«Қазақтың жауынгерлік күресі: тарихы, әдістемесі, техникасы» атты конференция өтті
Қазақтың көне заманынан үзілмей келе жатқан, советтік идеология құртып, санамыздан өшіруге қанша тырысса да, бойымыздағы жүгірген қанмен бірге сақталған ұрыс өнерінің әр қыры жан-жақсы сипатталды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Жауынгерлік күрес федерациясының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Университеттің 20 жылдығына арналған «Қазақтың жауынгерлік күресі: тарихы, әдістемесі, техникасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталмыш шараға университеттің профессорлар құрамы, спорт, дене шынықтыру пәндерінің оқытушылары, қалалық спорт мектептерінің өкілдері мен студенттер қатысты.
Конференция мақсаты: ата-бабаларымыздан мұра болып қалған ұлттық күрес түрлерін жаңғыру және оның ғылыми айналымға енуіне үлес қоу; жас ұрпақтың отыншылдық сезімін қалыптастырудағы қазақ күрес түрлерінің орнын айқындау; ұлт балаларының рухани тәрбиесімен қатар физикалық күш-қайратының мол болуына тиісті ақпараттарды жеткізу болып табылады.
Халықаралық жиын алдымен түрлі күрес түрлерімен айналысатын спортшылардың сайысын көрсетумен басталды. Сақадай сай тізілген жас талаптар қазақтың бойына жақын таэквонда, дзю-до, кикбокс сияқты өнер түрлерінен басқа қойын-қолтық ұрыс түрлерін көпшілікке таныстырды.
Артынша іс-шара мәжіліс залында бас қосқан ғалымдар мен күрес түрлерін, тарихын зертетуші мамандардың қатысуымен өтетін конференцияға ұласты. Конференцияны жүргізген университет проректоры, профессор Дихан Қамзабекұлы қазақтың жауынгерлік өнері оның ұлттық тарихымен, өткен тағдырымен тіекелей байланысты екенін сөз етті. Ғасырлар бойы кең-байтақ даланы қорғау үшін білектің күші пен жүректің ісі қатар жүргенде ғана қорғай алғанын және оның кейінгі буынмен ұштастыра тәрбиелеуінде ұрыс түрлерінің ұлт тарихындағы орны ерекше екенін айтты.
Шара барысында сөз сөйлеген профессорлар Серік Негимов, Бекжан Әбдуалиұлы баяндамаларында қазақ әдебиеті мен тіл білімі саласы бойынша батырлық жыр-дастандарындағы ұлттық күрес көріністері, әр қилы туындыларды қарастыруда күрес өнеріне қатысты лексика, сөздер қоры баяндалды.
Конференция ұйымдастырушы және жобаның авторы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, университеттің профессоры Халық Қожахмет «Жоғарғы оқу орындарында жауынгерлік күресті оқытудың ғылыми-инновациялық технологиялары» атты тақырыпта ұлттың болашағы мен жас ұрпақтың физикалық күштілігі жайында тың мәліметтер айтып берді.
Қазақтың көне заманынан үзілмей келе жатқан, советтік идеология құртып, санамыздан өшіруге қанша тырысса да, бойымыздағы жүгірген қанмен бірге сақталған ұрыс өнерінің әр қыры жан-жақсы сипатталды. «Этнологиялық еңбектердегі қазақ күрес тарихы» (З. Қабылдинов), «Археологиялық қазбалар нәтижесіндегі спорттық ойындар» (С. Сәкенов), «Ұлттық спорт пен отаншылдық рухта тәрбиелеу байланыстары» (Р. Салықжанов), «Қарынбайдың қара үңгіріндегі белгілер – жауынгерлік күрестің жалғасы» (Р. Тоқтанұлы), т.б. сан қилы аспектіде баяндамалар дайындалды.
Заңғар Кәрімхан