«Ақ жол» газеті ұлттық мәселелерге байланысты терең және ашық тақырыптарды көтерген басылымдардың бірі болды. Бұл ХХ ғасырдың басында Түркістандағы қазақтардың әлеуметтік, саяси, мәдени мәселелерін қозғап, ұлттық рухты жандандыруға бағытталған «Қазақ» газетінің дәстүрін жалғастырды.
«Ақ жол» газеті совет саясатының ұлттық мүдделеріне тигізген сынға алып, халық ішкі мұның батыл жеткізуге тырысты. Мысалы, онда патша үкіметінің аймақ халқына жасаған қысымдары мен халықтың наразылығы туралы көптеген мақалалар шыққан. Бірге, әлеуметтік теңдік, сауаттылықты арттыру, әйел құқықтары сынды тақырыптар да жиі талқыланған болатын.
Газетке Сұлтанбек Қожанұлы сияқты белгілі қайраткерлердің жетекшілік үшін оның ұлттық бағыттағы жобаларын жүзеге асыруға үлкен ықпал етеді. Кейіннен «Ақ жол» газетіндегі ұлтшыл көзқарастар қатаң сынға алынды, газеттің өз ішіндегі ұлт мүддесін қорғауға деген ұмтылыс айқын байқады, Сталиннің пәрменімен жабылды.
Бұл тұрғыда «Ақ жол» сол кездегі ұлттық сананы оятудағы басты басылымдардың бірі болды деп айтуға болады.
ОҚУ-АҒАРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАҚАЛАЛАР
Білім комиссиясының мәжілісі
6 февральда білім комиссиясының мәжілісі болды. Мәжіліс қазақ-қырғыз институтында ашылып, мәжіліске Ташкенттегі қазақ-қырғыз азаматтарының бірі де шақырылған еді. Мәжілісті ашқан жолдас Тоқтұбаев Иса, баяндама берген жолдас Дулатов. Баяндаманың қорытындысы мынау: Кеңесші үкіметтің Түркістанда құрылғанына төртінші жыл болса да, бұған шейін қазақ тілінде басылып шыққан бір мектеп құралы болмаған. Былтырдан бері халық-ағарту комиссариаты жанынан көшпелі халық арасындағы оқыту істерімен мектеп жұмысына беріліп, оқу құралдарын бастартатын қазақ кіндік комиссиясы құрылған екен. Комиссия облысқа айрықша комиссалар шығарып, 3 миллион сомнан аса расходпен халық әдебиеттерін жинаған екен. Соларды бұл күнге шейін іске жаратып, жүзеге шығармайын деген комиссия көрінбейді. Тек орап ғана шкафтың ішіне салып қойған. Бізге керек оқу құралдары еді. Ол бұл күнге шейін басылған жоқ. Басылса, соңғы 1-2 айдың ішінде басылып отыр. Олар да баяғы шыққан оқу құралдары. Оған жаңаланып кітап қосадық деп жазған, ойланған біреуі де жоқ. Енді осы жиналған әдебиеттерді іске асырумен бірге, оқу құралдарын шығарып, халық-ағарту істеріне, баспасаөз, жалпы матбуғат реттеріне берілуіміз керек. Оның үшін де бұл істерді керекті біліп, шын ынтасымен міндетті бір іс істеп кірісетін қазақтан жазушы азаматтар керек. Бұл бір.
Екіншісі, бұл күнде мектептер ашылып, мұғалімдеріміз көбейді. Тіршілік, шаруашылық аз да болса, ілгеріленіп көрінбейді. Кеңес үкіметінде отырып та, әдебиет, тіл жағымызға қызмет етерлік бұл күнге шейін бір жол көрсетілген жоқ. Оның үстіне күн көру, тіршілік ауырланған соң, халықтың денсаулық жағы да нашарға айналып барады. Сондықтан осы кемшіліктерді аз да болса түзеуге тырысып, жол көрсетіп, жөн сілтеп отыру үшін қазақша айына екі рет шығып тұратын бір журнал керек.
Журнал саясат, білім, әдебиет, оқу, шаруа мен денсаулық жайларынан халыққа жолбасшы болсын. Олай болу үшін де, оған жазушылар керек.
Орынбордағы қазақ азаматтары, «Білім туы» атында бір журнал шығармақшы болған екен. Орынбор Қазақстан хүкметінің астанасы болып саналса да, онда баспахана істері нашар, Ташкент бай, жазатын азаматтарға келсек, Орынбор бай, Ташкент кедей. Сондықтан бұл туралы мен ойлаймын Қазақстан, Түркістан деп бөлінбей, күшті де бөлмей, уақытша жалпы қазақ атында бір-жақ журнал болсын деп.
Журнал Ташкентте басылады. Басқармасы да Ташкентте болады. Тек Орынбордағы азаматтардан жазушылар коллегиясы құрылып, материалдарын Ташкент жібереді. Һәм Ташкенттен де жазушылар коллегиясы құрылады. Сөйтіп барып шыққан журналды екі үкімет бөлісіп алатын болады.
Журнал әсіресе, осы айтылғандай оңай келіп тұрғаны болмаса, көп күшті тілейді. Сондықтан бұл туралы уақыттарын тыйып, жазушылық істеріне жәрдем берер деген азаматтардың аттарын атап, осы топқа ұсынғым келеді. Һәм осы азаматтар қанша ауырлық келсе де, халық пайдасы үшін біраз білімдер мен қаламдарын аямақ деген үміттемін. Олар:
Орынбордан – 1) Діншіл Әділов 2) Жүсіпбек Аймауытов 3) С.Хасенғали 4) Ахмет Байтұрсынов 5) Ахмет Бірімжанов 7) Хайреддин Болғанбаев 8) Әлихан Бөкейханов 9) Ахмет Кенжин 10) Бернияз Кулешев 11) Сейітқали Мендешев 12) Елдес Омаров 13) А.Сәдуақасов 14) Мұхтар Саматов 15) Ғигали Сәрсенов 16) Сәкен Сейфуллин.
Ташкенттен-1) Гүлсім Асфандиярова, 2) Санжар Асфандияров 3) Б.Алманов 4) Ғазымбек Бірмұханов 5) Қ.Бөрібаев 6) Кәрім Жаленов 7) Әубәкір Диваев 8) Х.Досмұхамбетов 9) Жананша Досмұхамедов 10) М.Дулатов 11) Мырзагазы Есболов 12) Иса Қашқынбаев 13) Қазмұхамед Күлетов 14) М.Кенжебаев 15) А.Мәмбөеев 16) Д.Омаров 17) И.Табынбаев 18) М.Қажыбаев 19) Иса Тоқтұбаев 20) Нәзір Төреқұлов 21) Ф.Оразбаев 22) Сұлтанбек Қожанов деп сөзін білдірді.
Баяндамадан кейін нұртүрлі сұраулар беріліп, мәжіліске біраз тартыс кірді. Ақырында бір ауыздан мәжіліс мынадай қаулыға келді:
Журнал шығарылсын! Бастырушы халық ағарту комиссариаты болады. Үнемі жазатындар жоғары айтылған 28 кісі болады. Жазушылар коллегиясына 5 кісі кіреді. Олар: 1) Дулатов М. 2) Тоқтұбаев И. 3) Табынбаев И. 4) Күлетов Қ. 5) Досмұхамедов.
Мұны жолға қою, ұйымдастыру, Орынбордағы азаматтармен сөйлесу білім комиссиясына тапсырылды.
Оқу құралдары туралы айырықша жазушылар құрамасы түзіліп, оған кіргендер мыналар: 1) М.Дулатов 2)Табынбаев 3) Жаленов 4) Мәмбетов 5) Е.Омаров 6) Басимов 7) И.Тоқтыбаев 8) Сарыбаев 9) И.Қашқынбаев 10) Байсейітов 11) Халел Досмұхамедов.
Бұлар ең алдымен, бірінші басқыш бастауыш мектептердің программасын қолға алып, программа бойынша, бірінші басқыш бастауыш мектептерге оқу құралдарын даярламақ. Бұларды іске қосу, қызметтер беру – білім комиссиясының ісі.
Үшіншісі, білім тілі (научный термин) туралы өз алдына жеке білім комиссиясы жанына, комиссияшылық құрылатын болды. Оған кіргендер: 1) Көпербаев 2) М.Дулатов 3) Ж.Досмұхамедов 4) Е.Омаров 5) Ә.Диваев 6) Тынышбаев 7) Бірімжанов 8) Досмұхамедов 9) Васимов 10) Қ.Кулетов.
Һәм бұл білім туралы «Ақжолда» журнал шыққанша, номер сайын терминдер басылып тұратын болды. Ол басылған терминдер білім тілі комиссияшылығының қарауына түсіп де, сұрылтылып, жарамдысы қолданылмақ. Сонымен бұл күні мәжіліс тарқалды.
Түркістанға Кеңес үкіметі орнағалы бері, газет-журнал дегендер, ауызға да алынбай, тіпті халық-ағарту жолындағы әдебиет, оқу-құралдарын қайғыртқан комиссия дегеннің аты да аталмаушы еді.
Қазақ ісіне келгенде қазақ мұғалімі бір-екі бастауыш мектебі болмаса, құлаққа ұрған танадай еді. Биыл «Ақ жол» шығып жатыр. Соған кейінгі іс түрі мынау, ал өнімнің қандай боларын келешек көрсетер.
Енді қолдарынан жазу келетін талапты азаматтар мен мұғалімдер! Бұған іске жәрдем беріп, қолдау сіздердің істеріңіз. Сондықтан мына жобалашы болып жүрген ағаларыңа қолғабыс қыл, қосыл бол! Іске сәт!
O.Ғ. «АҚ ЖОЛ» №24. Cәрсенбі, февраль, 1921 жыл
Халық-ағарту жайы
Іштері, сырттары соғыстар тоқталып, Кеңес үкіметі енді мемлекет құрылысы, халық тұрмысын түзеу шарасына кіріселі отыр. Бұл мақсаттарға жету жолында, жұмыла қимылдау жалыпаға міндет, борыш.
Бұл ені жұмыста басқа біздің қазақ-қырғызға, өзге елдерден артықша күш салатын екінші мәселе қайсы?
– Сөз жоқ: оқу-оқыту, яғни халық ағарту мәселесі.
Оқу жайы бізде бұрын қандай күйде болғаны, қазір қалай екені белгілі. Бұл күнде Кеңес үкіметі сауатсыздықты жоюғағымыз, балалар түгіл хат танымайтын үлкендерде болмасын. Бізде қазір үлкендерді оқытатын түгіл, ең азы бастауыш мектептер үшін оқу құралдары жоқ. Мектептен тысқары кітапханаларға жастар мен үлкендер оқитындай кітаптар да жоқ. Бастауыш мектептерде, оқытатын жетіспейді мұғалімдер жоқ. Саны аз, білім кем, оқырлық олай, мұғалімдерімізге жобалас кітаптар жоқ, шығып тұрар журналдар жоқ. Қалада болсын, далада болсын бірде-коммуна мектеп үйі жоқ. Мұғалімдер даярлап шығарылатын семинария я, не бір институт жоқ.
«Жоқтарды» тізіп жатыр, бар нәрсе аз.
– Бұған не шара?
Оқытудың керекті айтып отырғаны заман әкені. Енді халықтың көзін ашу кезінде кірісеуден басқа нәрсе қалмады.
Оқусыз назар күйіндесінен болмасын, кейдіке не болуымыз көп. Олай болса бар күшімізді, алдымен халық-ағарту жолына жұмсамау болмайды. Біздің қазақ-қырғыздың жері Қазақстан, онай кейбір Түркістанның кейбір республикалық қызметкерлері бұл туралы акция басшылық, бір іс, бір жобамен іске кірісе ғана, бұл жұмыс жүзеге асады.
Ескерген.
Бұл комиссияларға кірген азаматтар, басқа қызметтерден азат болдырып. Екі комиссия дейім хабарласып тұрып, бірінің жазғанын бірі, тәржіме қылғанын бірі әзбағатын болсын.
Жаңа шыққан кітаптар тоқтаусыз басылатын шарасын қарастырылсын.
Сөз (термин), программа бір шынай болсын.
Бүгіннен бастап, оқытушылар даярлайтын курстар, семинарлар ашудың қамына кіріссін. Оқытушыларды қазіргідей ана қызметте бір, мына жұмысқа бір әкеліп, көппар тартқандай қылу тоқталсын.
Бұл айтылғандар ескіше жат, жаңа нәрсе болмағанмен бұл күнге шейін, халық-ағарту жұмыстары көңілдегідей жолға қойылмай келеді. Жаңадан оқу құралдарын жазылу бұлай тұрсын, бұрынғы азын-аулақ кітаптардың өзі бұл күнге шейін басылмағандықтан, мектеп балалары мұғалімнің аузына қарап құр қол отыр.
Жаңадан мұғалімдер даярлайтын курстар, семинарлар ашылу былай тұрсын, бұрынғы Семейдегі қазақ семинариясы оқытушылар жоқтығынан жабылғандығын газеттерден көріп отырмыз.
Қазір Ташкенттегі қазақ-қырғыз институты, Семей семинариясының аянышты күйін соғып отыр.
Түркістан Республикасындағы қазақ-қырғыз жырындағы қызметтер тағайындау міндетін өз үтінен алып отырмақ. Түркістан қасындағы қазақ-қырғыз білім буған «Маржани» атты кезіндегі қырын ескеру біріңғай жастар оқытушыларын ылғи оқып жүрген орындарына қайтармаса, қызметке үтігі, қиыншы босқа келіп, қазақ-қырғыз ағартушыларының саны азаяр.
Халық-ағарту жұмысы келіп бастау дегеніміз болса, халықтың тезірек көзін ашу жұмысына іске кіріспесек түк нәрсе кам жетім болмайды. Мүшеңз асыққанымыздың бері тұрғыз, тиянақсыз ашылады.
Күншығысұлы. «АҚ ЖОЛ» №12. Жексенбі, 9 январь, 1921 жыл
ДЕНСАУЛЫҚ, МЕДИЦИНАҒА БАЙЛАНЫСТЫ МАҚАЛАЛАР
Оба қалай жұғады?
Оба ауруы тек ауыз арқылы, ластанған тағам, қайнатпаған су, лас қолдан жұғады. Өкпе, қан арқылы жұқпайды. Мәселен обаның нәжісі алып қолыңа сүртсең ауырмайсың. Сондықтан оба шыққан үйден ас ішпеу керек. Обамен ауырған кісінің нәжісі, құсығының шашырағаны суға, сүтке, майға, киімге тисе, оны жеген, тұтынған адам ауырады. Соның үшін де обамен ауырған, ауырып жазылған адамдардың киімдерін өзеннің, судың жағасына апарып жумау керек. Адамдар құдықтан су алмау керек.
Обаны тарататынының бірі шыбын. Шыбын қонақ үшін астың бетін жауып қою тиіс. Обадан жазылып тұрған адамдарды 15-20 күн өткеннен кейін үстап ұстау керек. Олардың ішінде обаның микробтары болады. 15-20 күн өтпей, оларға жанасуға болмайды.
Кім обамен тез ауырады?
Сау кісінің қарнында қышқылдық (кислота) болады. Ол микробтарды жояды, микробтар өлмейді. Егер микробтар қарнынан іріңді ішек өтсе, кісі ауырады. Сондықтан кімнің қарнында ірің аз болса, сол ауырады. Қышқылдың аз болуына байланысты ашыққан адамдар тез ауырады. Ал тоқ адам көпке дейін ауырмайды. Қарны аш кісі ішекке кірген микробты өлтіре алмайды, қышқылы аз болған соң, жасы жеткен кісілер обадан тез ауырады.
Егерде үйде обамен біреу ауырса, не істеу керек?
Докторға айт, ауруханаға бар, бұл болмаса, үйдегі, қоныстардағы басқа кісіге жұқпауын қарастыру керек. Соның үшін құсығын, нәжісін, зарарсыздандыру, болмаса ыстық су құйып, кейін сон құдықтан аулақ күн түсетін құрғақ жерге апарып көму керек. Аурудың құсығын, нәжісін темір шелекке жинап әбден қайнатып, төгу керек. Аурулы үйде ас жеуге болмайды. Қоныстарға қатынасуға болмайды. Аурудың киімдерін қайнату тиіс. Ең жақсысы ауруханаға жатқызу керек.
Обадан ауырғанды қалай емдеу керек?
Обаның белгілі бір ауру дәрісі жоқ. Құсық пен іші өту мен көп сұйықтық жоқ болған себепті адамның қаны қойылады, тамыры жуылады. Сондықтан докторлар тамырға сұйық дәрі жібереді. Ішінде, аузына қарнына жылы су қою керек.
Ауру өте өліс жатқан төсектің киімдерін 1 сағаттай карболка кес салып, сосын қайнатып алу керек, болмаса бірнеше рет ыстық су құю тиіс.
1921 жыл, 26 июль, №80
ӨНЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАҚАЛАЛАР
Ұлт мәдениеті
Ескі дәуірдің білім көзін ашуға кедергі болатын пердесін ашып, жалпы еңбекшілерді әсіресе, Күншығыс халқын мәдениетке ұмтылу керек.
Ортақшылдық мәдениет өрнегін орнатушы басшы болу керек. Қазір, Күншығыста ескі руханилар мен зиялылар арасында тартыс бар. Соңғылар жаңа емле қолданып, мәдениет өсуіне ыждаһат етеді.
Кеңес хүкметімен Ортақшыл партия, езілген ұлттар арасынлағы жаңа бағытты қолдауы тиіс. Ортақшыл пария тұрғын халық еңбекшілрімен байланысты болып, олардың мәдениеті өсуіне жәрдем беру үшін тұрғын халықтың тілін біліп, еңбекшілері түсінетін тілде ұғындыруы тиіс!
1921, 15 март
Кеселханаларыды жеңілдету салыдың
Ташкенде кеселханалар, толып берпіген сонша, кеселінен ауырып кеткендері жатқызар телефондар жатқызарға жер болмағандықтан қайтарылып жіберілді.
Кеселханаларды жеңілдету үшін денсаулықты сақтаушы комиссариат арнап жасады.
1921 жыл 7 октябрь №94
ӘДЕБИ КЕШ, РУХАНИ КЕШ, САУЫҚ КЕШТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МАҚАЛАЛАР
Әдебиет кештері
Қармақшыда қазақ жастары әдебиет кешін жасады. Ойналған: «Балшабай» деген бір перделі кітаптар болды. Әдебиет бөлімі – декломация, ән һәм басқалар болды. Ойынға жалғыз еркетер ғана емес, қыз-қатындар да қатысты. Жиылған адамдар болып, ойнаушыларға көптен көп рпхмет айтты. Енді осындай әдебиет кештері көбейіп, жұртқа үлгі беруін тілейміз
Ақмешіттің жастар тарапынан ноябрьде, надандықпен күресу жетісінің күні әдебиет. Орындаушылар да өз рольдерін жақсы шығарып көңілді өтті. Ойналған кітаптар, «Қалмаған салтым» дейтін пьесса, жиналған адамдар тіпті көп еді. Һәр перденің арасында түрлі насихат сөздер, тақпақтар қазақ балалары тарапынан хор, өлеңдерайтылды. Орындаушылар да өз рөльдерін жақсы шығарып көңілді өтті.
«Ақжол» №14. Жұма, 14 январь, 1921 жыл
Әдебиет кеші
Өткен, 29-шы декабрьде Ақтөбе уезі Батпақты болысы 11-ші ауылдағы Батпақты мектебіндегі оқушылар тарапынан әдебиет кеші ұйымдастырылды. Сауыққа ауылдың ақсақалдары, қарасақалдары, әйелдер мен қыз-келіншектерге дейін түгел келді. Жиналған қауымның көбі үйге сыймай, есік көзінен тыңдады.
Сауықта, учитель мұғалімдер жиналған жұртқа әдебиет кешінің мәнін түсіндіріп, сөз сөйледі. Кейін балалар тарапынан әртүрлі ән, хор, декламациялар қойылып, жиналған әлеумет өте көңілді тарасты, ойын қызықты өтті.
Мұғалім — Ахмет. «Ақжол» №14. Жұма, 14 январь, 1921 жыл
ЖАҢА КІТАП-ЖУРНАЛДАР
Қазанда басылып жатқан қазақша оқу кітаптары
Бастырылуға берілген кітаптар:
«Баяншы» Ахметтің 30000 дана«Оқу құралы» 50000 дана«Тіл құралы І» 25000 дана«Тіл құралы ІІ» 25000 дана«Есеп құралы І» Міржақыптың 25000 данаЕсеп құралы» 25000 дана
Қазіргі уақытта осы кітаптардың кейбірі басылып бітті және Орынборға жеткізілді. Олар: «Тіл құралы 1» (35000 дана). Қағаз дайындалып жатқан кітаптар: «Баяншы», «Тіл құралы 2», «Есеп құралы 2», «Қирағат». Ал «Есеп құралы 1» мен «Оқу құралы» жартылай басылып тұр. Бұл кітаптарды басуға жеткілікті қағаз алынды, және басылуға дайындалуда. Сонымен қатар, тағы да «40 мысал», Абайдың өлеңдері, және газет-журналдарда жарық көрген таңдаулы өлең-жырлар кіреді.
Осы кітаптарды басып шығарып жүрген жігіт – Бернияз Көлеевұлы. Ол 29-шы қазан күні Орынборға кітап алып келді, жақында қайтадан Қазанға жүргелі жатыр.
«АҚ ЖОЛ» №6. Жұма, 24 декабрь, 1920 жыл
Балалар құқығының жиын кітабы
Наркомпростың балалар құқығын қорғағыш комиссия, балалар құқығы турасында үш жылдың ішінде заң-низам, ереже һәм тәртіптерді жиып, бір кітап қылып шығармақ болған. Низамның көбі балаларды асырау, үлгілендіру, оқыту һәм олардың қамын жеу турасында шыққандар.
«АҚ ЖОЛ» №17. Сенбі, 22 январь, 1921 жыл
ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
Матбуғатшылар съезі
Ташкентте 14-19 желтоқсан аралығында Түркістандағы баспасөз қызметкерлерінің съезі өтті. Съезге орыс және мұсылман өкілдері әр тараптан келді. Бұхара, Түркістан, Әндіжан және Самарқандтан да өкілдер қатысты. Съезд жұмыстарын жолдас Сафаров, партия комитетінің жастар ұйымы, «Ақ жол», «Известия», «Қызыл байрақ» басылымдарының және басқа да баспасөзге қатысы бар бөлімдердің өкілдері бірлесіп жүргізді.
«АҚ ЖОЛ» №6. Жұмам, 24 декабрь, 1921 жыл
Мұсылмандар курсы
Ескі қалада 15-ші қаңтардан бастап үш айлық санитария және жұқпалы ауруларды жою курсы ашылды. Бұл мұсылман курсына қабылдау шарты: мұсылман әріп танып, жасы 18-ден 48-ге дейін болуы керек. Оқушыларға айына 4900 сом ақша және тиісті мөлшермен азық үлесі беріледі.
«АҚ ЖОЛ» №15. Жексенбі, 16 январь, 1921 жыл
Жауынбай Жылқыбай