

Дін өкілдері мен дінге табынушыларды қуғын-сүргінге ұшырату тек 1989 жылы ғана аяқталды.

Мұрағаттық құжат Қарағанды облысының мемлекеттік архивіне тиесілі

Я.В. Трофимовтың мақаласының негізінде әзірленді